Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:Тірі және өлі табиғат.»
Ересек тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: Таным Пән: Жаратылыстану Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат» Тақырыбы: «Тірі және өлі табиғат» -Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, өз ойын толық жеткізе білуге, табиғатты аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу - Дамытушылық: Балалардың ақыл - ойын, түсінігін, білімін, табиғат туралы білімін, қызығушылығын зейінін дамыту. - Оқыту: Балалардың «Өлі және тірі табиғат» тақырыбында білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекет шындау.
Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, құм, су, тас, шыны ыдыс, түтікше, лупа Билингвалдық компонент: табиғат-природа
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі Балаларды шеңбер жасап тұрғызу. Табиғат – біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын, Біз әдепті баламыз.
ІІ. Негізгі бөлім.
-Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер? -Далада,балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер ? -Балалар қалай ойласындар, күн,су, ауа керекпе ? -Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз? -Табиғат деген не? Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат.Кәне бәріміз қайталайық. Суретпен жұмыс Өлі табиғатқа су, тас, құм, жатады. Тірі табиғатқа: адамдар, жануарлар, балықтар құстар. Тірі табиғат: көріктенеді , тыныс алады,өсіп-өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді. Өлі табиғат: көректенбейді, тыныс алмайды,өсіп-өнбейді, қозғалмайды,өспейді.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Тәжірибе: Ыдыстағы құмды ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Ұсақ бір-біріне жабыспайды.Ыдыстағы құмның жел тұрғанда ұшуы.Түткішпен үрлеу,жеңіл жер тұрса ұшады.Ыдыстағы құмға су құю.Су неге айналады. Тасты бақылау. Су құйса да жылтырлап жата береді, түрі түсі өзгермейді, майдаланып балшыққа айналмайды, жел үрлессе де қозғалмайды. Ауыр зат. Су ерекшелігін бақылау. Судың дәмі жоқ, иесі жоқ.Қатты от жағып , су тұрған ыдысты қыздырсаң қайнайды.,көбеймейді.
Ойын «Сөйлемді аяқта».
1.Өлі табиғат ол-?
2.Тірі табиғат ол-?
3.Барлық тірі ағзалар несіз өмір сүре алмайды?
Ал енді балалар Жұмбақтар
1Мұрын не үшін керек?
2Ауаны қалай көруге болады?
Ол қай табиғатқа жатады ?
Ойын ойнату.
«Құм, тас, су».
«Құм» дегенде әр жерде шашыранқы болып отыру.
«Тас» дегенде өз қолмен мүсін жасап тұра қалу.Су дегенде толқын жасап қалу.
ІІІ. Қорытынды. -Біз не туралы айттық? -Тірі табиғатқа не жатады? -Өлі табиғатқа не жатады?