Мәтін бөліктері беріледі. Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Қолдану 1 Тапсырма: «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген тапсырма бойынша өз позициясын жариялау керек) 3топқа шөлдердің фаунасы мен флорасын анықтап, сипаттама беру тапсырмасы беріледі. «Жетісу»тобы-Тасты шөлдің флорасы мен фаунасы, «Асы»тобы- Құмды шөлдің флорасы мен фаунасы, «Туған жер» -Сазды шөлдің флорасы мен фаунасын анықтап, сипаттама береді. Дескриптор: Білім алушы: - Тасты шөлдің флорасы мен фаунасын анықтап, сипаттама береді. -Құмды шөлдің флорасы мен фаунасын анықтап, сипаттама береді. -Сазды шөлдің флорасы мен фаунасын анықтап, сипаттама береді. Бағалау: «Бағдаршам» әдісі 2 Тапсырма: Деңгейлі тапсырма: А.Қазақстанның Қызыл кітабы қашан жарық көрді? В.Қызыл кітаптың мақсаты мен маңызы қандай? С.Қызыл кітапқа енген өлкеміздің өсімдіктері мен жануарларын атаңдар. Дескриптор: Білім алушы: -Қызыл кітапқа сипаттама береді. -Қызыл кітаптың маңызын анықтайды. Бағалау: «Басбармақ» әдісі 3 Тапсырма: ТЖ: Облыс аумағында кездесетін табиғат зоналарына сипаттама беру: Табиғат зонасы | Климат типі | топырағы | өсімдігі | Жануарлар әлемі | | | | | | Дескриптор: Білім алушы: -Табиғат зонасын анықтайды. -Климат типін анықтайды -Топырағын анықтайды -Өсімдігіне мысалдар келтіреді -Жануарлар әлеміне мысалдар келтіреді. Бағалау: «Геометриялық фигуралар» арқылы жүзеге асады. Сергіту: «Ойлата отырып, ойнату» «Доп лақтыру» ойыны 1.Біздің өлкеміз қалай аталады? 2.Флора деген не? 3.Фауна деген не? 4.Өлкемізде қандай зоналар бар? 5.Өлкемізде қандай шөлдер бар? 6. Қызыл кітаптың «Қызыл кітап» деп аталуының себебі неде? 7.Қызыл кітап қашан жарық көрді? 8.Қызыл кітаптың маңызы неде? 9.Қазақстанның Қызыл кітабына біздің өлкемізде өсетін қандай өсімдіктер кірген? 10. Біздің өлкемізде мекендейтін қандай жануарлар Қызыл кітапқа кіргізілген? |