СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әскери міндеттілік және әскери қызмет

Категория: ОБЖ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әскери міндеттілік және әскери қызметӘскери міндеттілік және әскери қызмет

Просмотр содержимого документа
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет»

«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК құрудың заңдылық негіздері. ҚР әскери доктринасы.

  2. Сабақтың мақсаты: Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған кезден бастап, оның алдында өзінің дербес ҚК құру міндеті тұрды.

  3. Уақыты: 45мин.

  4. Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

  6. Сабақтың барысы:


А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. ҚР ҚК құруға не ықпал етті?

2. ҚР ҚК қандай міндеттерді шешуге бағытталған?

3. Қазіргі кезеңдегі ҚР әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік саясат қандай негізгі қағидаларға сүйене отырып құрылады?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған кезден бастап, оның алдында өзінің дербес Қарулы Күштерін құру міндеті тұрды. ҚР Конситутциясының 5-бап 3-тармағында: «Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конситутциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады» делінген.

Қоғам орғаныштығының тағы бір кепілі - әскери қызметшілердің қандай да бір саяси партияны қолдауына немесе оған қатысуына жол бермеу. Осылайша ҚК тарапынан өкіметке қарсы бағытталған саяси іс-әрекеттер Конситутцияға қарсы болып табылады.


В) Қорытынды бөлім – 10минут.

Көрші мемлекеттермен достық қарым-қатынас құру жөніндегі салмақталған саясат жүргізудің арқасында, тікелей әскери агрессия қаупінің жоқтығына қарай орта мерзімді болашақта оған ҚР тартумен мұндай жанжалдың туындау мүмкіндігі төмен.







Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________





«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Әскери міндеттілік және әскери қызмет

2.Сабақтың мақсаты: ҚР 2005жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы» Заңының жалпы Ережелерінде республиканың қазіргі Конситутциясының талаптарына сәйкес, елді қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің басты қызметі болып табылатыны және Қазақстан халқының әрқайсысының ісі екендігін түсіндіру.

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Қазақстанның ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай заңнамалық негіз қаланды?

2. ҚР Президенті бейбіт және соғыс уақытында Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қамтамасыз ету мақсатында қандай шаралар қолданады?

3. ҚР ҚК қандай ұстанымдар бойынша толықтырылады?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Заң Қарулы Күштерді толықтыруды екі түрлі аумақтық және аумақтан тыс принциптердің үйлесімі негізінде әскери қызметке келісімшартпен және шақырылым бойынша белгілейді. Заңда әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің құрамы белгіленген. Әскери қызметшілер мен әскери міндетілер:

  1. сарбаздар (матростар);

  2. сержанттар (старшиналар);

  3. офицерлер құрамына бөлінеді.

Заңда тұңғыш рет әскери қызмет түрлері анықталды. Әскери қызмет мемлекеттік қызметтің айрықша түрі екендігі, оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда басымдылыққа ие екендігі көрсетілген.

В) Қорытынды бөлім: 10 - минут

Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт әскери-қызметте болудың шекті жасына жеткенге дейін үш жылға, бес жылға, он жылға немесе әскери оқу орнындағы оқу мерзіміне және оны бітіргеннен кейін әскери қызметке он жылға жасалуы мүмкін. Кандиттарды іріктеу және олардың келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру тәртібі Әскери қызмет өткеру ережелерінде сәйкес айқындалады.


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________

«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Машиналар жанындағы және машинадағы сарбаздың іс-әрекеті

2.Сабақтың мақсаты: Саптық дайындық ұғымын түсіндіру.

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. ҚР Заңы бойынша ҚК толықтырудың қандай түрлері бар?

2. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді даярлау қалай жүргізіледі?

3. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қандай талаптар қойылады?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Бөлімшелер мен бөлімдер жазылма сапқа машиналардың бойымен, маңдайшеп бойынша бір сызық бойымен, ал взводтардың және роталардың лектері Жарғыда белгіленген немесе командир белгілеген машиналардың және бөлімшелердің арасындағы аралықтар мен арақашықтықтарда сапқа тұрады. Бұл ретте жеке құрам машиналарда болады немесе машиналардың алдында взводтардың және роталардың бойымен соңғы қатар машиналардың алдында үш адымнан жақын емес болатындай екі қатарлы немесе бір қатарлы саппен сапқа тұрады; машиналардың механик-жүргізушілері және жүргізушілері өз бөлімшелеріндегі сапқа тұрады.

