СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бүтін көрсеткішті дәреже 4 сабақ

Категория: Алгебра

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Бүтін көрсеткішті дәреже 4 сабақ»


Көпмүшелер

Мектеп:№8 ОМ МДШО КММ

Күні:21.10.21

Мұғалімнің аты-жөні: Ынтымақ Шарбат

Сынып: 7



Сабақ тақырыбы

Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.2

бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу;

7.2.1.4

бірмүшелерді көбейтуді орындау және керісінше, оны көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету;


Сабақ мақсаттары

Бірмүшеге амалдар қолдануды үйрету;

Есептер шығару барысында ережелерді қолдануға дағдыландыру; Оқушылардың іскерлік дағдыларын арттыру, топпен жұмыс жасай білу;

Бағалау критерийлері

Бірмүшелерді көбейту және көбейткңштерге жіктей алу;

Ұқсас бірмүшелерді біріктіру

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

қандай өрнектің бірмүше (көпмүше) болатынын түсіндіреді;

- бірмүшені (көпмүшені) стандарт түрге қалай келтіруді түсіндіреді;

- бірмүшелерді көбейту мен бірмүшені дәрежеге шығару жолын негіздейді;

- көпмүшелерді қосу мен азайтудың жолын, бірмүшені көпмүшеге көбейту және көпмүшелерді көбейтуді негіздеу жүргізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі;

  • көпмүше, көпмүшенің стандарт түрі;

  • екімүше, үшмүше;

  • бірмүшенің дәрежесі;

  • бірмүшенің коэффициенті;

  • бірмүшелерді көбейту;

  • көпмүшенің дәрежесі;

  • көпмүшенің бас мүшесі;

  • бас коэффициент;


Құндылықтарды дарыту

-Құрмет;

-Серіктестік;

-Ашықтық;

-Еңбек және шығармашылық;

-Өмір бойы оқу.

Пәнаралық байланыстар


АКТ қолдану дағдылары

ActiveInspire, презентацияны қолдану


Бастапқы білім

Алгебралық өрнектерге түрлендіру және дәрежелерге амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


1000, 50, 5, x , 12 t, 2 x 2 ·3 x 3, 60 n, 3 ав, с2, 2,

60
n ,  ав, п r 2, а 2в, х у 4, 25 авс (– 0,2) в, 2 х2 ·3.

есептеу

Презентация


Сабақтың ортасы

2 минут

















5 минут





























2 минута







10 минут









































































































3 минут






























Ұ,М

Актуалдау үшін оқушыларға сұрақ ретінде тапсырмалар ұсыну.Ауызша орындату.

  1. Дәреже түріне келтіріңдер:

   

  1. Өрнектің мәні оң және теріс сан болатынын анықтаңдар:

     

  1. Есептеңіз:

(3*2)2-3*22   0,125*105

Ө

Математикалық диктант:

1. t жылда неше ай бар?

2. n сағатта неше минут бар?

3. Қабырғалары a және b болатын тіктөртбұрыштың ауданы

4.Бесінші дәрежелі x пен төртінші дәрежелі y – тің көбейтіндісі

5.Қабырғасы с болатын текшенің көлемі

Балалар өз жауаптарын тақтадағы жазылып тұрған өрнектер ішінен сәйкесін тауып, тексереді.

Тақтада:

1000, 50, 5, x , 12 t, 2 x 2 ·3 x 3, 60 n, 3 ав, с2, 2,

60
n ,  ав, п r 2, а 2в, х у 4, 25 авс (– 0,2) в, 2 х2 ·3.

Оқушылар біз нені қайталадық. Қалай ойлайсындар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы неге байланысты?

М

Мұғалім сабақ тақырыбын айтады. Сабақтың мақсатын айтып, оқушылармен бірге бағалау критерийлерін құрады.

Жаңа тақырыпты ашу: .

Тақырыбымыз: Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану.

Презентация арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Бүтін өрнектердің ішіндегі ең қарапайымы – көбейту амалын пайдаланып, сандардан, әріптерден және олардың дәрежелерінен құрастырылған өрнек. Мысалы: 2а ; abc; 0,2bc ; -5ab .Мұндай өрнектерді бірмүше деп атайды. болады.Мысалы: 2а2 ; а2(-3b2); 4a2b3c.

