Өзiн-өзi тану сабағы
Мектеп_______________Мерзiм____________№ 7
Тақырып: Рухани байлық- игілік көзі
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: адамгершілік, игілік
Мұғалiм: Сынып:10 Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларға қазақ халқының рухани байлығы мәдени құндылықтар туралы түсінік беру.
Міндеттері:
-рухани байлық көздерін ұғындыру;
-рухани байлықты бағалай білуге үйрету;
-рухани байлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаныңыз: денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпынына шағалалардың шуылына құлақ түріңіз.Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз:ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезініп, су астында жүзу қандай керемет жағыңызға қараңыз; мұнда кемпірқосақ тәрізді әрлі берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасаен зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз...бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлемсіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз?(мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады.)
Ал қазір жоғарыға өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты, сіз субетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
|
- Үй тапсырмасын тексеру.
Н.Айтұлының «Күлтегіннің көк тасы» өлеңін оқытып, мазмұнын сұрау.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
- Әңгiмелеу (сұхбат).
- Қандай құндылықтарды рухани байлық дейді?
- Игілік дегенді қалай түсінесіздер?
- Ізгі іс пен игі тілектің руханилық күші неде?
|
|
- Дәйек сөз.
Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі – заттық нәрсе емес, рухани дүние.
Платон
|
|
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Туған тілім-рухани асыл қазынам» тақырыбына өлең құрастырып көріңіздер.
|
|
- Топпен ән айту.
Өз елім
Сөзі Қ. Мырза Әлидікі,
Өлеңі Н.Тілендиевтікі.
|
|
- Үй тапсырмасы.
29 беттегі жаңа ақпаратты оқып келу.
|
|
- Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
|
|
Просмотр содержимого документа
«Рухани байлық- игілік көзі»