СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі»

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Lesson study  әдісін  сабақта қолданудың тиімділігі»

Просмотр содержимого документа
««Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі»»

Коучинг тақырыбы

«Lesson study  әдісін  сабақта қолданудың тиімділігі»

 

Коучингтің  мақсаты

LessonStudy-дің мәні оқушылардың назарын оқуға шоғырландыру арқылы оқытуды дамыту және жетілдіруге арналған құрал екендігін түсіне алады.

Мұғалімдерге мектепті дамытуға ықпал ететін, оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Study –ді ұсыну.

Мұғалімдер топтарының арасында тәжірибені жетілдіру құралы ретінде LessonStudy–ді қалай пайдалануға болатынын ұғына алады.

Күтілетін нәтиже

  Lesson Study тәсілімен танысады ;
• Бұл тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарымен танысады.
• Өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алады.   

Түйінді идеялар

«Бұл сыныпта болып жатқан нәрселерге басқаша қабылдауыма  мүмкіндік  береді.» Пит Дадли  

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық , Үлестірмелі  материалдар (4 апта) І деңгей, презентация, интербелсенді тақта.

Оқу нәтижесі

Lesson Study үдерісінің маңыздылығын түсінді.

Оқуды, оқытуды және мұғалімдердің тәжірибесін дамыту мен жетілдіруге арналған құрал ретінде әріптестермен өзара ықпалдасу әдісін үйренеді.

Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінеді.

Бұл тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарымен танысады.

«Lesson study» әдісін өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алады.

Сабақта қолданылатын материалдар

Үлестірмелі  материалдар, А3, А4 қағаздары, стикер, маркер, АКТ, «5 саусақ» кері байланысы, «Жетістік ағашы» ,смайликтер. Пит Дадлидің  «Lesson Study: нұсқаулық»  Мұғалімге арналған нұсқаулық

 

 

 

Коучинг  бойынша коуч мен қатысушылардың іс-әрекеті

Уақыт мөлшері

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

5 мин

Топқа бөлу:

1 топ. Жоспарлау

2 топ. Зерттеу

3 топ. Бақылау

Талдау  топқа бөлінеді .

Коучердің кіріспе сөзі: - Құрметті әріптестер, бүгінгі коучингке қош келдіңіздер!!Олай болса бәріміз «шаттық шеңберіне» жиналайық!

Тренинг «Ойды жалғастыр.......

«LS -

Қатысушылар үш   топқа бөлінеді,  Осы сөздер бойынша топқа бөлінуіміздің себебі неде деп ойлайсындар?

Алған сөздеріне  қарай топ құрайды. «Lesson study әдісі» тақырып анықталады.


Миға шабуыл

5 мин

Экраннан  «Командалық жұмыс»  атты бейне ролик  көрсету

Топ ережесін жасау.

Психологиялық жағымды ахуал тудыру

-Бейнефильм не туралы деп ойлайсыздар?

-Сіздерге қандай идеялар келді? Топ мүшелері   жеке-жеке және топта түйінді сөздер айтады.

(қатысушылардың ортақ шешімі)

5 мин

«Lesson Study» атты тақырыпта презентация түсіндіріледі, сол туралы бейнежазба тыңдалынады.

Мұғалімддер тақырып аясында ой түйеді

10 мин

Тақырыпты ашуға бағытталған ашық , жабық сұрақтар:


 

1. Материалдарды барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба?
2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны бақылай алуға мүмкіндігіңіз бола ма?
3. Мұғалімге  барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндігі бар ма?
4. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты өткізуде басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасап жүрсіз бе?

15мин

- Құрметті әріптестер, енді бәріңізге   «Lesson Study-дің  сабақта қолданылу тиімділігі» тұрғысынан тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды орындауларыңызды сұраймын.

Топтарға берілетін тапсырмалар:

1. Lesson Study-дің басты  мақсаты қандай?

2. Lesson Study  сабақта қалай жүргізіледі?

3. Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау;

4. Lesson Study-ден кейінгі талқылау  (сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу)

5. Әріптестерді Lesson Study-дің нәтижелерімен ресми түрде таныстыру мен оны мектеп бағдарламасына енгізу. Осы тапсырмалар бойынша әр топ презентация жасайды.

Постер қорғайды.

5 мин

Сергіту сәті

Интербелсенді тақтада  көрсетіледі

10 мин

Жаттығу: «Шеңбер бойынша  әңгімелеп беру»

Осы әдісті қолдануға байланысты берілген  нақты мысалмен танысады.

15 мин

Оқу мотивациясын жоғарылатуға  арналған жаттығу

Lesson Study туралы мәтінді джигсо әдісі бойынша меңгерту:

А) «жанұя»топтарында мәтінді талқылау;

В) «жұмыс» топтарында мәтінді талқылау, бір-біріне жеткізу -«Lesson Study» туралы бұрыннан қандай ақпараттарыңыз бар еді?

-Не  білгілеріңіз келеді?

Lesson Study туралы мәтінді «Джигсо» әдісі бойынша меңгеру:

А) «жанұя» топтарында мәтінді талқылау;

В) «жұмыс» топтарында мәтінді талқылау, бір-біріне жеткізу;

- Зерттеу тобының ережесін жасау маңыздылығы неде?

-  Қандай ұсыныстар айтар едіңіздер?

 - әдістемелік  нұсқаулық

 - зерттеу тобының ережесі

- ұсыныс

Рефлексия

10 мин

Оқытуда LS не үшін қажет?

  • мұғалімдерді оқыту мен тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл;

  • оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделеу;

  • оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс жасап, тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинау;

Бүгінгі коучингтен алған әсерлеріңізді, көңіл күйіңізді

«Алақан» -ға салып өз ойыңызды білдіресіз.

Басбармақ- Мен алдағы уақытта немен жұмыс жасау керекпін...

Сұқ саусақ- Маған қызықты және тәжірибемде пайдалы болды...

Ортаңғы саусақ- Маған не жетіспейді.....

Сақина саусақ- Коучингтегі психологиялық ахуал .....

Шынашақ- Маған ұнағаны және менің ұсынысым....

Алақан- Мектептегі LS- кімнің қатысқысы келеді, сол адам өз есімін жазады.


Коучингке қатысқандарыңызға рахмет!

Коучингтен алған әсерлерімен бөлісе отырып, оны сабақта пайдаланудың тиімді тұстары туралы ойларымен бөліседі.

 

 

 

 

 

 

 

«Алақанға»жазып өз рефлексияларын білдіреді.

 

 

5 мин

Кері байланыс, өзін-өзі бағалау:

Смайликтер топтамасы ұсынылады.

Смайликтерді  бояу  арқылы  өз  көңіл  күйін білдіреді.