Жалпы білім беретін№77мектеп-балабақша кешені
Ағылшын тілін бірінші сыныпта оқытудың үлгілері, тәсілдері, технологиясы
Дайындаған ағылшын тілі мұғалімі
Береке Раушан Ұзаққызы
Қарағанды қаласы
2018
Ағылшын тілін бірінші сыныпта оқыту
Ағылшын тілін үйрену қажеттілігі қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның ағылшын тілін халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде еркін меңгерген мамандарға деген сұранысына байланысты туындап отыр.
Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 1-сыныбынан бастап ағылшын тілін үйрену көптілді және көпмәдениетті тұлғанын калыптасуына ықпал ететіні сөзсіз. Шетелдік жэне отандық жетекші лингвист ғалымдардың зерттеулері көрсетіп отырғандай, 6-7 жас шет тілін үйрену үшін ең қолайлы, өйткені тілдерді қабылдау кабілетінің өте жоғары деңгейде болуы осы жастағы балалардың психологиялык срекшеліктерінің бірі болып табылады.
Сабақ әдістемелік тұрғыдан сауатты ұйымдастырылған жағдайда шет тілін үйрену төменгі сынып оқушысының интеллектуалдық және шығармашылық дамуына ықпал етеді.
Ағылшын тілін оқытудың бірінші сыныптағы негізгі ұстанымдары (принциптер)
1. Бұл курс аталған жастағы оқушылардың мүмкіндігіне толықтай бейімделген болуы шарт және шектеулі тілдік материал шеңберінде олардың тілдік қабілеттерінің: тыңдау, сөйлесу, оқу және жазу (алфавиттен бастап қарапайым сөйлеу үлгілеріне дейінгі) барша төрт қырын да ашып, қалыптастыруы тиіс.
2. Жазуға дағдыландырудағы жүйелілік балаға әуелі үлгі бойынша әріптерді жазуды (үлгілерді қоршау жолымен) үйретеді, онын кейін оны біртіндеп әріптерді өзбетінше жазуға баулуды көздейді, онан соң дәл сондай тәсілмен сөздер жазуға үйретеді.
3. Баланың оқу машығын жетілдіру ағылшын тілін оқытудың аса маңызды, сонымен қатар аса күрделі элементі болып табылады. Оқуға баулудың түрліше жолдары бар. Соның ішіндегі кеңестік әдістеме жасап шығарған мейлінше дәстүрлі жол тіл үйретуді бастапқыда сөздер мен сөздік құрылымдарды тек қана ауызша, құлаққа естілу үлгісінде зерделеу, оларды транскрипция түрінде жазып бастау, яғни тек дыбыстық деңгейде үйрету болып саналады. Содан соң ғана әріптермен танысу басталады, нәтижесінде құлаққа таныс сөздерді оқу мен жазуға үйрету кезегі келеді.
4. Лексиканың шектеулі жиынтығы – оқытудың алғашқы сатысында аса қажетті шарттардың бірі. Оныңыз алфавитте келтірілген, сондай-ақ түр-түсі, санаулары, ойыншықтары, дене мүшелері, т.с.с. жағынан мәндес топқа жататын басқа да сөздерден тұрады. Жаңа құрылымдарды зерттеген кезде балалардың жадын ауырлатпайтын, бұрыннан жатталған сөздер ылғи да «алдан шығып» отырады. Мұғалімдер өздерінің classroom English жоспарын қажеттілікке және оқушылар тобының қабілетіне қарай іске қоса алады
5. Сабақ үстінде тек қана үйретілетін тілде сөйлесуді – ең алғашқы күннен талап ету, тіпті оқушы барлы-жоғы біренеше сөз ғана білетін кезден бастау өте-мөте қажетті! Өзара қарым-қатынас қол басындай қуыршақтармен сахнада ойнау арқылы немесе басқа да қолда бар құралдарды пайдалану, ойындар мен жаттығулар арқылы жиі жасалуы керек. Оқушыларды белсендіру үшін шағын әндер мен ұйқастар кең қолданылады, өйткені бұл жастағы балалар тілдің әндей әуезін өте тез қабыладап, мимикалық акцентті қапысыз үйренгіш келеді. Әндер мен ұйқастар сабақта өткен материалды оқушылар жалықпайтындай осындай тәсілмен тағы бір пысықтатуға лайықтап таңдалады. Әндер мен тақпақтар арқылы есте сақтау процесі жылдамдайды, сабақтар оқушының тіл үйренуге деген қабілеттілік мотивациясын арттыратындай тартымды бола түседі.
Коммуникативтік бейімді қалыптастыру
Тыңдау
Сөзді құлақпен қабылдай білушілікті қалыптастыру визуальды тіректер негізінде жүзеге асырылады. Білімдік мәтінді тыңдап болған соң оқушылар мына тапсырмаларды орындай алуы тиіс: аталған затты (нәрсені) нұсқап көрсету, суретін салу, сөз етіп отырған картинаны таңдап алу, суретті бояп "yes/no" тестін орындап шығу.
Мәтінді ұсыну шарттары мынадай:
баяу айтылған сөзді 1 минуттай мөлшерде тыңдату, екі есе ұзақ мәтінді үйренетін тіліміздің диктор-орындаушысы арқылы тыңдату. Тыңдау тәсілін тілдік материалды ұсынған кезде оқу-үйрену құралы ретінде пайдалану, сондай-ақ оқу үшін берілген мәтінді көзге көрнекті түрде қабылдау да естіген сөзді түсіну қабілетін қамтамасыз етеді.
