Просмотр содержимого документа
«Күрделі сөздер 4-сынып»
Қазақ тілі сабағы
Сабақтың мақсаты:
Күрделі сөздер бойынша білімдерін пысықтау. Күрделі сөздерді сөйлем ішінен тауып, талдай білуге дағдыландыру. Қос сөздер туралы түсінік қалыптастыру,оның анықтамасын,тыныс белгісін, жасалу жолын ұғындыру.
Психологиялық дайындық
«Дауға салса алмастай қиған,
сезімге салса қырандай қалқыған,
ойға салса қорғасындай балқыған,
өмірдің кез-келген орайында әрі қару,
әрі байрағы, әрі мәңгі жас,
отты да ойнақы ана тілімнен
артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат
не бар екен?»
деп қазақ тілі сабағымызды бастаймыз
Сабақтың ұраны:
Ұқыпты - ұтар
Іздеген - табар
Оқыған - озар
Еріншек - тозар
Үй тапсырмасы:
81- беттегі
48- жаттығу
Тапсырмасы: Ребусты дұрыс шешсең, біріккен сөзден жасалған жануар шығады.
Сөзжұмбақтың шешуі :
Тауешкі
Дәптермен жұмыс:
Көркем жазу
Ее
Әке , тіркес, улкен ,бес.
Әке-шеше, іркес-тіркес, үлкен-кіші, бес-алты.
Әке-шешем ауылдан келді.
-Ауыл десем,
Мал елестер көзіме.
-Ауыл десем,
Дән естілер көзіме.
-Ауыл десем,
Ер саламын құр атқа.
-Ауыл десем,
Ән естілер құлаққа.
Жаңа сабақтың тақырыбы :
«Қос сөздер»
Екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер деп атайды
50- жаттығу
Көре - көре
көсем боларсың,
Сөйлей - сөйлей
шешен боларсың .
Жазуда қос сөздің арасына дефис қойылады.
51-жаттығу
Биік-биік, ыдыс-аяқ, кіп-кішкене, көйлек-көншек, анда-санда, қарқ-қарқ, жап-жасыл.
Қос сөздердің жасалу жолдары:
Мәндес сөздердің қосарлануы
Бір сөздің қайталануы арқылы
Екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы
Қайшы мәндес сөздердің қосарлануы арқылы
Мағыналы-мағынасыз сөздер арқылы
Күшейткіш буын арқылы
Екі мағынасыз сөздер арқылы
Еліктеуіш сөздер арқылы
Қорытынды:
Ойын
«Орамал тастамақ»
Бағалау
Үйге тапсырма:
82-бет 53-жаттығу