Пәннің аты: қазақ тілі | Күні: .01 | | Сынып-10 |
Сабақтың тақырыбы: | Көзіңіз үшін жаттығулар Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапырмаларды дұрыс орындауға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, жазуға үйренеді. |
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Психологиялық ахуал | – Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Топқа бөлу | Стикерлер | Стикерлер арқылы топтарға бөлу. |
Қызығушылықты ояту | Өзің қандай мәліметтер қосар едің? | Өткен сабақта саған не әсер етті? | |
Сергіту сәті | Өзіңді таныстыр |
Жаңа сабақ | 1.Жаңа сөздермен жұмыс: Халықаралық –международный, ,үзіліс-перемена,жылдам-быстро, қара-смотреть, жыпылықтату-моргать, ашу-открыват, кең-широко, қабақ-брови, түю-нахмурить, таңғалу-удивляться,дөңгелету-круг, кешен-комплекс. Оқылым. Көзді тынықтыруға арналған жаттығулар кешені. Халықаралық стандарт бойынша, монитор алдында жұмыс істеген кезде ересек адамдар әр 1 сағат, ал балалар жарты сағат сайын үзіліс жасап отыруы тиіс. 1. Монитордан теріс қараңыз да, көзді жұмып, ашпай тұрып, 10 рет жылдам көзіңізді қысыңыз. Көзіңізді недәуір үлкен жиілікпен және амплитудамен ашуға тырысып, 10 рет жақсылап көзіңізді жыпылықтатыңыз. Ең соныңда, қатты таңғалғандай, 10 рет көзіңізді кең ашып, қабағыңызды түйіңіз. 2. Саусақтарыңызға жылу тарайтындай етіп, алақаныңызды күшпен ысқылаңыз. Саусақ ұштарымен көздеріңіздің жанында шекеңізді дөңгелете уқалаңыз. Бұлай еткенде, оң қолыңыздың саусақтары сағат тілі бағытымен, ал сол қолыңыздың саусақтары оған қарсы қозғалуы тиіс. Жартылай жабық қабақтарыңызды еркін ұстаңыз. Бұл жаттығулар кешені көзге «қызмет ететін» бұлшық еттер мен тамырларға әсер етеді. 3. Тағы бір тиімді жатығулар кешені мынандайлар. Терезеге қараңыз. Арқаңызбен мойыныңызды бос ұстап, көз көрер қашықтықтағы ең бір алыс нүктеге қараңыз. Терең тыныс алып, назарыңызды мұрыңыздын ұшына аударыңыз. Тыныс алып, тағы да алыс нүктеге көз қадаңыз. Тағы да тыныс алып, қайтадан қабағыңыздын арасына қараңыз. 4. Көздеріңізді еркін ұстап, жартылай жауып, көздеріңізді жаймен айналдырыңыз. Алдымен бір жаққа, содан соң басқа жаққа қарай бес-бестен толық айналым жасаңыз. Осы жаттығуды 30 секунд бойы жасаңыз. 5. Көздеріңізді жабыңыз. 30 секунд бойы оларды саусақ ұштарымен уқалаңыз. 6. Басыңызды оңға, солға, жоғары, төмен айналдырыңыз. Бірнеше айналым жасаңыз. 7. Әдемі бір суретке немесе терезе сыртындағы көрініске байыппен назар аударыңыз. Көзіңізді 10-20 секундқа жабыңыз. Ойша суреттің ішіне кіріңіз. Басында рама шеңберіне салынған көріністерді көзіңізге елестетіп, содан сон раманы ысырып тастап, сол жаққа серуенге аттаныңыз. Осы бір жақта өзіңіздің жаныңызға жайлы мекен тауып алып, сол жерге жайғасыңыз. Деніңізді еркін ұстап, қалай жақсы тыныққаныңызды сезініңіз. Қима парақшалармен жұмыс 2.Мәтінмен жұмыс 3- топқа бөлу Жазылым . Карточкамен жұмыс:етістіктің шақтарына байланысты тапсырмалармен пысықтау Дәптермен жұмыс Тапсырмаларды топтарда бөліп орындау Сұрақтарға жауап беріңіздер 1. Сіздер компьютерде көп жұмыс істейсіздер ме? -Компьютерде көп уақыт отырғандарыңды ата-аналарың құптайды ма? |
Рефлексия | Екі жақты күнделік стратегиясы Кітаптағы жазбалар | Менің жаңалығым | | | |
Үйге тапсырма | Өз ойыңды қағазға түсіріп, 5 сөйлем жаз, етістіктің шақтарын қайталау, жаңа сөздерді жаттау | Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс | Бағалау парақшаларын толтыру. Смайликтер арқылы кері байланыс орнату | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
Оқып, аудар
Көзді тынықтыруға арналған жаттығулар кешені.
Халықаралық стандарт бойынша, монитор алдында жұмыс істеген кезде ересек адамдар әр 1 сағат, ал балалар жарты сағат сайын үзіліс жасап отыруы тиіс.
1. Монитордан теріс қараңыз да, көзді жұмып, ашпай тұрып, 10 рет жылдам көзіңізді қысыңыз. Көзіңізді недәуір үлкен жиілікпен және амплитудамен ашуға тырысып, 10 рет жақсылап көзіңізді жыпылықтатыңыз. Ең соныңда, қатты таңғалғандай, 10 рет көзіңізді кең ашып, қабғыңызды түйіңіз.