Жеке құрамды машиналарға отырғызу:

  • жаяу әскердің машиналары мен бронетранспортерлеріне люктер арқылы;

  • автомобильдерге – оң, сол және артқы кемер арқылы;

  • жабық қорапты автомобильдерге артұы кемер арқылы жүргізілуі мүмкін;


в) Қорытынды бөлім – 10 минут

Бөлімшенің командирі жеке құрамды отырғызудың дұрыстығын қадағалйды, ал отырғызу аяқталғаннан кейін есіктердің және кемелердің бекітілгенін тексереді, ұрыс машинасындағы өз орнына және бронотранспортердегі машина командирінің орнына, ал автомобильде – жүргізушінің қасына немесе аға командирдің нұсқауы бойынша автомобиль қорабының сол жақ, алдыңғы бұрышына отырады.





Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________






«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Орында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс жасау. Қозғалыстағы бұрылыстар.

2.Сабақтың мақсаты: Артқа және солға бұрылу – сол қол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізілетінін түсіндіру.

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Жеке құрамның автомашиналар алдында сапқа тұру реті қандай?

2. Машиналар қозғалысын басқару үшін қандай пәрмендер беріледі?

3. Жеке құрамның машинадан түсу реті қандай?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Орнындағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады. Артқа және солға бұрылу – сол қол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.

Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:

  • бірінші тәсіл – дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;

  • екінші тәсіл – қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек;

Адыммен қозғалыс жасау минутына – 110-120 адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы – 70-80см.

Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 165-180 адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы – 85-90см.

Адым саптық және жорықтық болады. Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өтуі кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде; әскери қызметші саптан шыққанда және сапқа қайтып келгенде, сондай-ақ саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады;


В) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Артқа бұрылу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі, осы пәрмен бойынша сол аяқпен тағы да бір адым жасау керек оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солға және сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, қозғалысты сол аяқпен жаңа бағыт бойынша жалғастыру керек. Бұрылыс кезінде қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізіледі.



Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________




«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Бірқатарлы саптан екі қатарлы сапқа қайта сап құру және керісінше.

2.Сабақтың мақсаты: Бөлімшенің бір қатарлы және екі қатарлы ұғымын үйрету.

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?

2. Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?

3. Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Саптық тұрысты қабылдап және пәрмен беріп, бөлімшенің командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама-қарсы тұрады; бөлімше штатқа сәйкес командирден солға қарай сапқа тұрады.

  • Бөлімшені орнында түзету қажеттілігі туындағанда: «Түзел!» немесе «Солға-түзел!» пәрмендері беріледі;

  • Бөлімше бір қатардан екі қатарға қайта сапқа тұру үшін алдын-ала: «Бөлімше, бірінші және екіншіге санал!» пәрмені беріледі;

  • Жалпы нөмірлеу жүргізілгенде: «Бөлімше, ретімен-санал!» пәрмені беріледі;

  • Бөлімше өз орнында бір қатардан екі қатарға қайтадан сапқа тұруы «Бөлімше, екі қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі;

  • Бөлімшенің өз орнында екі қатарлы тығыз саптан бір қатарлы сапқа тұруы үшін бөлімше алдын ала бір адымға сиреңкірейді, содан кейін: «Бөлімше, бір қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі.

В) Қорытынды бөлім – 10 минут

Бастықты басып озғанда - әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек. Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді аға бастықтың жағына қарай



Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________





«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Шаруашылық нысандарының азаматтық қорғанысы

2.Сабақтың мақсаты: Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды түсіндіру

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?

2. Бөлімшені бір немесе екі қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Азаматтық қорғаныс – басқару ұйымдарының мемлекеттік жүйесі мен техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан, қазіргі кездегі жаппай жою қаруының әсерінен аумақ пен шаруашылық нысандарын, халықты қорғау мақсатында бейбіт және соғыс уақытында өткізілетін жалпы мемлекеттік іс-шаралар жиынтығы.

Азаматтық қорғаныс қызметімен орындалатын алуан түрлі міндеттер мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

  • бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде және қазіргі кездегі жаппай жою қаруын қолдануда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • мекемелер мен халық шаруашылығының салаларындағы жұмыс тұрақтылығын арттыру;

  • халықтың өмірін қамтамасыз ету;

  • төтенше жағдай қалыптасқан аймақтарда және зақымдану ошақтарындағы құтқару, сондай-ақ басқа да шұғыл жұмыстарды өткізу мен ұйымдастыру;

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Қызмет көрсету құрамалары құтқару жұмыстары кезінде арнайы шаралар өткізеді (барлау жасау, залалсаздандыру, алғашқы медициналық жәрдем көрсету, тасалар мен паналарға қызмет көрсетуші топтардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етеді және күшейтеді.




Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________










«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Осы заманғы жаппай жою құралдары

2.Сабақтың мақсаты: Қазіргі кездегі жаппай жою құралдарының түрлерін түсіндіру, зақым күштерін саралау.

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?

2. Азаматтық қорғаныс қандай қызметтер атқарады?

3. ҚР Азматтық қорғанысына кім басшылық жасайды?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Жаппай жою қаруларының басқа қаруларға қарағанда өз ерекшеліктері болады:

  • зақымдаушы факторлардың әсер етуінің ауқымдылығы;

  • ЗФ әрекетінің ұзақтығы;

  • Үлкен моральдық-психологиялық әсер етуі;

  • әскерлердегі жеке құрамның, халықтың арнайы қорғануының, техниканың, түрлі нысандар мен жергілікті жерді дезинфекциялау, газсыздандыру, дезактивациялау жүргізудің қажеттілігі.

Ядролық қару жарылыс кезінде лезде бөлініп шығатын, ішкі ядролық қуатты пайдалану негізінде әрекет ететін қару ядролық деп аталады. Ядролық зарядтың қуатты тротил эквиваленті арқылы белгіленеді, яғни кәдімгі жарылғыш заттың санымен, оның жарылу кезінде ядролық оқ-дәрі жарылғанда шығатындай қуат бөлініп шығарылады.

Жарылыс болған жер нүкте – орталық, ал жер үстіндегі оның проекциясы – ядролық жарылыстың эпицентрі деп аталады.

Иондандырушы сәулеленудің әсерімен пайда болатын электр зарядтарының ауада бір қалыпты тарамауы салдарынан электромагнитті импульс түзіледі.


В) Қорытынды бөлім – 10минут

Егер ауадағы ядролық жарылыс кезінде сақтанбаған адам үшін қауіпсіз қашықтық болса, ашық фортификациялық құрылыста орналасқан жеке құрам 2/3 қашықтықта да жарақаттанбайды. Бүркемеленген орлар зақымдау әрекетінің радиусын 2 есе, ал блиндаж 3 есе кемітеді. Ал 10м-ден артық тереңдіктегі жер астының берік құрылысында орналасқан жеке құрам бұл ауадағы ядролық жарылыстың эпицентрінде болған күнде де жарақаттанбайды.




Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________



«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Жарықтық сәулелену

2.Сабақтың мақсаты: Ядролық жарылыстың жарықтық сәулеленуі ұғымын түсіндіру.

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Ядролық қару дегеніміз не?

2. Ядролық қарудың әкелетін зақымдары қандай?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Ядролық жарылыстың жарықтық сәулеленуі дегеніміз – спектрдің көзге көрінетін, ультракүлгін және инфрақызыл облыстарындағы оптикалық диапазонның электромагниттік сәулеленуі.

Жарықтық сәулеленудің негізгі қайнар көзі – ауа мен оқ-дәрінің құрылымдық материалдарының жоғары температураға дейін қызған буынынан тұратын, ал жер үсті жарылыстарында буланған топырақтан да тұратын жарылыстың жарқырауық бөлігі болып саналады. Жарқырауық бөлік үш фазадан: бастапқы, бірінші және екінші фазадан тұрады.

Бастапқы фаза өте қысқа мерзімді – оқ-дәрідегі ядролық реакцияның бастапқы кезеңінен гомотермиялық шардың үстіңгі қабатынан соққы толқын бөлініп шығуына дейінгі кезеңді қамтиды. Бастапқы фазадағы жарқырауық бөліктің жарықтық температурасы біраз уақытқа дейін 10 мың К-ға тең болады.

Соққы толқынның жарқырауық бөліктің үстіңгі жағына шығу кезеңі бірінші фаза деп аталады, онда жарқырауық бөліктің дамуы соққы толқын аймағының таралу заңдылығымен айқындалады. Жарықтық температурасы соққы толқын аймағындағы ауа температурасына тең келеді.

В) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Жарықтық сәулеленуден қорғанудың қосымша шаралары ретінде мыналар ұсынылады:

  • орлардың, жыралар мен жергілікті заттардың экрандау қасиетін қолдану;

  • жарықтық сәулелену энергиясын жұтуға арналған түтінді бүркеме жасау;

  • материалдардың шағылысу қабілетін көтеру;

  • жарықтық сәулелену әсеріне төзімділікті арттыру;

  • өртке қарсы шаралар жүргізу;

  • тәуліктің қараңғы мерзімінде көзді уақытша көрмей қалудан қорғайтын заттарды қолдану;



Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________





«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Өткір радиация

2.Сабақтың мақсаты: Ядролық жарылыстың өткір радиациясы туралы түсінік қалыптастыру.

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Жарықтық сәулелену дегеніміз не?

2. Күйік неше дәрежеге бөлінеді?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Ядролық жарылыстың өткір радиациясы дегеніміз – сәулелену мен нейтрондар ағыны. Сәулелену мен нейтронды сәулелену өзінің физикалық құрылымы жағынан әр түрлі, ал оларға ортақ нәрсе – олар жан-жаққа 2,5-3 км-ге дейін тарайды. Биологиялық ұлпа арқылы өткен кванттар мен нейтрондар тірі жасушалардың құрамына енетін атомдар мен молекулаларды иондандырады, нәтижесінде қалыпты зат алмасуы бұзылып, жасушалардың, жекеленген органдар мен ағза жүйесінің өмір сүру сипаты өзгеріп, сәуле ауруының тууына әкеп соғады.


В) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Өткір радиациядан енген әлсіретуден ең үлкен шамасына фортификациялық құрылыстар ие. Адам ағзасына ионданған сәулелену әсерін әлсірету үшін әр түрлі радиацияға қарсы құралдар қолданылады.



Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________















«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы

2.Сабақтың мақсаты: Ядролық оқ-дәрілер туралы мәлімет беру.

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Жаппай жою қаруына қарудың қандай түрлері бар?

2. Жаппай жою қаруы мен қарапайым қару түрлерінің айрықша ерекшеліктері қандай?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Соққы толқынына, зиянды сәулеге шалдығу және өткір радиацияның бір уақытта айтарлықтай әсер етуі, адамдарға, әскери техникаға, қару-жарақ пен құрылыстарға ядролық оқ-дәрілер жарылысы зақымдау әрекетінің араластығымен сипатталады.

  • Орташа зақымдануға әскери жөндеу бөлімдері мен бөлімшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін қару-жарақ пен әскери техниканың зақымдануы жатады.

  • Күшті зақымдану кезінде нысан не түгелдей жарамсыз болады, не қатарға күрделі жөндеуден өткен соң ғана қосылады.

  • Толық зақымдану кезінде нысанды қалпына келтіру мүмкін болмайды.

  • Фортификациялық құрылыстар, негізінен, соққы толқыннан зақымданады, ал қорғаныш жоқ кезде топырақтағы сейсможарылғыш толқындар әсерінен де зақымданады.

  • Әлсіз қираудан кейін құрылыстар ұрысқа қолдануға жарамды, бірақ соңынан жөндеуді қажет етеді.

  • Орташа қирау кезінде құрылыстардың тікелей мақсатта қолданылуы шектеулі болады да, ол қатардан шығарылады.


В) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Нысанды зақымдауда ядролық соққының әсер етуі төмендегідей факторларға байланысты:

  • нысанның түрі, өлшемі және жылжымалылығы;

  • нысанның қарапайым нысаналарының зақымдау факторларына беріктігі;

  • жарылыстың күші, түрі және саны;

  • соққы кезіндегі жергілікті жердің бедері мен метеорологиялық жағдайлары;


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________







«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Химиялық қару

2.Сабақтың мақсаты: Химиялық қару ұғымын түсіндіру, түрлерін анықтау.

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Аралас зақымдаулар неге негізделеді?

2. Зақымдау нысандарын қалай топтастыруға болады?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Химиялық қару – ұрыстық улы химиялық заттарды қолдануға негізделегн жаппай зақымдау құралдарының бірі. Ұрыстық улы химиялық заттарға улағыш заттар мен уыттылар жатады, ол адам мен жануарлар ағзасын зақымдауға бағытталады, сондай-ақ ҰУХЗ-ға өсімдіктердің әр түрін зақымдау үшін қолданылатын фитотоксиканттар да кіреді. Химиялық қару қарсыластың тірі күшін жоюға, оның ұрысқа қабілеттілігін төмендетуге, сондай-ақ әскер мен тыл нысандарының ұрыс әрекеттеріне қиындық келтіруге арналады. Фитотоксиканттар қарсыластың азық-түлік базасын жоюға, әскери-экономиялық қуатына нұқсан келтіруге қасиетін төмендету мақсатында дәнді дақылдар мен басқа да ауыл шаруашылығы өсімдіктерін жоюға қолданылады. Химиялық қаруларды нысандарға жеткізу үшін авиация, ракеталар, артиллериялар мен инженерлік және химиялық әскери заттар пайдаланылады.

