СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ҚР тамақ өнеркәсібі

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібі туралы мәлімет беретін сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«ҚР тамақ өнеркәсібі»




Тақырыбы:

Тамақ өнеркәсібі

Мақсаты:

Тамақ өнеркәсібі – АӨК-нің ІІІ кезеңі ретінде қарастырып, оның құрамы мен құрылымын және ерекшеліктерін анықтап, білу.Оның салалық құрамы мен орналасу факторларын қарастыру.

Күтілетін нәтиже:

Тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін тақырыптық карталар мен суреттер бойынша сипаттайды. Оны кескін картаға түсіру арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамытады.

Ресурстар:

Қазақстанның экономикалық картасы, 9-сынып атлысындағы тақырыптық карталар

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

О

й


ш

а

қ

ы

р

у

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

Үй жұмысын тексеру кезеңі

(5мин)

Ең алдымен кескін карталарын тексереді. Мал шаруашылығының тапсырмаларын тексеру. Ашық тест сұрақтары:

Өткен тақырып бойынша тест өткізу:

Жауаптары: 1-А 2-Б 3-Д 4-Е 5-А 6-А 7-С 8-Е 9-Д 10-Б 11-Д 12-А 13-Е 14-Д 15-А 16-С 17-Е 18-А 19-бір неше жауап А-дан басқасы 20- жауап жоқ 21-Д 22-Б 23-Д 24-Б 25-Е

Кескін карталарын мұғалімге тексертеді. Тапсырмаларын тексертеді. Тестке жауап береді.


  1. Қой шаруашылығы

  2. Марал шаруашылығы Алтайда, Бұқтырма өзенінің аңғарында өсіріледі.

  3. Жүн, тері, былғары.

  4. Пантокрин

  5. Биязы жүнді қойдан алады.

  6. Шошқа шаруашылығы

Дайын жауаптары арқылы өз-ара бағалайды.


Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

(6 мин)

«Ой қозғау»

1. Агроөнеркәсіптік кешеннің ұқсатушы факторларына қандай салалар жатады?

2.Сендердің облыстарыңда тамақ өнеркәсібінің қандай салалары жақсы дамыған?

3. Күріш өнімдері қай ауданда өсіріледі?

Картамен жұмыс

Тамақ өнеркәсібінің таралуы картасынан аймақтар бойынша тамақ өнімдерінің таралуын анықтайды

Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

          1. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері жатады.

          2. Сүт, кондитер, нан пісіру және жеміс-көкнісөнеркәсібінің салалары.

          3. Арыс өзенінің бойында.

М

а

ғ

ы

н

а

н

ы


т

а

н

у

Жаңа тақырып кезеңі

(10 мин)

Видео көрсетіп Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің дамуынның негізгі бағытын анықтату.

1. Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады

2. Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады

3. Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады

Топтық тапсырма:

Мұғалім жаңа тақырыпты меңгеру үшін топтарға «Жигсо» әдісі бойынша өз мәтінін топта талқылап, ортаға салуды тапсырады.

І топқа Тамақ өнеркәсібі

ІІ топқа Ет өнеркәсібі, ұн тарту-жарма өнеркәсібі

ІІІ топқа Қант, сүт өнімдері өнеркәсібі

ІҮ топқа Балық өнеркәсібі, Нан пісіру

Оқушылардың жауаптары:

1.Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.

Көптеген «тамак өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құрал-жабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.

Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.

Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант өнеркәсібі (Алматы, Жамбыл) географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде «тәтті өнімді» дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді.

Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.

Жеміс-көкөніс өнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкеніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе, Алматы облысында орналасқан.

Шикізат кезіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнер- кәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады.

Саланың басты кәсіпорны - «Атыраубалык» АҚ (Балықшы а.). Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді.

Түтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді.

Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұксайды. Ең ірі кондитер өндірісі - Алматы мен Қостанайда, шай - Алматыда, макарон енімдері - Петропавл қаласында орналасқан.

Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен айналысады.

Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау кеп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең «сүтті» аудандары - Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2 орындарды бөліседі. Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті, т.б.) өнімді пайдаланатын орталықтарға «бекітілсе», ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі - шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға - комбинаттарға біріктіріледі.

Жаңа тақырыпты бекіту

(12 мин)

1. Тақырыпты бекіту үшін мәтін аралығындағы 124,125,126 суреттерді талдау тапсырмасын береді. 249-250 беттегі 1,3 тапсырмаларды орындайды.

124,125,126 суретті талдайды. 1,3 тапсырмаларды орындайды.

О

й


т

о

л

ғ

а

у

Сабақты қорытынды

лау кезеңі

(5 мин)

Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды.

Сүт өнеркәсібі кәсіпорындарын орналастырудың ерекшелігі неде?

Сұрақтарға қолдарын көтеріп карта бойынша жауап береді.

Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары(пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға жақын орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау көп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған.

Бағалау кезеңі

(3 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

§36 оқу; Тапсырмаларын аяқтамаған жағдайда оларды соңына дейін аяқтау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

(1 мин)

Кері байланыс орнату

Стикерге аттарын жазып, ілінген жаймадағы тақырыпты меңгеру деңгейлеріне байланысты жапсырады.