СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Латын сын есімдері"

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

ппппппппппппппппппппппп

аааааааааааааааааааааааааааааааааааа

ттттттттттттттттттттт

Просмотр содержимого документа
«"Латын сын есімдері"»

Микоплазмалар.

Таксономиясы

Класы: Mollicutes. (жұмсақ терілік деген мағына береді).

Тұқымдастығы: Mycoplasmataceae.

Туыстастығы: 1.Mycoplasma. 2.Ureaplasma

Түрі: M.pneymoniae, M.hominis, M.genitalium,.

Түрі: Ureaplasma urealyticum.

«Микоплазма» термині Mycoplasmataceae және Acholeplasmataceae тұқымдастықтарына жататын барлық микробтар үшін қолданылады. Микоплазмалардың негізгі таксономиялық белгісі мочевинаны гидролиздеу қабілеті болып табылады.

Соңғы жылдардағы зерттеулер барысында M. fermentans және M.penetrans ЖИТС дамуына белсенді түрде қатысатындықтары анықталған. M.pneumoniae –респираторлық инфекциялар қоздырғышы, M.hominis, M.genitalium, U.urealyticum – урогениталдық инфекциялар қоздырғыштары болып табылады.

Морфологиясы. Микоплазмалар өте ұсақ, бос күйінде тіршілік ететін бактериялар. Олар екі ерекшелікке ие: 1) микоплазмаларға ғана тән құрылымы бар, 2) өте жиі жасуша дақылдарын контаминациялайды, өсімдіктер, жануарлар және адамдарда ауру тудырады. Бірқатар вирустардың (соның ішінде онкогенді, АИВ), көбеюіне әсер етеді, және де өздері де иммунды тапшылық тудыруға қабілетті.

Микоплазма – ұсақ сфера пішінді және жіпше тәрізді жасушалар. Спора түзбейді. Оларда жасушалық қабырғасы жоқ, сондықтан үш қабатты жұқа липопротеинді мембранамен қоршалған. Осының арқасында микоплазма пішіндері тұрақты емес, бактериалық сүзгіштерден өтіп кетеді, Грамша боялмайды, ал Романовский-Гимзе әдісімен жақсы боялады. Жасуша құрылымы өте қарапайым, үш қабатты цитоплазматикалық мемранамен қатар құрылымы прокариоттық нуклеоидтан және рибосомалардан тұрады. Микоплазмалар мембраналық паразиттер. Олар эукариоттардың жасушаларында жақсы паразиттік тіршілік ете алады, осы қасиеті оларды хламидиялардан ерекшелендіреді және қоздыратын патологиялық үрдістерінің патогенезіне тікелей әсер етеді. Қозғалатын және қозғалмайтын түрлері кездеседі. Минималды репродукцияланатын бірлігі – элементарлық денешіктері. Сонымен қатар микоплазмалар бүршіктену, бұтақталған және тізбектелген түрлерінің сегментациялануы арқылы, бинарлық бөліну жолымен, жіпшелерінің кокк тәріздес ыдырап кетуі арқылы да репродукцияланады. Олар сопақша немесе шар пішінді болады. Біртіндеп ұзарып жіпшелер құрастыруы мүмкін. Прокариоттар ішінде геномының көлемі бойынша ең кішісі – микоплазмалар (риккетсия геномының 1/16 бөлігіндей). Микоплазма пенициллинге тұрақты. Дегенмен, тетрациклин мен эритромицин олардың өсуін тежейді.

Дақылдандыру.Бірқатар ферменттік жүйелерінің болмауына байланыстымикоплазмаларды дақылдандыратын қоректік орталар міндетті түрде күрделі болуы керек. Олардың құрамына аминқышқылдары, нуклеин қышқылдарының алғашқы құраушы заттары, холестерин және т.б. заттар кіреді. 1,3% агары бар табақшаларда микоплазмалар тек қана микроскоппен өтпелі жарық арқылы қараған кезде көрінетін колониялар түзеді. Колониялардың түрі «қуырылған жұмыртқаға» ұқсас болады. Уреаплазмалардың колониялары одан да ұсақ, түйреуіш ұшы сияқты болады. Мимкоплазмаларды сорпада өсіргенде орта сәл лайланады, уреаплазманы өсіргенде орта өзгермейді. Жартылай сұйық агарда (0,3%) түтікше ұшы енген жолында ғана сәл «шаңдану» байқалады. Глюкозаны ферменттейтін микоплазмаларға (M.genitalium, M.fermentans) өсіру үшін қоректік ортаға глюкоза қосады, аргининді қорытатындарға (M.hominis) – аргинин, уреаплазмаларға – мочевина қосады. Микоплазма немесе уреаплазманың өскендігін бақылау үшін қоректік ортаға индикатор қосады. Глюкозаны ферментациялаған жағдайда қышқыл бөлініп ортаның рН қышқыл жағына қарай өзгереді, L-аргинин мен мочевинаны ферменттеген жағдайда аммиак бөлініп ортаның рН-шы сілтіліге өзгереді.