В) Қорытынды бөлім – 10минут.

1951-1950жылдары Кореядағы ұрыс қимылдары кезінде АҚШ халықаралық келіссөздерді бұзып, химиялық қаруды қолданды. Көптеген жылдар бойы американдық басқыншылар Вьетнамға, Үндіқытайдағы және басқа мемлекеттерге қарсы соғыста химиялық қаруларды кеңінен пайдаланды. Тек Вьетнамның өзінде 100-мың т-дан астам ХҚ жұмсалды. Одан 2 млн-дай адам зардап шекті. Химиялық заттар әсерінен 360 мың га өңделген жер 0,5 млн га ормандағы өсімдіктер зақымдады.




Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________












«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Химиялық қаруды қолдану қағидалары

2.Сабақтың мақсаты: Шабуылдың тұтқиылдығына қарсыласқа күтпеген жерден химиялық қару қолдануды меңгерту.

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:


А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Химиялық қару дегеніміз не?

2. ХҚ-ның жою күші неге негізделген?

3. ХҚ-ның жою күші қалай әрекет етеді?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Шабуылдың тұтқиылдығына қарсыласқа күтпеген жерден химиялық қару қолдану арқылы соққы беріп, қарсыласты неғұрлым көп шығынға ұшырататын шаралар мен әрекеттер жиынтығы жатады. Тұтқиылдыққа жетудің басты шарттарына мыналар жатады: басшылықтың қолдануға дайындықтың жасырын жүргізілуі; оперативті бүркемелеу, қарсыласқа жалған ақпар беру шараларын жүзеге асыру; химиялық қару қолдануға дайындық мерзімін қысқарту, қарсылас күтпейтін және қорғанысқа дайын емес кезінде химиялық соққы беру үшін уақытты таңдау.

В) Қорытынды бөлім – 10минут.

НАТО құрамындағы мемлекеттер әскерлерінде химиялық қаруды мақсатқа сай жеткізу тәсілдері мынадай төрт тапсырма топтарының шешімі арқылы қарастырылады:

А. Тірі күшті зақымдау;

Б. Тірі күшті зорықтыру;

С. Қарсыластың бағдар жасауы мен басқа ұрыс әрекеті түрлерін қиындату мақсатында жергілікті жер мен түрлі нысандарды улағыш заттармен зақымдау;

Д. Тылдағы жұмысты тоқтату;



Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________













«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Биологиялық қару

2.Сабақтың мақсаты: Биологиялық қарудың зақымдау әрекеттерін меңгерту

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:


А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Химиялық қаруды жеткізудің тәсілдері қандай?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Биологиялық қару (БҚ) - биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, ауыл шаруашылығы жануарлары мен дақылдарын зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады. Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс деп атайды. БҚ-ның зақымдау әрекеті бірінші кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады, оны дер кезінде емедемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзық уақытқа ұрысқа жарамсыз етеді.


В) Қорытынды бөлім – 10 минут.

1941 жылдан бастап АҚШ биологиялық заттарды әскери мақсатта қолдану мен жасауға қатысты зерттеу жұмыстарына кірісті. Бұл жұмыстар Мэриленд штатында бас әскери ғылыми-зерттеу орталығын, Арканзас штатында биологиялық заттарды өндіру зауыты мен арсеналын, Юта штатында сынақ алаңын және басқа нысандары салғаннан кейін айрықша дамыды. Онда жүргізілген жұмыстардың бәрі ерекше құпия жағдайда жасырын жүргізіледі. Бірақ БҚ құралдары мен оны қолдану тәсілдерін жетілдіруге арналған ең ірі көлемдегі зерттеу жұмыстарын 50-60-жылдары АҚШ пен оның одақтастары жүргізді. Бүкіл әлемдегі бейбіт сүйгіш халықтың ең үлкен жеңісі 1972 жылы қабылданған.


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________









«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Жеке қорғану құралдарын жіктеу.

2.Сабақтың мақсаты: Халықты жаппай жою қаруынан қорғауды түсіндіру.

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:


А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. БҚ дегеніміз не?

2. БҚ-ның жою күші неге негізделген?

