СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дүкенге барамын

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Дүкенге барамын Мақсаты:Фонетика саласы негізінде алған білімдерін еске түсіре отырып, оқушыларға тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту. Міндеттері: Білімділік. Фонетикалық талдауды еске түсіру, мәтін бойынша сұрақ құрастыра білу, сурет бойынша сөйлем құрастыра білуге үйрету. Дамытушылық. Сөйлету, ойлау арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз ойын еркін жеткізу дағдысын жетілдіру, ауызекі сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік. Тілге деген қызығушылығын арттыру, топтық жұмыс арқылы достық қарым-қатынасқа, сыпайы болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс; Сабақтың көрнекілігі:слайдтағы азық-түлік суреттері, конверт, карточкалар, жетондар, ас туралы мақал-мәтелдер. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, топқа бөлу, оқу құралдарының толықтығы, оқушылардың көңіл-күйі, оқушылар назарын сабаққа толық аудару. 1. Оқушылар орындарынан тұрып, бір-бірінің қолдарынан кезекпен алып, үш тілде «сәлем, привет, hello » - деп, бір-бірімен амандасады. Мұғалім: Міне, осындай көңіл – күймен сабағымызды бастаймыз. Үйге қандай тапсырма берілді? ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Мақал-мәтелдер жаттау) ІІІ. Жаңа сабақ. - Балалар, айтыңдаршы дастарқанның сәні не? (нан, хлеб, брэд) Дұрыс айтасыңдар. (мұғалім слайдтан нанның суретін көрсетеді) - Адамдардың сүйіп ішітін сусыны не? (шай, чай, ти). Дұрыс айтасыңдар. (мұғалім слайдтан шайдың суретін көрсетеді) - Шай дәмді болу үшін шайға не қосады? (сүт, молоко, милк) Дұрыс айтасыңдар. (мұғалім слайдтан сүттің суретін көрсетеді) - Шайымыз тәтті болу үшін не қосамыз? (қант, сахар, щуга).Дұрыс айтасыңдар. (мұғалім слайдтан қанттың суретін көрсетеді) - Осы тағамдарды біз қайдан сатып аламыз? (дүкеннен) - Қандай дүкеннен? (азық-түлік). - Дұрыс, азық-түлік дүкенінен сатып аламыз. Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы «Азық-түлік дүкенінде» деп аталады. (Слайдтан сабақтың тақырыбы көрсетіледі) Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Тақтадағы плакатқа көңіл аудару.Слайд «Азық-түлік дүкенінде» Жаңа сөздер: (хормен оқу, жеке оқу, жатқа оқыту) Сөрелер – полки Тамақ түрлері – виды еды Келесі апта – следующая неделя Өлшеңіз –взвесьте пожалуйста Барды – ходили тізім – список Қуанды-радовался (-лись) Сапа –качество беріңізші- дайте пожалуйста барлығының құны – стоимость всего тағы не аласыз? - что еще возьмете? таңдап алды- выбрал(-а, -и) Сөздік дәптермен жұмыс Әр топтан бір оқушыдан келіп, конвертке салынған тапсырманы таңдап алады. І топ . 1-тапсырманы орындайды. Диалогты оқып, өз түсінгендерін айту. ІІ топ.2- тапсырманы орындайды. Мәтінді оқып мазмұндау. Сұрақ құрастыру. ІІІ топ.5-тапсырманы орындайды. Сурет бойынша сөз тіркесін, сөйлемдер құрастыру. Әр топтың тапсырмасын тексеру. (Тапсырманы жақсы орындаған топ 3 житон, екінші орындаған 2, үшінші орындаған 1 жетон алады.) Тақтамен жұмыс.4-тапсырма. Келесі сөздерге фонетикалық талдау жасау: Үш топтан үш оқушы шығып, фонетикалық талдау жасайды. Сөреден, ірімшік, шұжық (Тапсырманы бірінші және дұрыс орындаған топ 3 житон, екінші орындаған 2, үшінші орындаған 1 жетон алады.) «Адасқан әріптер» ойыны. Әр топ жасырылған сөзді шешуі керек. Ө с р е р е л - сөрелер А т қ а м - тамақ р і м і к ш і – ірімшік н е к ү д – дүкен ұ м ғ а і м л - мұғалім ышуқо - оқушы Сабақты бекіту: Мұғалім оқушыларға карточкалар таратады, оқушылар алған білімдерін пайдалана отырып, дұрыс-бұрыс жұмысын орындайды. Сөйлемдер дұрыс бұрыс Азық-түлік дүкенінде нан, қант, шай, сүт сатылмайды. - Азық-түлік дүкенінде нан, қант, шай, сүт сатылады. + Азық-түлік дүкенінде киімдер сатылады. - Сен азық-түлік дүкенінен қант, нан, кәмпит сатып алдың. + Ол азық-түлік дүкенінен қалам, дәптер сатып алды. - Әжем азық-түлік дүкенінен айран, қаймақ сатып әкелді. + Әр топ кезекпен сөйлемдерді оқып, дұрыс-бұрыс екендігін айқындайды. Рефлексия. 1.Бүгін қандай тақырып өттік? 2. Азық-түлік дүкенінде нелер сатылады? 3. Сабақ сендерге ұнады ма? Сабақ ұнаса, алдарыңдағы қағазды мына шеңбердің ішіне жапсыруларыңа болады. Үйге тапсырма: «Азық-түлік дүкенінде» тақырыбына 5 сөйлем құрастыру, жаңа сөздер. Бағалау. Мұғалім сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтап, бағалайды. Келесі сабақта біз осы тақырып төңірегінде сөз қозғаймыз.