Микоплазмалардың таза дақылын бөліп алу үшін Хайфликтің модификацияланған ортасын, SP-4 ортасын, β-глобулинді фракциясының гидролизатының негізінде жасалған қоректік орталарға себеді.

Уреаплазмалардың таза дақылын бөліп алу үшін құрамында мочевина мен индикаторы бар сорпа, стандартты агарландырылған А5К орта т.б. қолданылады.

Уреаплазмалар қанттарға инертті, диазабояуларын өзгертпейді, каталазасы жоқ; орқоян мен теңіз шошқаларының эритроциттеріне бетта-гемолитикалық белсенділік танытады, гипоксантин түзеді. Уреаплазмалар фосфолипаза, А иммундыглобулинді ыдырататын арнайы протеаза бөледі.

Антигендік қасиеті мен патогенділік факторлары. Күрделі, жасуша мембранасында түрспецификалық антигені бар. Жоғарғы жиілікке ие мутация нәтижесінде антигендік полиморфизмі айқын байқалуымен ерекшеленеді. Химимялық құрамында полисахаридтер, ақуыздар, гликопептидтер болады. Ақуыздардың басым көпшілігі мен липидтер мембрана құрамына кіреді.

Патогенділік факторлары әртүрлі және құбылмалы. Негізгі патогенділік факторлары: адгезиндер, токсиндер, агрессия ферменттері және метаболизмнің өнімдері. Мембраналық ақуыздардың кейбіреулері адгезиндер рөлін атқарады.

Резистенттілігі. Қоршаған ортада тұрақсыз. Жоғарғы температураға, ылғалдылыққа, ультракүлгін сәулелерге шыдамайды. Ортаның рН-шы – 7,5-8,0, уреаплазмалар сілтілі ортаға өте сезімтал, оптимальды рН 6,0+/-0,2. Микоплазмалар және уреаплазмалар фторхинолондарға, цефалоспориндерге, азалидтерге, тетрациклиндерге сезімтал. Кең қолданылатын антисептиктер мен дезинфектанттарға сезімтал.

Эпидемиологиясы. Табиғатта микоплазмалар кең таралған. Инфекция көзі – ауру адам, тасымалдаушы. Таралу механизмі – аэрогенді, негізгі таралу жолдары – ауа-тамшылы, жыныстық қатынас арқылы. Ауруға адамның сезімталдығы жоғары. Ауру оқиғаларының жиілеу мезгілі – жаз айларының аяғы мен күз айлары.

Уреаплазманың жұқтыру көзі – ауру адам. Жыныстық жолмен жұғатын ауруларға (ЖЖЖА) жатады, сезімталдығы жоғары. Негізгі қауіпті топтары – гомосексуалистер мен жезөкшелер. Ерекшелігі – жиі соз, трихоманоз, кандидоз ауруларымен бірлесіп ауру тудырады.

Потогенезі мен клиникалық көрінісі.Микоплазмалар қоздыратын инфекцияларға ғана тән сипаттамалары жоқ. Клиникалық-морфологиялық белгілері бойынша микоплазмалық инфекциялар басқа бактериялық қоздырғыштар, хламидиялар, вирустар, саңырауқұлақтар т.б. тудыратын патологиялармен ұқсас болып келеді. Сондықтан дер кезінде анықтап, клиникалық диагноз қою қиын. Микоплазмалық инфекциялар жедел түрде өтуі мүмкін, бірақ созылмалы күйге жиі ауысып кетіп отырады.

