СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қыс ертегісі" Сурет салу

Нажмите, чтобы узнать подробности

ортанғы топ бойынша сурет салу сабағы ҚЫСҚЫ ЕРТЕГІ

Просмотр содержимого документа
«"Қыс ертегісі" Сурет салу»

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средный группе

Өткізу күні / Дата проведения: 22.01.2020

Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А

Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық

Пән / Предмет: Сурет салу

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Қысқы қызықтар »

Тақырыбы / Тема: «Қыс ертегісі»

Мақсаттары / Цели

1. Тәрбиелік- воспитательная: Қысқытабиғаттын әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Қиялдау, алған әсерлерін сөзбен жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқыту – обучающая : балаларға қыс мезгілінің табиғатын сипаттауға, өз ойларын хабарлы , синоним сөздерді пайдаланып жеткізуге дағдыландыру.

Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : интербелсенді тақта, суреттер, қағаздан қиылған қар бүршіктері, жыл мезгілдерінің суреті.

Билингвалдық компонент: қыс - зима, қар - снег.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

(Ғажайып сәт)

Қар мен жүрген дыбыс естіледі. Дыбыс қосылады.

Балаларға біреудің кележатқаның айтады.

Неге қар мен жүргенде дыбыс естіледі?

Аққаланың сиқырлы қорап пен хат тастап кеткенің айтады.

Ақ қала балалардан қысертегісінің суретін салып берулерін өтінеді.

Балалар аққаланың тінішін орындауға тырысады


2.Негізгі бөлім

-Балалар суретші қыс мезгілін салғанда қандай көріністі көз алдына елестетеді деп ойлайсыңдар? Суретшіге нені салуға болады?

Педагог сұрақ-жауап әдісімен тақырыпты ашады.

Сергіту сәті: (саусақ жаттығуы)

-Балалар ,бүгін біз қыс көрінісінің суретін саламыз. Көкжиек деген-жер мен аспанның қиылысқан жері.Бәріміз қағазымызды дайындап алып,ашық көк түспен қағаз бетін толық бояп аламыз, қылқаламның ұшымен,жеңіл сүйкей жағу тәсілімен,солдан оңға қарай дәптер бетінің орта тұсынан түзу сызық жүргіземіз.Бұл сызық көкжиек деп аталады, сызықтың жоғарғы бөлігі аспанды,төменгі бөлігі жерді бейнелейді. Төменгі бөлігіне ағаштар мен шыршаларды саламыз, ақ түспен ағаштар мен шыршалардың бұтақтарына жартылай жеңіл ізбен қар түскенін жүргіземіз,ал жерде аппақ түспен мамық қардың суретін саламыз.

Көкжиек сызығының жоғары бөлігіне бұлттарды,жауып тұрған қарды салып көреміз.

Сергіту сәті

Боран соғар оң жақтан.

Боран соғар сол жақтан,

Қар лақтырып ойнаймыз,

Су ағады қолғаптан.

Тілге арналаған жаттығу:

Ша ша ша,

Жап жасыл шырша.

Ар ар ар ,

Қандай аппақ қар.

Ыс ыс ыс ,

Келіп қалды қыс.

-Далада қар жауып тұр

Шыршаларды қар басқан.

Балалар шанамен сырғанап ойнап жүр.Қыс мезгілін сипаттайды.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Бояулармен жұмыс істейді,суреттің мазмұнын нақты беруге тырысады.

Балалар үлгі бойынша сурет салады.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар біз бүгін қандай сурет салдық? Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?Педагог балалардың жұмысына талдау жасайды.

Балалар салған суреттерін бәрі бірге бағалайды.