СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көздің құрылысы мен қызметі.

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 сынып биология пәні бойынша  көздің құрылысы мен қызметі тақырыбында ашық сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Көздің құрылысы мен қызметі.»

Күні: 12.11.2016ж

биология 8 сынып

Сабақтың

тақырыбы:

§18. Көздің құрылысы мен қызметі.

№5 зертханалық жұмыс

Жалпы

мақсаты:

Оқушылардың сезім мүшелерінің адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін одан әрі дамыту. көздің маңызы , құрлысы, қызметі туралы білім беру

Сілтеме

Биология оқулығы, суреттер

Оқу нәтижесі

Оқушылар көз туралы біледі.

Көздің құрылысы бойынша жалпы мағұлмат алады.

Көздің қызметі туралы , көз гигиенасы туралы біледі.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер

АКТ байынша интерактивті тақта, суреттер, қағаз, түрлі-түсті қарандаш, оқулық т.б.

Оқыту әдісі

1.Жеке жұмыс (үй тапсырмасын сұрау).

2.Топпен жұмыс (джиксо1,2 әдісі, постер салу).

3.Сыныппен жұмыс диалог әдісі. (сұрақ-жауап).

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының

іс-әрекеті

Ұйымдастыру: 2 мин.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғазу.

Жұмыс жасау ортасын қалыптастыру.

Сыныпты ортаға шығарып түрлі түсті фигуралар арқылы 3 топқа бөлу.

Сабақ бастар алдында бір –біріне жақсы тілек айтқызу

Өткенге шолу

(үй тапсыр-масы).

5 мин.

Жеке жұмыс (диалог әдісі).

«Қарлы кесек» әдісі

Оқушыларға бір-біріне сезім мүшесі тақырыбында әр түрлі сұрақтар қойғызу.

Өту барысы

Топпен жұмыс

Сыныпты 3топқа бөлі. Топтарға тапсырма:

І. Көздің құрылысы.

ІІ. Көру анализаторларының қызметі.

ІІІ. Көз гигиенасы.

Негізгі бөлім: жаңа тақырып

20 мин

Миға шабуыл: Адам үшін сыртқы дүниені тануда . . . аса маңызды роль атқаратын сезім мүшесі қалай аталады? (Көз).

Көз туралы не білесіңдер?

1. Көрудің маңызы. Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден 90%- дан көп ақпарат алады. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстарды, денеміздің өзін ең алдымен көру арқылы қабылдаймыз. Көруге байланысты тұрмыстық және еңбек дағдыларын, мінез - құлықтың белгілі бір ережелерін орындауды үйренеміз. Көру арқылы жазуға, оқуға үйренеміз. Қоршаған табиғаттағы, сәулет өнері, мүсін өнері, балет, кескіндеме, кинодағы әдемілікті көреміз.
2. Көздің құрылысы. Көз алмасының пішіні шар тәрізді. 2/3 бөлігі бас сүйектегі көз шарасымен қоршалады. Көз алмасын солға, оңға, жоғары, төмен қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер арқылы көз шарасына бекінеді.
Ақ қабық көз алмасына пішін береді. Алдыңғы бөлігі қасаң қабыққа жалғасады. Қасаң қабық жарықты өткізеді. Тамырлы қабықта қан тамырлары көп. Ол көздің барлық ұлпасын қоректік заттармен, оттекпен қамтамасыз етеді. Тор қабықта жарыққа сезімтал рецепторлар: құтышалар мен таяқшалар орналасқан. Қарашыққа қарсы жиналған құтышалар сары дақ, көру жүйкесі шығатын жерді соқыр дақ дейді.
3. Көру қызметі. Жарық көз алмасына қарашық арқылы түседі. Қарашық жарық сәулесін тоғыстау қызметін атқарады. Көзбұршақ жарық сәулесін сындырады да, оларды шыны тәрізді дене арқылы аударылған күйінде көздің тор қабығына бағыттайды. Көзді қимылдататын бұлшық ет заттың кескіні көздің тор қабығына, сары даққа дәл түсетіндей етіп көз алмасын қозғайды.
4. Көрудің бұзылуы. Жас өскен сайын адамның көру қабілеті өзгереді. Көзбұршақ өзінің өзгерту қабілетін жоғалтады. Шыны тәрізді денедегі су азаяды да, көз алмасы қысқарады. Жарық сәулесінің сынуы көздің тор қабығының шегінен шығады. Мұндай жағдайда алысты көргіштік - қырақтылық (дальнозоркость) дамиды. Көрудің кемістігі алыстан көрмеушілік – сығырлық. Бұл кезде көз алмасы ұзындау пішінді болып, сынған сәуле көздің тор қабығына жетпейді. Көз ауруының бірі – жұқпалы ауру көздің қарығуы (конъюнктивит). Бұл кезде көздің кілегейлі қабығы қабынады. Көз ауруларын емдейтін дәрігерді офтальмолог (грекше офтальмос - көз), кейде окулист (латынша окулус - көз) деп атайды.
5. Көз гигиенасы. Қасаң қабықтың бұлыңғырлануы немесе көрмеуі көздің зақымдануынан болады. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу абзал.
1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу.
2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру.
3. Шам жарығын сол жақтан түсіру.
4. Кітапты оқығанда, іс тіккенде көзден 30 - 35 см қашықтықта
ұстау.
5. Теледидарды 3 - 5 м қашықтықтан көру.
6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.
7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
8. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
9. Темекі тартпау, зиянды әдеттерден аулақ болу.
10. Мектеп шеберханасында қорғаныш көзәйнек кию.
11. Шаң - тозаң, микробтардан сақтау.
6. Алғашқы жәрдем. Егер көзге бөгде зат түссе, дереу қайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне қарай жуу керек. Көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу керек. Қолмен уқалауға, сүртуге болмайды. Тек таза, жұмсақ шүберекпен сүрту керек.

5-зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Көру жітілігін анықтау (мектеп медбикесін шақыру
Қорытынды:

К ө з а у р у л а р ы

Бақшаңкөз Коньюктивит Глаукома Тауықсоқыр

Адам үшін сыртқы дүниені тануда көру аса маңызды роль атқарады.

Сабақты қорытындылау.

15 мин

Сыныппен жұмыс.

Кері байланыс, диалог әдісі әр топ бір-біріне сұрақ қойғызу.


Білемін

Білдім

Білгім келеді

Сезім мүшелері және олардың маңызы

Көздің құрылысы мен қызметі

Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі

Үйге тапсырма

§18. Көздің құрылысы мен қызметі.кестені толтыру 72бет.

Бағалау.

3 мин

Топтық аралық (өзін-өзі бағалау).

Сұрақ-жауап арқылы бағалау.