Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в педготовительной группе
Өткізу күні / Дата проведения: 28.01.2020
Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А.
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Қыстап қалатын құстар"
Тақырыбы / Тема: "Қыс керемет уақыт"
Мақсаттары / Цели.:
1. Тәрбиелік – воспитательная : қыс мезгілі туралы әңгімелеу. жұмбақ шешу, сурет бойынша әңгіме құрастыру, шығарманы әңгімелеп бере білу, құстардың түрлерін ажырату арқылы сөздік қорын байыту, Құстар (торғай және сауысқан) және оларды бір – бірінен қалай ажырату керектігін түсіндіру. Сұрақтарға жауап беру арқылы құстардың түрлерін ажырату, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая Құстарға ғана тән ерекшеліктерді түсіндіру арқылы ксте сақтау қабілеттерін дамыту. Әңгіме бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, ойлау қабілетін дамыту, үлгі бойынша құстардың бейнесін құрастыру қабілеттерін дамыту
3. Оқыту – обучающая : Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға баулу. .. Құстар туралы балалардың білімдерін кеңейтіп, құстар жөнінде мәлімет беру, оған қамқор жасай білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау бойынша педагогикалық технологиялар,ойын технологиясы. ИКТ,игровизормен жұмыс
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение қыстың суреттері, құстардың суреттері
Көп тілділік полиязычие: қыс-зима-winter, қыстайтын құстар-зимующие птицы-wintering birds
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Қоңырау соғылып, тәрбеші есікті ашып, хат әкеледі. Хатты балаларға оқиды.Хат жылы жаққа ұшып кеткен қарлығаштан екен. Қарлығаш хатында құстарға қандай көмек көрсететіндерін , қысқы қандай ойын түрлерін білетіндерін, сұрайды,және балаларға бірнеше тапсырмалар береді.
2.Негізгі бөлім
1-Тапсырма "Жұмбақ шешу."
1.Шанамен зырқып желетін
Шаңғы,коньки тебетін
аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың (қыс)
2.Шелек қалпақ басында
Сәбіз екен танауы
қыста қардан туатын
тауып көрші сен оны (аққала)
3.Қыста ғана болады
ұстасаң қолың танады (қар)
2.Тапсырма
Суретпен жұмыс:
Балалардың назарын тақтаға аудару.Тақтада мнемокестемен жұмыс жасау.
Кестеде қыс туралы әңгіме,Қыста ойналатын ойын түрлері болды.Балалар кестеге қарап әңгіме құрастырды.
3.тапсырма
(құстар туралы аудиозапись қосылады)
Тәрбиеші: Балалар ненің дауысы естіліп тұрған?
Балалар: Құстардың.
Тәрбиеші: Ендеше, біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу- іс-әрекетіміз құстар тақырыбында болмақ. Балалар, ал енді сендер құстар туралы не білесіңдер?
Балалар: Құстар үй құстары және дала құстары болады.
Тәрбиеші: Олардың қандай пайдасы бар?
Балалар: Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады
Тәрбиеші: Құстарды жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай қалай бөлеміз?
Балалар: Қыстап қалатын құстар, жыл құстары болып бөлінеді.
Тәрбиеші: Қыстап қалатын құстарды білеміз бе?
Балалар: Торғай, қарға, көгершін, сауысқан.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұлар суықтан қорықпайды, қыста өз қоректерін тауып жейді Жыл құстары жайлы не айта аламыз?
Балалар: Жыл құстары олар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Құстар қыста ағаш бүршігін, кепкен жемістерді қорек етеді.
Тәрбиеші: Ал адамдар оларға қандай көмек көрсетеді?
Балалар: Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.
Қостілдік жұмыс: Құстар – птицы – birds қыс-зима-winter, қыстайтын құстар-зимующие птицы-wintering birds Жұмыртқа – яйцо - egg
Құстар туралы слайд. Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді. Олар балапандарын жауларынан қорғайды. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар.Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығына келсек, құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір – біріне ұқсамайды. Құстар үй құстары , дала құстары болады. Құстар: жүзеді, ұшады, жүреді. Құстар өте пайдалы. Олар ағаштарды қорғайды.
«Құстарды топтастыру» ойыны.
Ағаштарға жыл құстарын, қыстап қалатын құстарды ілу.
Жыл құстары: қарлығаш, бұлбұл, аққу, көкек.
Қыстап қалатын құстар: торғай, сауысқан, көгершін. қарға.
Қарға – басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.
Сауысқан– ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары бірыңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ.
Суықторғай– ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.
Көгершін – достықтың символы. Ол бейбітшілік құсы деп есептеледі Ол - әлемді шарлап хат тасушы құс болған. Оның түсі көк, сұр, қоңыр, ақ түсті болады .
Тәрбиеші: Олай болса қай құс қалай дауыстайды, соны табыңдаршы.
«Құстар қалай дауыстайды?» дидактикалық ойын.
Қарға------ қарқылдайды
Сауысқан----- шақылдайды
Тоқылдақ --------тоқылдайды
Бұлбұл – сайрайды
Қаз – қаңқылдайды.
Торғай – шиқылдайды.
Көкек – көкектейдi.
Сергіту сәті: «Шөжелерім»
Тәрбиеші: Балалар құстар туралы ырымдар мен болжамдарды да білеміз. Қане, соларды еске түсірейікші.
Құстың ұясын бұзба!
Құсқа тас лақтырма!
Құстардың балапанына тиіспе!
Құстардың жұмыртқасын жарма!
Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.
Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
Торғай терезеге қонса, күн суытып, аяз болады.
Жарайсыңдар, балалар! Осы сәби жүрегінен шыққан жақсы тілектер қабыл болсын! Құстарымыз сайрап, күніміз ашық болсын! Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Сіздерге рахмет!
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән : Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы : "Қыс керемет уақыт"
Тәрбиеші: Садвокасова В.А
Костанайқ. 2019 – 2020 оқу жылы