Күні: 22.02.2017
Сынып : 1 «Ә»
Мұғалім: Сыдықбаева Ә.Ж
Сабақтың тақырыбы: «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі!»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелеу: Жастарды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Сабақтың түрі: топтық, ұжымдық.
Әдісі: Сұрақ-жауап, ойнау әдісі, талдау-жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: салынған суреттер .
Сабақтың барысы: Оқушылар екі топқа бөлініп тұрады.
Мұғалім:Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі!» деп аталады
Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге саулықтың толық мәнді теңдігі.
Оқушы:
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең
Мақал-мәтелдерден жарыс.
Денсаулық - зор байлық.
2) Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
3) Жан ауырса, тән азады.
4) Тәні саудың – жаны сау.
5) Тәуіптің жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.
6) Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтт.
7) Ауруын жасырған өледі.
8) Сырқат - тән жарасы, қайғы – жан жарасы.
9) Денің сау болса, жарлымын деме.
10) Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
11) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
12) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
13)Сұрап алған аурудың емі табылмас.
14)Көзің ауырса көзіңді тый,ішің ауырса, аузыңды тый.
15)Тазалық – саулық негізі,Саулық-байлық негізі.
16)Жалқаулық- жаман ауру.
17)Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Денсаулық сақтау ережелері.
1.Таңертең жаттығу жасау
2.Жуыну,бой-басын таза ұстау
3.Спортпен шұғылдану
4.Жақсы тамақтану
5.Күн тәртібі
6.Таза ауада демалу(табиғатқа саяхат)
7.Ұйқыға ерте жату
8.Теледидарды жақын көрмеу,уақытпен көру
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі». Ал сабағымыз түрі топтық ұжымдық. 4 топқа бөліп отыралық.
1 топ. «Табиғи күш» тобы
— Күн, таза ауа, суық. Денсаулыққа тигізер пайдасы қандай?
— Өз достарыңа табиғи күшті қорғауға қандай ұсыныстар айтар едіңдер?
— Ата-бабамыз табиғи күш қуаттарының қадірін түсініп, әдемі де әсерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген. Сол атаулы сөздерден мысал келтіріңдер.
2 топ. «Ептілер мен күштілер» тобы
— Денені шынықтырудың маңызы қандай? Шынықтырутүрлеріната.
— Өзіңсүйіпорындайтынспорттықойындар мен жаттығутүрлері? (Оқушыөзініңкүнделіктіайналысатынспорттықжаттығуларынкөрсетеді).
— Денешынықтыружұмыстарытуралы өз ойың.
3 топ. «Шипалы тағамдар» тобы
— Дұрыс тамақтану жолдары қандай?
— Асқа тағамдарды қалай пайдалану керек деп ойлайсың?
— Тағам түрлерінің адам денсаулығына пайдасы мен зиянды жақтарын салыстырып көрсет. (Сүт пен сыра, алма мен конфет, шипалы су мен тәттісусындар).
4 топ. «Сымбат» тобы.
— Жеке бас тазалығыдеген не? Өз ойың.
— Таза жүретінбаланықалайатайды? Оныңдостарынелер?
— Тазалықтысүймейтін бала қалайатайды? Оғаноқығаншығармаларыңнанқандаймысалкелтіресің?
Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені — өзін-өзі сыйлағаны.Адамның денсаулығы — өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады.
Қорытынды
- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?
- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?
Балалар, денсаулық ережесін шығардыңдар, бір-біріңе айтқан кеңестеріңді орындап жүрсеңдер,денсаулықтарың мықты болады. Қымбатты қонақтар, ұстаздар! Көңіл қойып, тәрбие сағатымызды тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет! Қош, сау болыңыздар!