2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
2.4.2.5 дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті анықтау
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Сөйлемдердің ішінен етістіктерді тауып жазады, етістіктің дара және күрделі түрлерін ажыратады,
Оқушылардың басым бөлігі: тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрастырады, дара және күрделі етістікті анықтайды
Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады
Бағалау критерийі
берілген тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрап жазады, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақалдарды көшіріп жазады.
дара және күрделі етістіктерді жазып, тиісті ыдысына салады.
Сабақтың барысы
Сабақ
тың кезеңі /уақыты
Педагогтің
әрекеті
Оқушының
әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақ
тың басы
10 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың қазақ тілі сабағына дайындығын тексеру.
Амандасу
« Үш шапалақ» әдісі
1.Көңіл күйіміз қандай? (1шапалақ)
2.Сабаққа дайынбыз ба?(2 шапалақ)
3.Сабақты сәтті аяқтаймыз ба?(3 шапалақ
-12 сәуір қандай күн болды?
-Не себепті ол күнді ғарышкерлер күні деп белгіледі?
1961 жылы 12 сәуір Ю.А.Гагарин
1991 жылы 2 қазан Т.О.Әубәкіров
1994 жылдан бастап 3 рет Т.Мұсабаев ғарышқа ұшты.
2015 2-ші қыркүйекте Айдын Айымбетов
Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?
- Сегіз ғаламшар бар.
Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн Уран, Нептун
Ендеше біз бүгін сол ғаламшарларға саяхат жасаймыз. Осы саяхатқа шықпай тұрып, топқа бөлініп алайық. Әр топ өздерін көліктерін таңдап алсын
1-топ «Dragon»
2топ «Луноход »
3-топ «Орел»
4 –топ «Восход»
-Кәне, бәріміз саяхатқа дайынбыз ба?
-Ендеше сәт сапар!
-Әр ғаламшар сендерге өз тапсырмаларын дайындапты,біз соларды дұрыс орындап өз білімдерімізді көрсетуіміз керекпіз. Және әр ғаламшар туралы мағлұмат біліп отырамыз
Бірінші ғаламшар Меркурий
Үй тапсырмасын тексеру
46-жаттығу
Адамдар ғарышқа ұшуды армандайды. Бұл арман орындалады Ғарышқа алғаш рет Юрий Гагарин ұшты.