Просмотр содержимого документа
«Дүкенге барамын»

Сабақтың тақырыбы: Дүкенге барамын
Мақсаты:Фонетика саласы негізінде алған білімдерін еске түсіре отырып, оқушыларға тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту.
Міндеттері: Білімділік. Фонетикалық талдауды еске түсіру, мәтін бойынша сұрақ құрастыра білу, сурет бойынша сөйлем құрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық. Сөйлету, ойлау арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз ойын еркін жеткізу дағдысын жетілдіру, ауызекі сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Тілге деген қызығушылығын арттыру, топтық жұмыс арқылы достық қарым-қатынасқа, сыпайы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс;
Сабақтың көрнекілігі:слайдтағы азық-түлік суреттері, конверт, карточкалар, жетондар, ас туралы мақал-мәтелдер.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, топқа бөлу, оқу құралдарының толықтығы, оқушылардың көңіл-күйі, оқушылар назарын сабаққа толық аудару.
1. Оқушылар орындарынан тұрып, бір-бірінің қолдарынан кезекпен алып, үш тілде «сәлем, привет, hello » - деп, бір-бірімен амандасады.
Мұғалім: Міне, осындай көңіл – күймен сабағымызды бастаймыз. Үйге қандай тапсырма берілді?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Мақал-мәтелдер жаттау)

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, айтыңдаршы дастарқанның сәні не? (нан, хлеб, брэд) Дұрыс айтасыңдар. (мұғалім слайдтан нанның суретін көрсетеді)
- Адамдардың сүйіп ішітін сусыны не? (шай, чай, ти). Дұрыс айтасыңдар. (мұғалім слайдтан шайдың суретін көрсетеді)
- Шай дәмді болу үшін шайға не қосады? (сүт, молоко, милк) Дұрыс айтасыңдар. (мұғалім слайдтан сүттің суретін көрсетеді)
- Шайымыз тәтті болу үшін не қосамыз? (қант, сахар, щуга).Дұрыс айтасыңдар. (мұғалім слайдтан қанттың суретін көрсетеді)
- Осы тағамдарды біз қайдан сатып аламыз? (дүкеннен)
- Қандай дүкеннен? (азық-түлік).
- Дұрыс, азық-түлік дүкенінен сатып аламыз. Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы «Азық-түлік дүкенінде» деп аталады. (Слайдтан сабақтың тақырыбы көрсетіледі)
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Тақтадағы плакатқа көңіл аудару.Слайд «Азық-түлік дүкенінде»

Жаңа сөздер: (хормен оқу, жеке оқу, жатқа оқыту)
Сөрелер – полки
Тамақ түрлері – виды еды
Келесі апта – следующая неделя
Өлшеңіз –взвесьте пожалуйста
Барды – ходили
тізім – список
Қуанды-радовался (-лись)
Сапа –качество
беріңізші- дайте пожалуйста
барлығының құны – стоимость всего
тағы не аласыз? - что еще возьмете?
таңдап алды- выбрал(-а, -и)

Сөздік дәптермен жұмыс
Әр топтан бір оқушыдан келіп, конвертке салынған тапсырманы таңдап алады.
І топ . 1-тапсырманы орындайды. Диалогты оқып, өз түсінгендерін айту.
ІІ топ.2- тапсырманы орындайды. Мәтінді оқып мазмұндау. Сұрақ құрастыру.
ІІІ топ.5-тапсырманы орындайды. Сурет бойынша сөз тіркесін, сөйлемдер құрастыру.
Әр топтың тапсырмасын тексеру.
(Тапсырманы жақсы орындаған топ 3 житон, екінші орындаған 2, үшінші орындаған 1 жетон алады.)
Тақтамен жұмыс.4-тапсырма. Келесі сөздерге фонетикалық талдау жасау:
Үш топтан үш оқушы шығып, фонетикалық талдау жасайды.
Сөреден, ірімшік, шұжық
(Тапсырманы бірінші және дұрыс орындаған топ 3 житон, екінші орындаған 2, үшінші орындаған 1 жетон алады.)
«Адасқан әріптер» ойыны. Әр топ жасырылған сөзді шешуі керек.
Ө с р е р е л - сөрелер
А т қ а м - тамақ
р і м і к ш і – ірімшік
н е к ү д – дүкен
ұ м ғ а і м л - мұғалім
ышуқо - оқушы

Сабақты бекіту: Мұғалім оқушыларға карточкалар таратады, оқушылар алған білімдерін пайдалана отырып, дұрыс-бұрыс жұмысын орындайды.
Сөйлемдер дұрыс бұрыс
Азық-түлік дүкенінде нан, қант, шай, сүт сатылмайды. -
Азық-түлік дүкенінде нан, қант, шай, сүт сатылады. +
Азық-түлік дүкенінде киімдер сатылады. -
Сен азық-түлік дүкенінен қант, нан, кәмпит сатып алдың. +
Ол азық-түлік дүкенінен қалам, дәптер сатып алды. -
Әжем азық-түлік дүкенінен айран, қаймақ сатып әкелді. +

Әр топ кезекпен сөйлемдерді оқып, дұрыс-бұрыс екендігін айқындайды.
Рефлексия. 1.Бүгін қандай тақырып өттік?
2. Азық-түлік дүкенінде нелер сатылады?
3. Сабақ сендерге ұнады ма? Сабақ ұнаса, алдарыңдағы қағазды мына шеңбердің ішіне жапсыруларыңа болады.
Үйге тапсырма: «Азық-түлік дүкенінде» тақырыбына 5 сөйлем құрастыру, жаңа сөздер.
Бағалау. Мұғалім сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтап, бағалайды.
Келесі сабақта біз осы тақырып төңірегінде сөз қозғаймыз.