Олар жоғарғы тыныс алу жолдарының эпителтоциттерінің мембраналық паразиттері болғандықтан фагоциттер мен эпителиоциттерде персистенцияланады. Бронхтар мен альвеолардың эпителиялық жасушаларына супероксиданттардың токсикалық әсер етуінің салдарынан бронхтар мен өкпеде қабыну дамуын, бауыр, ми басқа да ағзаларға гематогендік диссеминациялануын, уретраның цилиндрлі эпителиялық жасушалар мембраналының зақымдануын тудырады.

тологиялық үрдіс сипаттамасы қоздырғыштың ену қақпасына байланысты. Мысалы: M. hominis фарингитпен қатар урогениталдық жолдар инфекциясын қоздыра алады. Құрсақішілік ұрықтың микоплазмозы кезінде инфекция жоғарғы тыныс алу жолдарында, урогениталдық жолдарда, ОЖЖ-де дамиды.

Микоплазмалық инфекциялар әртүрлі иммундық патологиялық реакциялармен қатар жүретіндіктен инфекция ағымы күрделіленіп, науқастың жағдайы нашарлауы мүмкін. Олар түрлі аурулардың кофакторлары бола алады: ЖИТС, ісіктік үрдістер, артриттер және этиологиясы белгісіз түрлі синдромдардың (созылмалы шаршағыштық, Крон ауруы т.б.) себепшісі екндігі анықталған.

M.pneumoniae –респираторлық микоплазмоз қоздырғышы. Респираторлық микоплазмоз өте кең таралған. Инфекция ауа тамшылы жолмен беріледі. Инфекция көзі – жедел түрдегі науқастар немесе ауруынан толық жазылмаған тасымалдаушылар. Инкубациялық кезеңі – 3-11 күн, кейде 3 аптаға созылады.

Клиникалық көрінісі әртүрлі, ол жоғары тыныс алу жолдарының қабынуы (фарингит, назофарингит, трахеит, трахеобронхит, бронхит) түрінде немесе ауырлық дәрежесі әртүрлі пневмония түрінде өтуі мүмкін. Көп жағдайларда ауру микоплазмалы-вирусты аралас этиологиялы болады. Респираторлы микоплазмоз кезінде респираторлы емес көріністер де байқалады: полиморфты эритема,гемолитикалық бұзылыстар, миалгия, артралгия, бауыр зақымдалуы, эндокардиттер, ОЖЖ зақымдалуы және т.б.

M.hominis, M.genitalium, U.urealyticum – урогениталиялық жолдардың микоплазмозының қоздырғыштары болып табылады. Урогениталиялық микоплазмоз халық арасында әр-түрлі топтарда кеңінен таралған. Ең жиі кездесетін топтар: жыныстық белсенді жастағы адамдар, жеңіл жүрістегілер, гомосексуалистер және т.б.

Ер адамдарда микоплазмалар уретра мен үрпектің шеткі терісінде, аләйелдерде қынап, жатыр мойны мен уретрада орналасады.

Урогениталиялық микоплазмалық инфекция жыныстық қатынас арқылы жұғады. Сонымен қатар ұрықтың жатырішілік жұғуы мен нәрестенің туу жолдарынан өту кезінде жұғатындығы да дәлелденген. Ұрыққа жатырішілік жұғуы салдарынан жүкті әйелдерде жиі түсік тастауы немесе ұрықтың жатырішілік семіп қалуы кездеседі.

Уреаплазмалар гонококтық емесе уретрит, простатит, жедел уретралық синдром, әйелдер мен ерлер бедеулігін қоздырады, сонымен қатар нәрестелердің аз салмақпен және туа пайда болған өкпе патологиясы дамуына себепші болатындығы анықталған.

Иммунитеті.Кернеулі емес,жасушалық және гуморальдық болады. Жергілікті – SІgA иммуноглобулинін түзеді. Жеңіл түрінен кейін ұзақ емес, ауыр түрінен кейін − 5-6 жылдық иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагноз қою.Респираторлы микоплазмозға күдік туғанда зерттеу материалы ретінде қақырық, мұрын, жұтқыншақ шырышы, бронх шайындысы және түсік кезіндегі ұрық пен ана құрсағында өлген баланың ішкі ағзаларынан жағынды-препараттар алынады (14.26- кесте).