  2. 4a2b3c бірмүшесіндегі сандық көбейткіш 4-коэффициент деп, ал a; b;c әріп көбейткіштер деп аталады. Бір ғана саннан немесе бір ғана әріптен тұратын өрнек те бірмүше болады.Мысалы: 5; а; х;  - бірмүшелер.

  3. Анықтама: Сандар мен әріптерден көбейту амалы арқылы құрастырылған бүтін өрнекті бірмүше деп атайды.

  4. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолданып 2b3(-3)bc2 бірмүшені ықшамдайық : 2b3(-3)bc2= 2 (-3)b3bc2 = -6b4c2 .

  5. Біз 2b3(-3)bc2 бірмүшені тек бір ғана сандық көбейткіш ,ал қалғандары әр түрлі әріп негіздегі дәрежелер түріне келтірдік. Мұндай бірмүшені стандарт түрдегі бірмүше деп атайды. Кез келген бірмүшені стандарт түрде жазуға болады. Стандарт түрдегі бірмүшенің сандық көбейткішін бірмүшенің коэффициенті деп атайды.

  6. 8a2bc3 бірмүшесінде барлық әріптер дәреже көрсеткіштерінің қосындысы (2+1+3)=6-ға тең.Бұл қосындыны (6-ны ) 8a2bc3 бірмүшесінің дәрежесі деп атайды.Егер бірмүшеде әріп көбейткіш жоқ болса, онда оның дәреже көрсеткіші нөлге тең деп саналады.

  7. Бірмүшелерді көбейткенде және дәрежеге шығарғанда негіздері бірдей дәрежелерді көбейту мен дәрежеге шығару ережесін қолданамыз. Мысалы:

1) -5a2bc мен 4a2b4 бірмүшелерін көбейту үшін сандық көбейткіштерді және негіздері бірдей дәрежелерді жеке-жеке топтастырамыз -5a2bc∙4a2b4=(-5∙4)(a2∙a2)(b∙b4)c =-20a4b5c

2) –х2у , 4х3у2 және -5ху бірмүшелердің көбейтіндісін анықтайық:

–х2у ∙ 4х3у2 ∙ (-5ху)= -1∙4∙ (-5) (x2x3x)(yy2y)=20x6y4

  1. Бірмүшені дәрежеге шығарғанда көбейтіндіні және дәрежеге шығару ережелерін қолданып, шыққан өрнекті ықшамдайды: Мысалы:

1) (-2a2b )3= (-2)3 (a2)3 b3= -8a6b3

2) (-x3y2)4= (-1)4(x3)4 (y2)4= x12y8

Кері байланыс. Оқушыларға сұрақтар қою:

1.Санды өрнек,яғни жай ғана сан бірмүше болады ма?

2.Бірмүшелерді көбейту амалын орындағанда қандай ережелерді қолданамыз?

3.Ұқсас бірмүшелер дегеніміз қандай бірмүшелер болуы мүмкін?

Ұқсас бірмүшелерге мысал келтіру.

Қорытынды жасаңыз.

Типтік есептер шығару:

№ 171, 172(тақ), 174 дидактикалық материал

Дифференциация есептер: 20.15, 20.19.

Бағалау:

1.Дәреженің қасиетін біледі.

2.Бірмүшені стандарт түрге келтіре алады.

3.Бірмүшеге амалдар қолданады.

Бағалау:

1.Дәреженің қасиетін біледі.

2.Өрнектерді ықшамдайды және сәйкестендіреді.

3.Бірмүшеге амалда қолданады.

Презентация

























http://bilimland.kz/ru/

























































































































































Алгебра 7 Шыныбеков Ә.Н.













Қосымша

Сабақтың соңы

3 минут

Үй тапсырмасы:

Рефлекcия

  • Тақырып сіздерге қиын болды ма?

  • Сабақ кезінде сіздерге не қиын болды?

  • Сіздерге сабақта не есіңізде көбірек сақталды?



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.

Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

.