2. Саусақтарыңызға жылу тарайтындай етіп, алақаныңызды күшпен ысқылаңыз. Саусақ ұштарымен көздеріңіздің жанында шекеңізді дөңгелете уқалаңыз. Бұлай еткенде, оң қолыңыздың саусақтары сағат тілі бағытымен, ал сол қолыңыздың саусақтары оған қарсы қозғалуы тиіс. Жартылай жабық қабақтарыңызды еркін ұстаңыз. Бұл жаттығулар кешені көзге «қызмет ететін» бұлшық еттер мен тамырларға әсер етеді.
3. Тағы бір тиімді жатығулар кешені мынандайлар. Терезеге қараңыз. Арқаңызбен мойыныңызды бос ұстап, көз көрер қашықтықтағы ең бір алыс нүктеге қараңыз. Терең тыныс алып, назарыңызды мұрыңыздын ұшына аударыңыз. Тыныс алып, тағы да алыс нүктеге көз қадаңыз. Тағы да тыныс алып, қайтадан қабағыңыздын арасына қараңыз.
4. Көздеріңізді еркін ұстап, жартылай жауып, көздеріңізді жаймен айналдырыңыз. Алдымен бір жаққа, содан соң басқа жаққа қарай бес-бестен толық айналым жасаңыз. Осы жаттығуды 30 секунд бойы жасаңыз.
5. Көздеріңізді жабыңыз. 30 секунд бойы оларды саусақ ұштарымен уқалаңыз.
6. Басыңызды оңға, солға, жоғары, төмен айналдырыңыз. Бірнеше айналым жасаңыз.
7. Әдемі бір суретке немесе терезе сыртындағы көрініске байыппен назар аударыңыз. Көзіңізді 10-20 секундқа жабыңыз. Ойша суреттің ішіне кіріңіз. Басында рама шеңберіне салынған көріністерді көзіңізге елестетіп, содан сон раманы ысырып тастап, сол жаққа серуенге аттаныңыз. Осы бір жақта өзіңіздің жаныңызға жайлы мекен тауып алып, сол жерге жайғасыңыз. Деніңізді еркін ұстап, қалай жақсы тыныққаныңызды сезініңіз.
Мына сөйлемдердегі етістіктердің шақтарын ажырат.
Марат теріс қарап отыр. Айман көзін қатты жұмып алған. Сауле 10 рет көзін жылдам қысатын. Ағам көз жаттығуларына қатты таңғалды. Танат көзі ауырғандықтан дәрігерге көрінбек болды.
Мына сөйлемдердегі етістіктердің шақтарын ажырат.
Олжас көзін еркін ұстап тұр. Жартылай жабылған, көздерін жайымен ашты. Күн сайын құрбым көзімен алдымен бір жаққа, содан соң басқа жаққа қарау арқылы бес-бестен толық айналым жасайтын. Мен де осы жаттығуды 30 секунд бойы жасап жүрмін.
Мына сөйлемдердегі етістіктердің шақтарын ажырат.
Әсем әдемі бір суретке немесе терезе сыртындағы көрініске байыппен назар аударатын. Көзіңді 10-20 секундқа жауып отыр .Содан кейін ойша суреттің ішіне кірмек болыңыз. Басында рама шеңберіне салынған көріністерді көзіңізге елестетіп, содан сон раманы ысырып тастап, сол жаққа серуенге аттан. Осы бір жақта өзіңіздің жаныңызға жайлы мекен тауып алмақшы болып, сол жерге жайғасатын болыңыз. Деніңізді еркін ұстап, қалай жақсы тыныққаныңызды сездіріңіз.
Мына сөйлемдердегі етістіктердің шақтарын ажырат.
Тағы бір тиімді жатығулар кешені мынандайлар. Терезеге қарап отыр. Арқаңыз бен мойыныңызды бос ұста, көз көрер қашықтықтағы ең бір алыс нүктеге қарайтын бол. Ол терең тыныс алды, назарын мұрнының ұшына аудармақ болды. Тыныс алып, тағы да алыс нүктеге көз қадап отыр. Тағы да тыныс алып, қайтадан қабақтың арасына қарады.
Мына сөйлемдердегі етістіктердің шақтарын ажырат.
Саусаққа жылу тарайтындай етіп, алақанды күшпен ысқылайтын. Саусақ ұштарымен көздің жанында ғы шекеңі дөңгелете уқаламақшы болды. Бұлай еткенде, оң қолыңыздың саусақтары сағат тілі бағытымен, ал сол қолыңыздың саусақтары оған қарсы қозғалатын. Сол кезде сіз жартылай жабық қабақтарыңызды еркін ұстадыңыз.
Мына сөйлемдердегі етістіктердің шақтарын ажырат.
Олжас көзін еркін ұстап тұр. Жартылай жабылған, көздерін жайымен ашты. Күн сайын құрбым көзімен алдымен бір жаққа, содан соң басқа жаққа қарау арқылы бес-бестен толық айналым жасайтын. Мен де осы жаттығуды 30 секунд бойы жасап жүрмін.