Урогениталды инфекцияларда таңғы несептің ортаңғы бөлігі, уретра, қынаптың, цервикалды өзектің шырышты қабаттарынан қырынды алынып зерттеледі. Лапароскопия, амниоцентез жасағанда алынған материалдар да тексеріледі. Простатитте простатаның бөлігі, ер адамдардың бедеулігінде – сперма зерттеледі.

Бактериологиялық әдіс – урогениталды микоплазмаларды анықтау көбінесе тығыз орталарға, тыныс алу жолдарының микоплазмозын зерттеу – сұйық немесе жартылай сұйық орталарға себу арқылы жүргізіледі.

Кесте 14.26

Микоплазмалық инфекциялардың зертханалық диагностикасы

Әдісі

Зерттеу мақсаты

Қолданылатын тест

Бактериологиялық

Қоздырғышты бөліп алу

Зерттеу материалын элективті қоректік орталарға себу, қоздырғыштың таза дақылын бөліп алу және оны идентификациялау

Серологиялық

Қоздырғыштың антигендерін анықтау

ПГАР, ИФР, ИФТ

Қоздырғыштың антигендеріне антиденелерді анықтау

ПГАР, ИФТ, РИТ және т.б.


Молекулалық-генетикалық

Қоздырғыштың ДНҚ анықтау

ПТР, ДНҚ-зондтау

Микроскоптың кіші ұлғайтуында M. pneumoniae (басқа микоплазмалар емес) колониясының бетінде адсорбцияланған эритроциттер жақсы көрінеді.

Адамның урогенитальдық жолынан M. hominis, U. urealiticum, M. fermentans және сирек жағдайда басқа (патогенді емес) микоплазмалардың түрлері бөлінуі мүмкін. Олардың барлығы биохимиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді. M. hominis – аргининді, U. urealiticum – мочевинаны, алM. fermentans –аргинин мен глюкозаны ыдыратады. Осы қасиеттердің негізінде олардың дифференциациясын жүргізуге болады. Әртүрлі серологиялық реакцияларды (иммунды флюоресценция, өсудің ингибициясы, метаболизм ингибициясы) қолданумен жүретін иммунологиялық әдістердің жоғарғы арнайылығы бар, бірақ өкінішке орай тек арнайы зертханаларда ғана атқаруға болады.

Дақылдағы микоплазмалардың титрін анықтау үшін он реттік сұйылту сериясын жасап, әр сұйылтуды (0,5 мл) дақылдандырудың қоймалжың ортасына (0,3%) себеді. Микоплазмалар өскен соңғы пробиркадағы колонияларды санайды және сұйылтудың дәрежесіне көбейтеді. Титрді КОЕ/мл-мен санайды. Уреаплазмаларды титрлеуді сұйық ортада жүргізеді. Ортаның түсі өзгергендігі байқалған соңғы пробиркадағы сұйылтудың кері өлшемін титр деп қабылдайды. Титрді түс өзгертетін бірліктермен көрсетеді.

Серологиялық әдістер. Микоплазмалардың антигенін анықтау. Иммундыфлюоресценциялық реакция (ИФР). Микоплазмалардың антигендерін ИФР (төте немесе жанама тәсілдерімен) арқылы анықтайды.

Зерттеу материалдары: урогениталдық жолдан алынған қырындылар, мұрын–жұтқыншақтан алынған жағындылар, лаваждық және синовиалдық сұйықтық және кез-келген басқа материал. Зат әйнегіндегі материалды кепкеннен кейін бірден суық сусыз ацетонмен немесе 96 °С спиртпен 15 мин бойы бекітеді. Содан кейін материалды бояйды, яғни ИФР қояды. Иммундық материалды жағындыға бірқалыпты етіп жағады, және ылғалды камерада термостатқа (37 °С) 25 мин қояды. Сосын препараттарды ағынды су астында (10-15 мин) және бірнеше рет фосфаттық буфермен (рН 7,2) шаяды. Препараттарды кептіреді және люминесценттік микроскопта қарайды.

