СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Менің Қазақстаным" көркем әдебиет

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгі иелерін тәуелсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Балалар сөздігін молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«"Менің Қазақстаным" көркем әдебиет»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация

Пән/Предмет: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Менің Қазақстаным»

Тақырыбы/Тема: «Менің Қазақстаным» (әңгіме)

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгі иелерін тәуелсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Балалар сөздігін молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру.

3.Оқыту – обучающая: Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: лего технология, денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: ҚР – ның картасы, суреттер, үнтаспа, кубиктер.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: тәуелсіздік – независимость, ту- флаг, елтаңба – герб, әнұран – гимн, елорда - столица


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Қызықты сәт: Дымбілмес келеді. (қолында картасы бар)

-Балалар мен мына суретті жолдан тауып алдым. Мен бұл не сурет екенін білмеймін. Сендер білесіңдер ме?

Балалар дұрыс айтасыңдар, бұл карта екен.

Балалар сендер қандай мемлекетте тұрасыңдар?

Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Міне мынау – Қазақстанның картасы. Кең байтақ Қазақстан. Ол – жерге де, елге де бай мемлекет, себебі Қазақстанда көптеген байлықтар бар: мұнай, темір, көмір, күріш, мақта, астық-бидай. Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ.

Дымбілмес сен балалармен бірге отырып Қазақстан туралы біліп ал.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

-Қазақстан қандай мемлекет?

Сендер «тәуелсіз, егеменді» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана жайында қысқаша слайдтан суреттер көрсету. Көркем сұлу Астанадан: Ақ орда, Бәйтерек, Думан мен Ханшатыр (ойын-сауық орталықтары) бар.

Билингвалдық компонент: тәуелсіздік – независимость, елорда - столица

Балалар, біздің өзіміздің әнұранымыз, туымыз, елтаңбамыз бар, тәуелсіз мемлекет екенбіз.

Әңгімелесу:

1)Мемлекеттік туда не бейнеленген?

-Шұғылалы күн, қыран бүркіт, ою-өрнек

2)Туымыздың түсі қандай?

-Туымыздың түсі көгілдір.

3) Тудың ортасында жарқырап шыққан не?

-Ортасында жарқыраған күн. Ол домалақ, сары түсті.

4) Күннін астында қалықтап ұшқан не?

-Қыран құс бейнеленген.

5)Ою-өрнек нені білдіреді?

-Ою-өрнек қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін және ұлттық өнерін білдіреді.

Күн, қыран құс және ұлттық ою-өрнек алтын түспен белгіленген. Алтын түс молшылық белгісі.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, еліміздің ашық аспандай көгілдір туымыз, айбынды елтанбамыз, мағыналы әнұранымыз бар.

Ал елтаңба туралы не білесіңдер?

-Балалар шаңырақ бірлікті,татулықты білдіреді,қанатты тұлпар қажымас қайраттың,жеңіске деген жасымас жігер, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі,асыл мұраттың,талмас талаптың, құштарлықтың,жақсылықтың белгісі. Ал бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі, жол нұсқайтын жарық жұлдызы.

Билингвалдық компонент: ту- флаг, елтаңба – герб, әнұран – гимн

Сергіту сәті:

Тәуелсіз елдің тірегі( қолдарын жоғары көтереді)

Біз боламыз жүрегі (қолдарын жүректеріне қояды)

Артқа қадам баспаймыз

Тек алға-алға бастаймыз

Құран қыстай қалықтап (құс болып ұшады)

Болашаққа самқаймыз .

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша!

Көзімізді ашамыз. Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.

Лего технология: кубиктерді құрастыра отырып, Қазақстан туралы әңгімелеу.

Жеке жұмыс: Айлин сен қандай суретті құрастырдың? Бәйтерек қай қалада орналасқан?

Дидактикалық ойын: «Өз туыңды тауып ал»

Барысы: тақтаға көптеген мемлекеттердің туы ілінген. Осы тулардың ішінен өз туыңды көрсет.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар біз тұратын мемлекет қалай аталады ?

Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақстан Республикасының бас қаласы қалай аталады?

Ал, сендер тұратын қала қалай аталады?

Балаларды мадақтау.