Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 30.01.2018
Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Көлік
Тақырыбы / Тема: "Шана"
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная: Әсемдікке,әдемілікке тәрбиелеу
2.Дамытушылық – развивающая : Қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын меңгерту
3. Оқыту – обучающая : Бояуды дұрыс таңдауға,суық және жылы түстерді ажырата білуге,ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, ақ қағаз, жай қарындаш, гуашь бояу, қылқалам.
Билингвалдық компонент : Қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик, шана-санки
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Кім шешуін табады?
Аяз қысып өрнек сызып
Терезені торлайды .
Қарға омбығып , бат домбығып
Балдырғандар ойнайды
Кейде ұлып , кейде ысқырып
Ұйтқып боран соғады
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (балардың жауабы)
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінде көптеген өзгерістер болады, күн суытып аяз, боран болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнағанды жақсы көресіңдер .(Қыста шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз, қармен ойнаймыз.) 2.
2.Негізгі бөлім
Балалар бізге қонаққа аққала келіпті.
Аққаламен амандасайық. -Сәлеметсіңдерме балалар ?
-Менің немін білесіңдерме? (ия Аққала)
Өте жақсы балалар. Балалар менің мұрным неден жасалатынын білесіңдерме?
Ал, сәбіз неге жатады?
Сәбіз көкөністерге жатады
Балалар білесіңдерме?
Мен көкөністермен жемістерді жақсы көремін.
Ал күн жылып қар еріп көктем шыға бастағанда мен әлсізденемін сондықтан күш жинау үшін дәрумендер жеу керекпін . Сол үшін мен дәрумендер еліне кетіп бара жатырмын.
Балалар бірақ менің шанам сынып қалыпты. . Сендер маған шананың суретін салуға көмектесіңдеме.
Тәрбиеші:-Енді бәріміз, сәнді шананың суретін салып көрейік.
Балалар біздер суретімізді салмас бұры қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік.
Қылқаламмен жұмыс жасаған кезде қылқаламды ауызға салуга болмайды.
Қылқаламның ұшын ғана субояққа батырамыз.
Суды ішпейміз, төкпейміз.
Жасалу жолдары:
-Алдымен қарандашпен шананың суретін бастырып салып аламыз.
Сонан кейін қылқаламмен шананың екі жолағын сызып аламыз, бұл шананың сырғанайтын табаны болады.
-Жіңішкелеп қаламмен отыратын бөлігіндегі таяқшаларды сызып саламыз.Балалар сурет салған кезде қылқаламды аузымызға салмаймыз. Балалар жауып тұрған қардың суретін салып бересіңдер ме?
- Дұрыс айтасыңдар енді орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Жүріңдер балалар
Сырғанақ тебеміз
Құрыспай, құрыштай
Шынықсын денеміз
Баяққа бау тағып
Шаңғыңды майлап ал
Биалай , малақай
Бәрінде сайлап ал.
Билингвалдық компонент: Қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик деп атайды екен, кәне бәріміз қайталайық.
- Енді балалар ойын ойнайық
Д/о «Ойлан тап» (Қыс мезгіліне байланысты суреттерді тақтаға жапсырады)- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
Балалар суреттерін әдемі шығыпты ,жарайсындар,
3. Қортынды
Балалар бүгін бізге не келді? (Аққала)
Қандай көмек сұрады? (шана жасап беруімізді)
Аққалаға көмектесе алдықпа? (балалардың жауабы)
жарайсыңдар балалар, сендерге көп рахмет, суреттерін өте әдемі шықты