СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Адал болу керек пе? пікір алмасу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адал достықтың мәнін түсіндіру; Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту; Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

�гін нығайту. Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

 

Просмотр содержимого документа
«Адал болу керек пе? пікір алмасу»

Тақырыбы: Адал болу керек пе?

Мақсаты: Адал достықтың мәнін түсіндіру; Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту; Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер оқушылар. Бүгінгі «Адалдық дегеніміз не?» тақырыбында өткізілетін пікір алмасуымызға қош келдіңіздер.

Сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне шақырамын.

Ән саламыз күнде біз
Шаттық толы іргеміз
Біз мәңгілік достармыз
Біз мәңгіге біргеміз
Балалар, бүгін Айбек түскі асқа тамақ пісірді. Бірақ тамаққа тұз салуды ұмытып кетті. Қане, балалар, Айбектің пісірген тамағының дәмін татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер? ( дәмсіз, тұзсыз) 
Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады. Доссыз адамның өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді. 
- Сонымен, балалар, «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» деп бекерге айтылмаған.

Адал дос дегеніміз қандай болу керек? (Жолдас , сенімді дос, көмекші, қамқоршы, сатпайды, төбелеспейді, бірге ойнайды, алдамайды) .

«Аққуды атпайды, Достықты сатпайды» 
Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу – киелі құс, сұлулық символы. Ал достықты сатпайды деген не? 
- Дос алдамау керек 
- Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек. 
- Достар ұрыспау керек. 
- Достар тату болу керек. 

Достық ережесі. 
1. Сертіңе берік бол. 
2. Дос көңілін қалдырма. 
3. Досыңа өтірік айтпа. 
4. Досыңа адал бол. 
5. Қиналғанда көмектес. 
6. Досың үшін ешнәрсе аяма. 

Ал енді оқушылар айтыңыздаршы «Достық» сөзін сендер қалай түсінесіңдер?
- «Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім, ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».
- Достық алдымен екі адамның бір – біріне деген адалдығы. Адалдық деген рухани тазалық.
Достықтың шынайы белгісі қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Жаны таза,жүзі жылы, ақылды, парасатты болу – нағыз достықтың белгісі.
- «Жақсы адам – тәңірдің нұры» дегендей өзің жақсы болсаң досың көп, жаман болсаң досың жоқ, орташа болсаң бір жақсыға ілесе аласың.
- Дос емес, достың сөзін көтермесе. Нағыз дос шындықты
бетке айтады, шыншыл болады.
Достық туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер?
1.Адал дос мың қызметшіден артық.
2.Ағаш – тамырымен, адам – досымен мықты.
3. Дос ізде, тапқан досыңды бағалай біл.
4. Достық орманнан тауып алатын жаңғақ емес.
5.Досы көпті жау алмайды
Ақылы көпті дау алмайды.
6. Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
7.Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берм
Жағдаяттарды талдау
1-оқиға: Сендер досың екеуің керісіп қалдыңдар. Бұл жағдайды жанжалсыз қалай шешер едіңдер?
- Досым екеуіміз керісіп қалсақ, бұл жағдайда мен досыма бәрін түсіндіріп, ақылымды айтар едім.
- Бұл жерде мен ренжіспей, досымнан не болғанын сұраймын.
2- оқиға: Сыныптастарыңның біреуі ауырып, ауруханаға жатып қалса, оған қалай көмектесер едің?
- Сыныптасым ауырып қалса, мен ауруханаға барып қалін біліп, көңілін көтеріп кетер едім.
- Ал мен болсам, ауруханаға жеміс – жидек, шырын апарып, қызықты кітаптарды оқып беріп, сабағына көмектесер едім.
3- оқиға:Егер жақын досың сені сатып кетсе, не істер едің?
- Егер де менің жақын досым мені сатып кетсе, мен оған бәрін айтып тастап, араласпай кетер едім.
- Жақын досым сатып кетсе, мен оған сырымды айтпай, жай сөйлесіп жүрер едім.

Оқушылар өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтып өтіңіздер. Сонымен балалар адал болу керекпе? (оқушылар өз ойларын айтады).


















Жамбыл бастауыш мектебі




(пікір алмасу)









Дайындаған: Тастурганова Р.Ж.















2015 – 2016 оқу жылы



Өткізген іс-шараға сараптама


Тақырыбы: Адал болу керек пе?

Мақсаты: Адал достықтың мәнін түсіндіру; Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту; Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Мектебімізде Адал болу керек пе? Тақырыбында 3 – 4 сынып оқушыларымен пікір алмасу болып өтті. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып достық туралы өлең оқылды. Айбек түскі асқа тамақ пісірді. Бірақ тамаққа тұз салуды ұмытып кетті. Қане, балалар, Айбектің пісірген тамағының дәмін татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер? Деген сұрақ қойылып сол сұраққа оқушылардын мәтін бойынша жауап алынды.
- Сонымен, балалар, «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» деп бекерге айтылмаған.

Адал дос дегеніміз қандай болу керек? (Жолдас , сенімді дос, көмекші, қамқоршы, сатпайды, төбелеспейді, бірге ойнайды, алдамайды) деген жауаптар айтылды. Адалдық туралы қанатты сөздер айтылды.

Ал достықты сатпайды деген не? Деген сұраққа жауаптар алынды.
- Дос алдамау керек 
- Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек. 
- Достар ұрыспау керек. 
- Достар тату болу керек. 

Достық ережесі туралы, адалдық туралы мақал-мәтелдер айтылып, достық туралы жағдаяттар шешті.

Аталған іс-шараға оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін толық айта білді. Сабақ жақсы өтті.




Өткізген: Тастурганова Р.Ж.