Мектепалды даярлық «Қуыршақ »тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметтінің конспектісі
Өткізу күні: 11.09.2019 ж
Тәрбиеші:Абенова М.К.
Білім беру саласы: «Коммуникация »
Пәні: Драма
Өтпелі тақырыбы: «Мен және қоршаған орта»
Мүсіндеу
Тақырыбы:Құстың ұясы (С.Көбеев)
Мақсаты:
Тәрбиелеу: Балаларды құстарға қамқор болуға , ұяны бұзбауға тәрбиелеу.
Дамыту: Сөздік қорларын, өз ойын анық жеткізе білуін, әңгімені сахыналау дағдыларын жетілдіру.
Оқыту: Ертегінің мазмұнымен таныстыру, өз сөздерінмен баяндай білуге үйретуПедагогикалық технология:Түсіндіру, көрсету, ойын, сергіту, сұрақ –жауап, қызықты сәт,мадақтау, қайталау.
Ресурстармен қамтамасыз ету:: Құстар суреті
Көптілділік:Құс - птица
Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері
Сәлем бердім күнге мен,
Сәлем бердім аспанға,
Сәлем бердім жерге мен,
Сәлем бердім саған да
Сәлем бердік қонақтар
Табиғатқа , құстарға
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қүз мезгілі
Ия қазір,күздің соңғы айы қараша!
-Балалар,айтыңдаршы сендер құстар туралы не білесіңдер?
-Құстар үй және дала құстары болып екіге бөлінеді.
-Ал үй құстарының бізге тигізер пайдасы қандай?
-Олардың етін жеиміз,олар бізге жұмыртқа береді!
-Ал,балалар,сендер құстарға қандай қамқорлық жасар едіңдер?
-Оларға жем береміз,үйшік саламыз!
-Ал егер қанаты сынған торғайды тауып алсаңдар сендер не істер едіңдер?
(Көгершіннің дауысы)
-Балалар
-Бүгін біз Спандияр Көбеевтің (балаларға автордың портретін көрсету)«Құстың ұясы» деген әңгімемесімен танысамыз!
Құстың ұясы
Спандияр Көбеев
Балалар ойнап жүріп, ағаштың үстінен бip құстың ұясын көрді. Бұл
ұяның iшiндe балапандар отыр екен. Балалар балапанды алып үйіне әкелді.
Әкесі баласына айтты: «Бұл балапанды ұядан неге алдың,- деп. - Шешесіз
балапандар тұра алмайды: балаларсыз шешeci қайғырады, далада құр өліп
қалады ғой»,- деді.
Балалар балапанды аяп, ұясына апарып қойды.
Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты ойыны»
Балалар әңгімедегі балалар ең алдымен нені көрді?
-Ағашты көрді!
Т:-Ендешеағаштардың қасына барып тапсырмасырмаларды орындайық!
Тапсырма: «Артығын тап» Ортаңғы топ
Мақсаты:Карточканың ішіндегі артық құстарды тауып оны қоршау.
2 кіші топ
«Қандай құс,құрастыр»
Шарты:құс бөліктерін бір-біріне қосып,құсты құрастырып шығу.
Т:-Жақсы балалар тапсырмадан сүрінбей өттіңдер тамаша!-Ал жаңағы балалар ағаштың үстінен нені көреді?
Б:-Ұяны көреді!
Т:-Балалар құстардың дыбысы шығып жатқан жаққа барайықшы!
(Ұяның артындағы тапсырманы орындайды)
Ойын: «Үй және дала құстары»
Шарты: Әуен ойнап тұрғанда барлық құстар шашылып жүреді,әуен тоқтағанда үй құстары тауық қораға,дала құстары орманға қашады.
Т:-Жақсы,ал содан кейінқайда барады?
Б:Үйге барады!
Тапсырма: Тіл ұстарту жаттығуларын біргше қайталау
«Ғай-ғай мынау отырған торғай», «Қарға қарға қарғалар,қар үстінде жорғалар»
-Жарайсыңдар балалар,үйде олар кімге келді?
-Әкесіне келді!
-Әкесі оларға не деді?
-Балалар мұнда балалардың әкесі бір белгілерді қалдырып кетіпті,қараңдаршы бұл белгілер нені білдіреді?
-Ағашты сындыруға болмайды!
-Құстың ұясын бұзуға болмайды!
Сонымен ,балалар құстың ұясымен не істеді?
Ағашка апарып қойды!
(Тәрбиеші балалармен бірге ұяны апарып қояды)
Т:-Ал, балалар сонымен біз бүгін қандай автордың әңгімесімен таныстық?
-Әңгіменің аты қалай?
-Сендерге бұл әңгімеде не ұнады?
-Соныымен құстарға бізден қандай қамқорлық керек екен?