Сөйлеу
Сөйлей білу бейімін қалыптастыру оқушылардың диалогикалық және монологикалық сөз үлгісін үйренуіне жол салады. Диалогикалық сөйлеуге үйретудің мақсаты оқушылардың функционалдық диалог-үлгілер негізінде элементар деңгейде ауызша (инициативалы және реактивті) сұхбат құра білу қабылетін қалыптастыру, сонымен қатар мұғалімнің сұрағына (реактивті) жауап беру болып табылады. Монологиялық сөзге үйрету материалды көз алдында тұрған нәрсе бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады, яғни адамдар мен нәрселерді бейнелеумен шектеледі. Бұл арада оқушының сөйлеу қарқынына (темпіне) айрықша назар аудару керек болады, сөйлеу темпін тілдік материалды хормен қосылып және екі бала қосылып айту арқылы арттыру керек.
Жазу
Жазуға үйретудің негізгі мақсаты графикалық және орфографиялық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ оқушыны жазбаша сөзбен коммуникативтік бейімдер меңгертуге даярлау болып табылады. Оқу-үйренудің алғашқы жылының соңында оқушылар ағылшын алфавитінің барлық әріптерін, бас әріптері мен кіші әріптерін графикалық тұрғыда қағазға қатесіз түсіруге машықтануы, лексикалық минимумның барлық сөздерін орфографияалық тұрғыда дұрыс жаза алуы, қысқа мәтіндік тапсырмаларды көрнекті үлгіге сүйене отырып қағазға түсіре білуі керек.
Оқу
Бұл кезеңдегі оқуға үйретудің негізгі мақсаты оқушылар бойында оқу техникасының дағдыларын қалыптастыру, ал келешекте оқығанынан белгілі бір ақпарат алу бейімін шыңдау болып табылады, өйткені оқу техникасын меңгеру сапасы баланы оқыған мәтінінің мазмұнын ұғынуға жетелейді. Дауыстап оқыған кезде оқушылар өздеріне таныс тілдік материалдарға құрылған жаңа сөздерді, сөйлемдер мен шағын мәтіндерді дұрыстап оқи білуі керек. Мәтін сөздерінің таныс болуының маңызы зор: оқуға кіріспес бұрын оқушылар берілген мәтіндегі барша сөздермен дерлік таныс болғаны (бұл сөздерді мың-сан рет тыңдауы және айтуы, олардың жазылуын білуі, карточкадан бірден тануы, суреттер бойынша тез табуы, т.с.с.) керек. Оқу үдерісін оқу-үйрену құралы, тапсырмаларды орындау құралы ретінде пайдалану да оқи білу бейімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ағылшын тілін үйреткен кезде мұғалім мынадай дидактикалық:
тәрбиелік оқыту, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және бірізділік, меңгеру беріктігі, қолжетімділік (қолдан келушілік), даралау қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс.
Ағылшын тілін үйретуде жоспарланған нәтижеге қол жеткізу үшін мынадай әдістемелік: оқыту коммуникативтілігі, материалдың жағдаяттық-тақырыптық ұсынылуы (ұйымдастырылуы), функционалдылық, кешенділік, жіктелу, шоғырлану қағидаттарына сүйену маңызды.
Оқушылардың бағдарлама материалын жемісті меңгеруі үшін аталған қағидаттарға сәйкес мынадай педагогикалық технологиялар қолданылады:
Ойын технологиялары
Ойын - оқушылармен дидактикалық қарым-қатынас жасаудың әмбебап нысаны. Ол білім берудің ең көне нысаны болып табылады, өйткені қатысушылардын жасына шектеу қойылмайды, ойыншыларға өздерін оқу үдерісінің субъектілері ретінде сезінуге мүмкіндік береді.
Мұғалім ағылшын тілінің әр сабағында ойын әдістерін пайдалануға тиіс. Төменгі сынып окушыларының жасы мен психологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, бұл тәсілдер ең тиімді болып табылады.
Ағылшын тілін үйретудің бастапқы кезеңінде оку ойындарының тілдік (фонетикалық, лексикалық, грамматикалык), рөлдік және динамикалық түрлерін араластыра пайдаланған жөн.
Денсаулық сақтау технологиялары
Сабактың барысында мұғалім оқу-тәрбие режимінің физиологиялық негіздерін сақтауға тиіс (еңбекке кабілеттілік уақытын, шаршағыштықты, оқу жүктемесін ескеру, дене шыныктыру минуттарын, динамикалық (қозғалыс) ойындарын өткізу).
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
АКТ қолдану мұғалімге жеке тұлғаға бейімделу көзқарасын қолдануға, көрнекі-безендіру материалын түрлендіруге мүмкіндік береді, ал ол өз кезегінде төменгі сынып оқушыларының танымдык белсенділігін арттыруға бағытталған. Санитарлык-гигиеналық нормалар бойынша мультимедиялык құралдармен (компьютер, интерактивті тақта және т.б.) жұмыс жүргізуге 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Білім материалын оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келетін жүйелі түрде беру балалардың күнделікті өмірінің салаларына байла- нысты сөздерді, сөйлемдерді түсіну мен қолдануды көздейді (өзі, от басы, досы, сүйікті ойыншықтары, ойындары, жануарлары, түсі, ыдыс- аяқ бұйымдары, киімі туралы әңгіме).
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хатында:
Кешендік принципі ағылшын тілі бойынша тілдік емес (экстралингвистикалық) және тілдік (лингвистикалық) оқу материалының өзара байланысқан ұсынылымында, сонымен бірге сөйлеу қызметінің түрлерін өзара байланысқан аспектіде оқытуда: 1-сыныпта – аудиолау және сөйлету (ауызша алға озу принципі бойынша; ағылшын әліпбиімен танысу 2-жартыжылдықтан басталады), аудиолау, сөйлету, оқу және жазу – 2-4-сыныптан бастап жүзеге асырылады.
Қолданылған әдебиеттер:
Smiles
2.
3. Жаңарту