СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Құстар патшалығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Құстар патшалығы

Просмотр содержимого документа
«Құстар патшалығы»

«Күншуақ» шағын орталық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 14.01.22ж.

Тәрбиеші: Жәкіш Г.А

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану.

Өтпелі тақырып: «Қыстайтын құстар»

Тақырыбы:«Құстар патшалығы»

Мақсаты: Балалардың жабайы құстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыстайтын және жыл құстарының атауларын айыра білуді үйрету. Құстарға қамқорлықпен қарауды тәрбиелеу, қиын уақыттарда оларға көмек беруге тілек білдіру

Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау.

Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырып бойынша иллюстрациялық материалдар, əліппе-дəптер, бояу қарындаштар, «Жыл құстары жəне қыстап қалатын құстар» тақырыбында суреттер, құстың қауырсыны, су құйылған ыдыс, құстардың суреттері, кесуге арналған суреттер.

Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы):құстар-птицы, қанат-крылья, денесі-туловище, құйрығы-хвост, жыл құстары-перелетные птицы, қыстап қалатын құстар-зимующие птицы.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық

Өлең оқып, оқу қызметіне жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Тырналар

Аспанда самғайды

Тырналар тізіліп.

Біреуі қалмайды,

Қатардан үзіліп.

Сақтайды сапарда

Бірлікті кім мұндай?

Бұзылмас қатары

Кəдімгі шынжырдай.


Негізгі бөлімі

– Құстар табиғаттың жанды əлде жансыз бөлігі ме?

-Құстардың барлығы ұшып кете ме?

-Туған жернде қалған құстарды қыстап қалатын құстар деп атайды?

-Неліктен құстар жылы жаққа ұшып кетеді?

-Қыстап қалатын құстар қандай?

Қарғалар, ұзақтар, көгершіндер мен торғайлар адамдардың тұрағының маңында өмір сүріп, тағам қалдықтарын жеп үйренген. Олар қыста ешқайда ұшып кетпейді.

-Қанатты достарымыз адамға қандай пайда əкеледі?

- Қыста құстарға кім көмектесуі керек? (Егер біз ең болмағанда бір құсты аман алып қалсақ, онда біз ондаған ағашты құтқардық деген сөз, себебі құстар ағаштарды түрлі зиянкестерден қорғайды).

Жұмбақ шешеді:

Сирағы ұзын,

Тырнағы ұзын.

Балықты сүзбей,

Ұстайтын шоқып,

Тұмсығы бiздей. (Тырна)

Екi айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрiгi. (Қарлығаш)

Тақылдатып,

Мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейдi,

Зиянкестi жазалап. (Тоқылдақ)

Жем көрсе,

Шықылықтап қалтандайды,

Сескенсе,

Жыпылықтап жалтаңдайды. (Сауысқан)

Қара түстi қарқылдақ,

Ұшып-қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем iздейдi там-тұмдап. (Қарға)

Аудиожазбаны тыңдауға шақырады.

Құстар сыртқы түрімен ғана емес, əртүрлі дыбыспен сайрауымен де ерекшеленеді. Сергіту сəті

Екі қанат қазда бар,

Қазды іздесен сазға бар.

Екі қанат құста бар,

Қуып жетіп үстап ал.

-Біз тамақты немен жейміз? (Ауызбен).

-Ал құстар ше? (Тұмсығымен).

-Адамның денесі терімен жабылған, құстардың ше? (Қауырсындармен).

-Бізде аяқ бар, құстарда ше? (Сирақ).

-Біздің қолымыз бар, құстарда ше? (Қанат)

Құстардың дыбыстаумен таныстыру.

Аққу қиқулайды.

Бозторғай шырылдайды.

Бұлбұл сайрайды.

Бүркіт шаңқылдайды.

Көгершін, үкі уілдейді.

Көкек көкектейді.

Қаз қаңқылдайды.

Қарға қарқылдайды.

Қарапайым тəжірибе жасайды: қауырсынды қарастырып, оның өзегі бар екенін, өзектен жіңішке талшықтардың тарайтынын айтады. Қауырсынды суға салады, ол суланбайды деген қорытынды жасайды. Демек құстар қауырсынға бірдеңе жағады (мысалы, май). Қауырсынды бетіне тигізеді – жылы.

- Құстар ұясын неден жасайды?

-Ұя салу үшін құсқа не қажет екенін анықтау.

Тест орындау «Құстың ұясын тап» .

Жұмбақ шешеді:

Талдың басында,

Жемi бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы. (Құс ұясы)

Тал басында түндіксіз отау (Ұя).

Қорытынды.

-Қыстап қалатын құстарды атап көрсетіндер.