3. БҚ-ның жою күші қалай әрекет етеді?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Халықты жаппай жою қаруынан қорғау – Азаматтық қорғаныстың басты міндеттерінің бірі. Қорғау іс-шараларының сипаты мен көлемі жекеленген аудандар мен нысандардың ерекшелігімен, сондай-ақ қарсылас ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да шабуылдау құралдарын қолдану нәтижесінде пайда болатын ықтимал жағдайларымен де анықталады. Қорғаудың мынадай негізгі үш тәсілі жоспарланып, өткізіледі:

  • халықты қорғаныш құрылыстарына паналату;

  • өз қызметін қалада жалғастырып жатқан қызметкерлер мен жұмысшыларды қала сыртындағы аймаққа бытыратып орналастыру, сондай-ақ бұл қалалардағы халықты эвакуациялау;

  • халықтың жеке қорғану құралдарын пайдалануы;

Сонымен қатар халықтың жеке қорғану құралдарын қолдануының жалпыға міндетті үйретуі ұйымдастырылып, өткізіледі.

Қорғаныш құрылыстары дегеніміз – ядролық, химиялық, биологиялық бактериологиялық қарудан, сондай-ақ ядролық жарылыс кезіндегі зақымдаушы факторлардың әсер ету мүмкіндігінен және зақымдаудың қарапайым құралдарын қолданудан халықты қорғауға арналған арнайы құрылыстар.


В) Қорытынды бөлім – 10минут.

Қорғану шараларының кешенінде қүрылымдардың жеке құрамы мен халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және қарсылас тарапынан жаппай жою қарулары қолданылған жағдайда осы құралдарды ептілікпен шебер, дұрыс қолдана білуді іс жүзінде үйретудің мәні зор.





Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________



«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Жалпы әскерлік қорғаныш толымы

2.Сабақтың мақсаты: Жалпы әскерлік қорғаныш толымы ұғымын түсіндіру.

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:


А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Сүзгіш газтұмылдырық дегеніміз не?

2. Жекелегіш газтұмылдырық дегеніміз не?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Жалпы әскери қорғаныш толымы (ЖӘҚТ) тұмылдырықпен бірге арнайы әскерлер және әскердің барлық түрлерінің жеке құрамымен улағыш заттардан, сондай-ақ әскер киімі, аяқкиім және жабдықтардың радиоактивті заттармен немесе биологиялық құралдармен зақымданудан қорғану үшін қолданылады. Оның құрамына қорғаныш плащы, қорғаныш шұлығы және қорғаныш қолғабы кіреді. Қорғаныш плащ зиянды сәулеге шалдығу мен өртегіш заттардан қорғану үшін қолданылуы мүмкін. Жалпы қорғаныш толымы, әдетте, әскери киімі немесе жалпы әскери кешенді қорғаныш костюммен қоса пайдаланылады.

Жалпы әскери құраманың қорғаныш костюмі (ЖӘҚҚК) зиянды сәулеген шалдығу және ядролық жарылыстың радиоактивті шаңнан, улағыш заттардың булары мен аэрозольдардан және биологиялық, аэрозольдардан қорғануға арналған. Ол күртешеден, шалбардан, қорғаныш іш-киімнен, баскиімнен, шлемнің ішінен киетін баскиімнен тұрады. ЖӘҚҚК табельдік әскери киімнен өз құрылымы мен қол білезігін қорғау үшін отқа қарсы дымқыл жеңді қорғаныш ішкиімнің болуымен ерекшеленеді.

В) Қорытынды бөлім-10минут.

Үзіліссіз сағат бойынша қорғаныш костюм және газтұмылдырықта болу жұмыс қарқынын 50%-ға төмендетеді. Жергілікті жердің зақымдануына, жеке құраммен орындалатын тапсырма сипатына, метеорологиялық жағдайларға және басқа факторларға байланысты бөлімше командирлері қорғаныш құралдарды пайдаланудың орынды екенін ескертеді.




Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________







«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Бөлімшелердегі жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету

2.Сабақтың мақсаты: Газтұмылдырықты қолдану туралы біраз мәлімет меңгерті әрі дұрыс күйде ұстау үшін нұсқаулықтар беру

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:


А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Газтұмылыдырықты қалай сақтау керек?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Әрбір әскери қызметші өзіне берілген жеке қорғану құралын бұзбай, үнемі қолдануға даяр тұратындай күйде ұстауы керек, күн сайын оның жайын сырттай бақылап қарап, ұсақ-түйек бұзылған жерін жөндеп, табылған, бірақ жөнделмеген ақауларын командирге баяндап отыруы керек.

