Ұйымдастыру - іздестіру
|
Бүгін ауа-райы қандай?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде неше ай бар?
Олар қалай аталады?
Иә, балалар дұрыс айтасыңдар! күн жылынды, адамдар жеңіл киіне бастады, ағаштар бүршік жара бастады. Адамдар, аңдар, құстар барлығы да жазға дайындала бастайды.
Кейбір құстар жылы жақтан ұшып келді, ал кейбіреулері салқын жаққа ұшып кетті.
Суретпен жұмыс жасау
Қарға , Сауысқан, Торғай, Үкі, Бүркіт
Бүркіт орманда, тауда өмір сүреді.
Адамдар бүркітті қолға да ұстайды. Аң аулауға баптайды. Ондай адамды құсбегі деп атайды. Бүркіт қасқыр, түлкі, қоян аулайды. Сауысқан, қарға, торғайды күнде кездестіреміз.
Құстардың ортақ қасиеті:
қанаты бар ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.
Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды.
Құстардың пайдасы:
олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды. Мысалы: құрт, құмырысқа. шіркейлерді жейді.
Енді, келесі құстар туралы білу үшін тақпақтар айтайықшы.
Сергіту сәті.
Қарға біздің қар, қар,
Сауысқаны саңқ, саңқ.
Торғайларым шиқ, шиқ,
Жапалағым ух, ух.
Көкек көкек, көкек деп,
Ұшады екен желпілдеп
Дидактикалық ойын:
«Бұл қай кезде болады?!»
Ойын: «Не артық?»
Мақсаты: Балаларды орман тұрғындарын үй жануарларынан ажырата білуге дағдыландыру.
Шарты: Бала жабайы жануарлардың ортасынан үй жануарын тауып алуы керек. Аю,қасқыр,түлкі,сиыр т.б.
Балалар енді сыртқа шығып, өздеріңіздің ата-аналарыңның көмегімен жасалған ұясын бөбекжай жанындағы ағаш басына ілейік.
Балалар бұл ұяға жыл құстары келіп, балапан басады. Балапандарын осы ұяда өсіреді. Осы ұядан олар қанаттары қатайып, ұшып шығады. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Құстарды қорғау адам баласына абыройлы да, міндетті жұмыс жүктейді. Сендер осы ұядағы балапандарға қамқор болуларың керек.
|
Бүгін ауа-райы жылы.
Көктем мезгілі.
Көктемде үш ай бар.
Наурыз, сәуір, мамыр
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар суретті мұқият қарайды.
Бала көмекке келді.
Балалар торғай, сауысқан, тоқылдақ туралы тақпақтар айтады.
Інжу
Торғай,торғай,тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
Момақансып отырып ап.
Азиза:
Тақылдатып мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Тоқылдақ орманды емдейді.
Ерқабыл:
Сабынды тасып тауысқан,
Бұл құстың аты сауысқан.
Таниды үлкен кішіде,
Көрседе оны алыстан.
Балалар сергіту сәтінде қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар дидактикалық ойын ойнайды.
Балалар жабайы жануарлардың ішінен үй жануарларын тауып алады.
Балалар тәрбиешімен бірге сыртқа шығып, ұяны ағаш басына орналастырғанын тамашалайды.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
|