Сүзінділер жиынтығы, объективтер мен окулярлар – хламидияларды зерттеу кезіндегідей. Микоплазмалар мембраналық паразиттер болып табылады, сондықтан люминисценттік микроскопта олар жасушалар бетінде және оларға жақын орналасқан жерде жасыл түсті гранулалар түрінде көрінеді. Егер препаратта жарқыраған 10 гранулалардан кем болмаса нәтижелер оң болып саналады. Жалғантеріс нәтижені болдырмас үшін жағындыда жасушалардың үлкен мөлшері болу керек.

Агрегатгемагглютинациялық реакция (АГАР). Осы реакцияның көмегімен қандағы микоплазмалардың АГ-нін анықтайды, өйткені микоплазмалық инфекциялар әдетте жайылмалы сипатқа ие болады және микоплазмалар әртүрлі ағзалар мен тіндерде, соның ішінде қанда анықталуы мүмкін. Зерттеу материалы қан сарысуы болып табылады.

Иммундыферментті талдау– соңғы жылдары серодиагностика тәжірибесіне енгізілген жоғарысезімтал әдіс.

Микоплазмаларға қарсы антиденелерді анықтаудареспираторлық микоплазмоз және басқа микоплазмалық инфекциялардың диагнозын дәлелдеу үшін қанда антиденелер және олардың тиісті титрі болуы қажет. Бұрын осы мақсатпен респираторлық микоплазмоз диагноз қоюы кезінде негізінен КБР қолданған. Бұл әдіс көп еңбектенуді қажет ететін болса да және ие тіндерінің гликолипидтерімен немесе кейбір бактериялармен қиылыспалы реакциялардың әсерінен арнайылығы жеткіліксіз болса да, көптеген зертханалар әлі күнге дейін осы реакцияны қолдануда. Бірқатар шетел зертханаларында КБР–на M.pneumoniae–ның гликолипидтік фракциясынан құралған диагностикумдарды дайындайды. Қан сарысудың қос сынамаларында арнайы АД титрі 4 есе және одан аса жоғарылауының диагностикалық маңызы бар. Қанның бірінші сынамасын аурудың алғашқы 3 күнінде, ал екіншісін – ауру басталғаннан 10-14 күннен кейін алған жөн.

мамен респираторлық микоплазмозы бар науқастардың 15%-да жұп сарысуларда антидене титрінің жоғарылауын КБР-мен таба алмайды, оны жанама комплемент байланыстыру реакциясы-мен (ЖКБР) анықтайды. Соңғы реакцияда антигенмен қосылғаннан кейін комплементпен байланыспайтын антиденелер анықталады («толық емес антиденелер»). «Толық емес антиденелер» антигенмен байланысып, оны жабады және комплементті байланыстыратын антиденелермен қосылуға бөгет жасайды, сондықтан «толық емес антиденелердің» қатысуында комплемент реакцияның бірінші фазасында бос болып қалады. Реакцияның екінші фазасында комплемент байланыстыратын антиденелер қосады (стандарттық сарысу). Антиген «толық емес» антиделермен тежелген болса, онда комплементтің байланысуы болмайды, ол реакцияның үшінші фазасында гемолитикалық жүйе көмегімен анықталады. Сөйтіп, ЖКБР-дағы гемолиз зерттелетін сарысудағы арнайы антиденелердің бар болуын көрсетеді.

Енжар гемагглютинациялық реакциясымен жалпы антиденелерді анықтайды. Реакцияны қою үшін глютарлық альдегидпен стабилизацияланған және белсендірілген, микоплазмалардың ерігіш антигендерімен сенсибилизацияланған адамның резус теріс О(І) топ қанының эритроциттерін қолданады. Антиген – микоплазмалар биомассасының ультрадыбыстық дезинтегратының центрифугаты болып табылады. Натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіндегі құрамында ақуызы бар (2 мг/мл) антиген ерітіндісін сенсибилизация үшін қолданады.

Аурудың динамикасында қанның қос сарысуында арнайы антидене титрінің жоғарылауының (4 есе және одан жоғары) диагностикалық маңызы бар. Қан сарысуының жалғыз сынамасының зерттеуі кезінде 1:32 титрінің диагностикалық маңызы бар.

Иммундыферментті талдау– микоплазмалар мен уреаплазмалардың антигендеріне M және G сыныбындағы антиденелерді анықтау әдісі, маркерлік фермент ретінде ақжелектің (хреннің) пероксидазасын пайдаланумен тығыз фазада тікелей емес иммундыферментті талдауды қолдануға негізделген.

