СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ұстаз ұлағатты ұлы есім"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ұстаз ұлағатты ұлы есім" .Ұстаздың жүгі , ауыр жүк! Еліміздің болашағын ойлайтын ұстаздарға тең келетін теңеу жоқ.

Просмотр содержимого документа
«"Ұстаз ұлағатты ұлы есім"»

Ұстаз - ұлағатты ұлы тұлға!

"Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі", - деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы  білім саласының даму бағытына тікелей байланысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: "Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында", - дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да бәрі-бәрін ұстаз тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық , ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан. Қасиетті қара шаңырақтың білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам , халық өзінің үміті мол болашағын таптыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып , зерделі , парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.Қазақ мектебінің болашағы туралы М:Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік , мәдени-рухани болмысын дамытуға , қоғамдық өмір мен қлттық мектепті қалыптастыруда ұстазадрдың еңбегі зор. Жалпы балалар ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған , олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген . Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген. Ұстаз болу – жүректің батырлығы , Ұстаз болу – сезімнің ақындығы . Азбайтұғын адамның алтындығы . Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың. Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын ,-деген өлең шумақтарынан мұғалімге деген шексіз құрметті байқауға болады. «Мектеп – білім тірегі , Ұстаз оның жүрегі». Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы азамат тәрбиелеуші. Барлық баланың жүрегінен орын тауып , жан-дүниесін түсінетін шексіз мейірімнің иесі ол – мұғалім. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар , мұғалімнің де рөлі де зор. Ұрпақ болашағы , халқымыздың келешегі ол бастауыш мұғалімінің қолында.Өйткені ол әрбір балаға тәрбиеден бастап , жүре білуді , сөйлей білуді, оқып-жаза білуді ,өмірді сүре білуге бағыт-бағдар беруші , алдындағы әрбір баланың жанын түсінетін ерекше тұлға. Ұстаз туралы айта берсең ол жанның қасиеттерін дәріптеп берудің шегі жоқ , айта берсеңде , жаза берсеңде теңеулер , қошеметтер таусылмайды.Ұстаз болу өз уақытын аямай , өзге бақытын ойлаушы жан. Әрине , ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен , асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың , аналық ,әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрады . Иә , адамның жан- дүниесін түсініп , ренжітпей , қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Ұстаздар туралы халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді . Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да , еңбекқор егіншісінде , кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ , сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой , адамгершілік , әдептілік , ар-ұят , ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген , жаңалықты жатсынбай қабыдайтын , шәкіртінің жанына нұр құйып , өмірде өзі де бақытты болып, өзгелердіде бақытты болып , өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстазадрдың жөні де , жолы да бөлек. Қстаз! Осынау бір сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші. Қиындығы да , қызығы да жетерлік,ең бастысы – жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ , мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп , ұрығын егіп , таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген.Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын. Мен қазір біздің елімізде қалыптасқан мұғалімдік мамандыққа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қабылдап , лардан орташа маман дайындап , оларды білім ұяларына жіберетін құрсаудың бұзылып , ұстаз мамандығы ең жоғары еңбекақы төленетін үздік мамандыққа айналса деп армандаймын.Өйткені , жаңа ғасырда ғылымның , техниканың , өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр , жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек.