Оң көңіл күй орнату. 0-1 минут | (Ұ) Оң көңіл күй орнату. Теңіз. Тыным таппай толқындары таласқан, Кейде тыныш, кейде дүлей айбынды. Кемелер мен шағалалар табысқан, Телегей су алып теңіз айдыны. «Мынау надан адамекен» дегізбей, Білім алғын тереңдігі теңіздей. | Музыкалық сүйемелдеу |
II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою. 2-5 минут | (Ұ) Педагог балаларға жабдықтың жұмыс парағының дайындығын тексеруді ұсынады. Ластанбайтын төсем, қайшы, желім жаққыш, шүберек, түрлі түсті қағаз, қоқыс салғыш. | Кемелердің суреті. |
Сабақтың ортасы III. Сабақтың ортасы бойынша жұмыс. 6-20 минут | (Ұ) Әліппе —альбомдағыиллюстратциялық материалмен жұмыс. Тәрбиеленушілер суретке қарап, онда не бейнеленгенін сұрайды. Кемені сипаттайды. Балаларға «Оригами» түсінігі беріледі. Оригами бұл қайшы мен желімсіз, қағаздан жануарлардың, өсімдіктердің, құстардың, адамдардың пішіндерін бүктеп құрастыру. (Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу. Алақандарымызды бір біріне тақап, балықтың суда жүзіп жүргенін көрсетеміз. Көк толқынды теңізде, Ақ желкенде жүзіп келемін. Мен ержүрек капитанмын, мен дауылдан қорықпаймын. (Ұ, Ж, Қ,) Жұмыстың орындалу технологиясы. Педагог тікелей үйрету әдісін қолданады. Жұмыстың реті барлық орындау кезеңдері көрсетілген сызбалар түрінде тақтада көрсетіледі. Педагог балаларға өағазды ұқыпты бүктеп, бүгілген жерін алағанмен тегістеу керектігін еске салады. Кеме жасау үшін бір парақ қағаз керек. (Ұ) Қауіпсіздік ережелері. Сабақ шеңберінде қайшымен және желіммен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін еске салып отыру. | Әліппе дәптер. Музыкалық сүйемелдеу. Түрлі түсті қағаздар. ПВА желімі, желімге арналған жаққыш, шүберектер, төсеніш. Жадынама, плакат. |
Сабақтың соңы. IV. Сабақты қорытындылау. Рефлекция. 20-25 минут | (Ұ, Ж) Рефлекциялық бағалау. Педагог сабақты қорытындылайды. Жұмысты сәтті орындағандар қол шапалақтасын. Сосын жұмыста қиналғандар қол шапалақтасын. | |