Микоплазмаларды анықтауға арналған молекулалық-биологиялық әдістер.Бұл әдістермен берілген клиникалық үлгілерде микроорганизмге спецификалық нуклеин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) анықталады.

ПТР – in vitro–да микоплазма ДНҚ-ның белгілі бір фрагментінің амплификациясына негізделген. Қазіргі уақытта кейбір фирмалар ПТР-да микоплазмаларды анықтауға арналған диагностикумдарды өндіреді. Реакцияны нұсқауға сәйкес қатаң жүргізеді.

ДНҚ-зондтар негізіндегі гибридизация. Әрбір микроорганизмнің геномында нуклеотидтердің реттілігі – антигендік құрамына қарағанда көп мөлшерде спецификалық. Екінші тізбекке біртізбекті ДНҚ-ның әртүрлілігі олардың нуклеотидтік реттілігі комплементарлығының дәрежесіне тәуелді. Белгілі және белгісіз микроорганизмдердің ДНҚ-ының тізбектерінің әртүрлілігін өлшегенде, олардың бір түрге жататындығын немесе жатпайтындығын анықтауға болады.

Молекулалық-биологиялық әдістер өте жоғарғы сезімталдылыққа ие. Бірақ клиникалық материалда микробты анықтау факты тапқан заттың этиологиялық маңыздылығы жайында қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді, өйткені сау адамдар арасында микоплазматасымалдаушылық өте кең таралған. Диагнозы дәлелдеу үшін микроорганизмнің этиологиялық рөлін дәлелдейтін зерттеулерді жүргізу қажет. Осындай зерттеулердің бірі – арнайы антиденелер титрінің динамикасын анықтау.

Нәтижелерді талдау. Егер микробиологиялық әдіс пен АГАР, ИФР және ПТР , немесе тек АГАР, ИФР және ПТР, немесе АГАР және ИФР, немесе АГАР және микробиологиялық әдістердің нәтижелері ұқсас болған жағдайда генерализацияланған инфекция немесе ошақтың (ол жерден микоплазмалар қанға түседі) бар болуы туралы айтуға болады.

Емдеуі. Микоплазмалар мен уреаплазмалардың антибиотиктерге (пенициллин мен оның туындыларына) жоғарғы төзімділігі бар, олардың әсер ету механизмі жасуша қабырғасының синтезінің ингибициясында.. Сонымен қатар, олар жасушаішілік ақуыздың синтезін тежейтін әртүрлі антибиотиктерге және бірінші кезекте тетрациклиндер мен макролидтерге (эритромицин, олеандомицин және спирамициннен басқа, оларға M. hominis төзімді) жоғары сезімтал. Фторхинолондар тобы пероральдық қолдану кезінде жоғарғы емдік әсер етеді

Клиникалық тәжірибеде берілген препараттармен респираторлық және урогенитальдық микоплазмоздарды емдеудің әртүрлі тәсілдерін қолданады. Уреаплазмамен инфицирленген жүкті әйелдерді емдеу үшін ІІ триместрде эритромицинді 0,25 г-нан күніне 4 рет 14 күн бойы немесе 0,5 г-нан күніне 2 рет 10 күн бойы тағайындайды. Микоплазмалық инфекцияларды емдеу кезінде клиникалық түрлерін, кеселдің ауырлығын, асқынулардың бар болуын есепке ала отырып антибиотиктерді таңдайды, яғни клиницистермен келісе отырып препаратты, курсының ұзақтығы мен санын таңдау индивидуальды жүргізілу керек. Сонымен қатар адаптогендерді, пробиотиктерді және иммундытүзеуші препараттарды қолдану көрсетілген.

Алдын алуы.Респираторлық микоплазмоз ауалы-тамшылы жолмен жұғатын антропоноздық инфекция болып табылады, сондықтан осы ауру кезінде вирустық табиғатты жедел респираторлық аурулардың алдын-алуына негізделген ұйымдастырушылық шаралардың барлық жүйесін қолдануға болады. Урогенитальдық микоплазмалық инфекциялардың алдын-алу әдістері жыныстық жолмен берілетін басқа ауруларына ұқсас болу қажет. Арнайы алдын-алу әдістері қазіргі уақытқа дейін толық зерттелмеген.