Газтұмылдырықты үнемі дұрыс күйде ұстау үшін мынадай шарттар орындалуы керек:

  • газтұмылдырықты соққылардан, қатты шайқалыстардан сақтау;

  • шығу клапандарын абайлап ұстап, қажетсіз жағдайда оны суырмауға тырысу;

  • егер клапандарға әр түрлі нәрсе тұрып не жабысып қалса, оны қораптап шығарып алып, ақырын үрлеу не сумен жуу;

  • салқын уақытта газтұмылдырықты жылы жерге кіргізген кезде, терлеген соң оның бүкіл тетіктерін құрғатып сүрту;

  • шлем-маска ластанған жағдайда байланыстырғыш тұрбадан оны бөліп алып, сабынды сумен жуу керек; жуып болған соң шлем-масканы құрғақ, таза шүберекпен сүртіп, құрғату керек, мұнда клапанды қорпата ылғал қалмауына ерекше назар аударылуы;

  • газтұмылдырықты сызды жерде ұстамау; газтұмылдырық қорабына су кіріп кетуіне ешқандай жол берілмеуі керек; газтұмылдырықты ылғал сөмкеде сақатуға болмайды, ондай жағдайда оны міндетті түрде құрғату;

В) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Жеке қорғаныш құралдарына кезеңмен техникалық қызмет көрсету командир көрсеткен мерзімде жылына екі реттен кем емес тәртіппен орындалады. Ұрыс жағдайында жеке қорғаныш құралдарына қызмет көрсету жағдайға байланысты командирдің нұсқауымен жүргізіледі. Кезеңдік техникалық қызмет көрсетуде әр әскери қызметші күнделікті техникалық қызмет көрсетуде қарастырылған жұмыстарды орныдайды, содан кейін нұсқаушы аспаптар көмегімен газтұмылдырық қораптарының тыныс алуға төзімділігін және жиналған газтұмылыдырқта саңылау қалмауын тексереді.



Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________


«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Радиациялық және химиялық барлау аспаптары

2.Сабақтың мақсаты: Радиациялық барлау аспаптарының жұмыс қағидалары мен құрылғысы, тактикасы туралы мәлімет беру.

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:


А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Аралас зақымдаулар неге негізделеді?

2. Зақымдау нысандарын қалай топтастыруға болады?



б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Бұл әдіс радиоактивті сәуле шығару қасиеттерінің бірін пайдалануға негізделген – олардың өздері таратылатын ортаны иондау қабілетін көрсетеді. Егер газдың тұйық көлемін алып, оған электр кернеуін қосса, онда сәулелендіру кезінде пайда болған электрон мен иондар реттелген қимылға келеді: біріншілері анодқа, екіншілері-катодқа жылжиды. Бұның нәтижесінде электродтар аралығында ионданған ток пайда болады, оның көлемі радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуатына тура пропорционалды болады. Ионданған ток күші бойынша радиоактивті сәулелену қарқынын анықтауға болады. Ионданған камералар мен газтартқыш санауыштар дозиметриялық аспаптардың қабылдау құрылғылары болып табылады.

В) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Ұрысқа қабілеттілігі шектелген 1-дәрежелі бөлімшелер ұрысқа қабілеттілігін сақтайды; 2-дәрежелі бөлімшелер қауіпті емес сәулелену мөлшерін алуы мүмкін, сонымен бірге ұрысқа қабілеттелігін де сақтайды; ұрысқа қабілеттілігі шектелген 3-дәрежелі бөлімшелердің ұрысқа қабілеттілігі де шектеуші болады. Бөлімшелер жеке құрамның одан әрі сәулеленуі оларды сәуле ауруының ауыр түріне әкеліп, өлімге жеткізуі мүмкін.



Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________









«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және басқа да жедел қалпына келтіру жұмыстары

2.Сабақтың мақсаты: Зақымдану ошақтарындағы құтқару және жедел қалпына келтіруді ұғындыру

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:


А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Радиациялық және химиялық барлау аспаптары неге арналған?

2. ИД-1 мөлшер өлшеуішінің зарядтану реті қандай?

3. Улағыш заттар типін анықтау реті, құрамы туралы не білесіңдер?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Зақымдану ошақтарындағы құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын өткізу және ұйымдастыру бойынша шаралар алдын ала жоспарланып дайындалады, ал олар туындағаннан кейін орын алған жағдайлар есепке алына отырып жүргізіледі және нақтыланады. Зақымдану ошақтарындағы жағдайды болжамдау шаруашылық нысандары мен аумақты қорғау, халықты құтқару бойынша міндеттерді орындауға ықпал етуші сипаттайтын мәліметтер негізінде жүргізіледі.

