СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Елбасы - ел тірегі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: Отанға, Елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

2.Дамытушылық – развивающая: Балаларға «тәуелсіздік», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: 1-желтоқсан «Тұңғыш Президент» мерекесі  жайлы айта отырып, бүлдіршіндерге Елбасының жасаған  еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.

Просмотр содержимого документа
«"Елбасы - ел тірегі"»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация

Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Менің Қазақстаным»

Тақырыбы/Тема: «Елбасы-ел тірегі»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Отанға, Елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

2.Дамытушылық – развивающая: Балаларға «тәуелсіздік», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: 1-желтоқсан «Тұңғыш Президент» мерекесі жайлы айта отырып, бүлдіршіндерге Елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: слайд «Елбасы және ҚР – ның рәміздері», Астана қаласының суреттері, Қазақстан картасы

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: елбасы – президент, ту – флаг, елтаңба – герб, әнұран – гимн


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Қызықты сәт: экраннан «Ғажайып ағаш» көрінеді.

Балалар бұл жай ағаш емес, сиқырлы ағаш екен. Сендер өз білімдеріңді көрсеткен сайын ағаш құлпыра түседі.

Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталады.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Слайдпен жұмыс:

1 – слайд: «Елбасы – ел тірегі»

Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?

Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

1991 жылы 1 желтоқсанда Республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев болып сайланды, қазақ елі өз басшысын сайлады. Қазір біз-бақытты елміз. Елбасымыз өз елінің қамы үшін,тағдыры үшін көптеген істерді жүзеге асырып,атқарып келеді.

Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

2 – слайд: «Ту»

Балалар тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

-Балалар, мынау Қазақстан Республикасының Туы, көгілдір түсті тік бұрышты кездеме.Тудың ортасында күннің шұғыласы,оның астында қалықтаған қыран құс бейнеленген.Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн,арай,қыран және ою-өрнек -алтын түсті.

Жеке жұмыс: Амирхан тудың түсі неліктен көгілдір деп ойлайсың?

3 – слайд: «Елтаңба»

-Балалар, мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

-Балалар елтаңбадан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

Тәрбиеші:-Балалар шаңырақ бірлікті,татулықты білдіреді,қанатты тұлпар қажымас қайраттың,жеңіске деген жасымас жігер, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі,асыл мұраттың,талмас талаптың, құштарлықтың,жақсылықтың белгісі. Ал бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі, жол нұсқайтын жарық жұлдызы.

Балалар Ту, Елтаңба, Әнұран – Қазақстан Республикасының рәміздері.

Билингвалдық компонент: ту – флаг, елтаңба – герб, әнұран – гимн.

Сергіту сәті.

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

«Астанаға саяхат шолу» Фотосюжет

Балаларға Астана жайлы суреттер арқылы әңгімелеп беру.

Тәрбиеші: -Астана-ол бас қаламыз. Астанамыз қазір үлкейіп,өркендеп келеді.Көшелері кең,онымен көп машиналар,троллейбустар,автобустар жүреді. – Астанада Президенттің сарайы бар. Президент Н.Назарбаев сол жерде қызмет істейді,шет ел басшыларын қабылдайды. Астанада әсем, биік үйлер салынып жатыр, Астанамыз көркейіп келеді.

«Туған жерді гүлдендір» ойыны

(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады)

–Балалар,туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне,сендерсіңдер. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда.Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең,керегесі кең ететін сендерсіңдер.Ол үшін терең, әрі жан-жақты білімді болу-міндеттерің.

Балалар қараңдаршы «Ғажайып ағаш» қалай құлпырып кетті. Сендер өз мемлекеттерің, рәміздерің мен Елбасы туралы көп біледі екенсіңдер. 3.Қорытынды/итоговая часть:

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Біздің мемлекеттік тіліміз қандай,қай тілде сөйлейміз?

-Біздің елдің президенті кім?

-Біздің еліміздің рәміздері?

-Елдің астанасы қай қала?

Жарайсыңдар, балалар! Қазақстан біздің Отанымыз. Сендер үлкен болып өскенде Елбасымыз сияқты Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар,Отан үшін еңбек етесіңдер. Балаларды мадақтау.