Мұндай факторларға жататындар:

- физика-географиялық, метереологиялық, сейсмологиялық және басқа экзогендік құбылыстар мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар;

- адам мен материалдық ресурстардың болуы;

- инфрақұрылым сипаты, қалалар мен басқа да елді мекендердің салынуы;

- қорғану құралдары, қорғаныс құрылыстарымен қамтамасыз етілуі;

- Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының болуы;

- қауіпті өндірістердің болуы және т.б.


В) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Топтасқан күштерді құру үшін пайдаланатындар:

  • ұйымдарда ұйымдардың құрамалары, сондай-ақ қаланың аумақтық құрамалары, селолық аудандардың құрамалары мен ұйымдардағы тапсырмаларды орындау үшін Азаматтық қорғаныстың аға бастығының шешімі бойынша бөлінген басқа да күштер;

  • аудандарға бөлінген қалада – ұйымдардың топтасқан күштері, қала облыс аудандарындағы Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, әскери гарнизонның бөлімдері мен бөлімшелері, өзара әрекет ету жоспары бойынша бөлінген басқа да күштер;


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________



«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Зақымдану ошақтарын барлау

2.Сабақтың мақсаты: Барлау ұғымын түсіндіру

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:


А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарындағы құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары қандай мақсатпен жүргізіледі?

2. Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану аудандарындағы құтқару және жедел қалпын келтіру жұмыстарын кім орындайды?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Барлау – Азаматтық қорғаныс күштерінің табысты әрекеттерін қамтамасыз ету түрлерінің бірі. Ол қазіргі кездегі жаппай жою құралдарын қолданудан және төтенше жағдайлардан қорғану бойынша дер кезінде және дәлелді шешім қабылдауға қажетті жағдай жөнінде керек уақытында мәліметтер табу, құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мен ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі және ұйымдастырылады.

В) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Барлау жоспарына түсіндірме хат тіркеледі, онда барлаудың мақсаты, негізгі міндеттері мен олардың орындалу мерзімі; барлау күші мен құралдарының кестесі, олардың даярлығын арттыру кестесі, барлау құрамаларының жабдықталуы мен толықтыруылуының құрама тізімі, барлау күштері мен құралдарын басқару және ақпарат алудың сызбасы, Азаматтық қорғаныс барлауы мен әскери басшылық барлауының өзара әрекетін ұйымдастыру мәселелері қамтылады.


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________













«Бекітемін»

____________

Мектеп директоры


1.Сабақтың тақырыбы: Зақымдану ошағындағы нысанда барлау жүргізу кезінде барлау буыны құрамындағы барлаушының іс-әрекеті

2.Сабақтың мақсаты: Барлау командирі ұғымын түсіндіру

3.Уақыты: 45мин.

4.Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

5.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулықтары

6.Сабақтың барысы:


А) Ұйымдастыру кезеңі - 3минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Радиациялық және химиялық бақылау посты үшін орын таңдау қалай жүзеге асырылады және оның жабдықталуы қандай?

2. «Әуе дабылы!» сигналы ядролық жарылыс кезінде, радиоактивті зақымдануды табуда және улағыш заттар белгілерінің ауада пайда болуы кезінде бақылаушының іс-әрекеті қандай болады?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Барлау жүргізу міндетін барлау тобының командирі белгілейді. Міндет қою кезінде оның көрсететіні: бастапқы пунктті өту уақыты; радиоактивті және химиялық зақымдануы мүмкін аудандар; зақымдану ошағына жақындаған кезде зақымдану ошағында және нысан аумағында не нәрсеге көңіл аудару керектігін; байланысты ұстап тұру және хабарламаны әкеліп көрсету. Барлау буынының командирі буынның жеке құрамына тапсырманы түсіндіреді, жеке қорғаныш құралдарын кию, барлау аспаптарын, жылжу және байланыс құралдарын дайындыққа келтіруге бұйрық береді. Осыларды орындаған соң буын тапсырманы орындайды.

В) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Барлаушы буын өз тапсырмасын орындағаннан кейін нысан аумағындағы құтқару және апатты шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын өткізу барысына бақылау жүргізуге тарытлуы немесе жиналу пунктіне шығарылуы мүмкін.


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ________________




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!