СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Луллия шеңбері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Май ауданы, Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының

«Ақбота» бөбектер бақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

 

 

 

 

ЛУЛЛИЯ ШЕҢБЕРІ ӘДІСІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН БАРЫСЫНДА ТІЛІН ДАМЫТАТЫН ТИІМДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

Просмотр содержимого документа
«Луллия шеңбері»

Май ауданы, Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының

«Ақбота» бөбектер бақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны









ЛУЛЛИЯ ШЕҢБЕРІ ӘДІСІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН БАРЫСЫНДА ТІЛІН ДАМЫТАТЫН ТИІМДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ











2018 жыл

Құрастырушы: Шарипбекова Жадыра Манатовна

МҚКК «Ақбота» бөбектер бақшасының II санатты тәрбиешісі



















Сөйлеуді дамыту,қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабақтарында тәжірибеге алынған картина бойынша әңгіме құрастыру жөнінде жаңа әдістеме ұсынылды. Луллия щеңбері әдісін қолдана отырып әзірленген әдістеме. Әдістемелік нұсқаулықтар бейнелі, балалардың қабылдау үдерістеріне жақын, қолайлы ретінде көрсетілді. Қосымша беттерде картина, жай суреттер бойынша нақты сабақтарда қолдана алатын үлгілер ұсынылып, сонымен қатар сөздік жұмысын молайтатын әдіс – тәсілдер берілді.

Қазіргі кезеңде тапшы, нағыз қажетті материал ретінде көріп, осы жұмысымызды мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдеріне де ұсынамыз.
















«Луллий шеңберінің» шығу тарихы


13 - ғасырда француз монахы Раймонд Луллий қағаз шеңбері түрінде логикалық материал ойлап тапты. «Луллий шеңбері» бұл – компьютер тәрізді материал. Оның қарапайымдылығы балабақшада қолдануға мүмкіндік береді. Бұл материал екі шеңбер (пластина) және арнайы жасалған қораптан тұрады. Луллий шеңберлерді баланың жас ерекшеліктеріне сай 4, 6, 8 бөлікке бөліп, оларға суреттер, сөздер, буын, сандар мен сөйлемдер жазған. Әрбір бала өзіне қойылған сұраққа жауабын таба алады және кез - келген комбинация бойынша қиялдап әңгіме айтып береді.

Бұл материалдың функциясы өте көп және ол ТРИЗ әдісіне жатады, ойын түрінде қолданылады. Оны жеке де, топтық түрде де қолдануға болады. Педагог балаға оны «Сиқырлы шеңберлер» деп таныстырып, міндетті түрде жұмыс жасау барысын көрсетіп, ережесімен таныстырады. Мұнда педагог тек бақылаушының рөлін атқарады. Балалар өздері әрекеттесіп, кезектерін белгілеп, ізденіп жұмыс жасайды.

Оның тағы бір түрі пирамида негізінде жасалады. Шеңберлер бір қондырғыға орнатылады, жоғарғы жағында бағыт беру белгісі болады. Шеңберлер қозғалмалы және 4, 6, 8 бөлікке бөлінеді.
5 жастағы балаға 4 - 6 бөлікті 2 - 3 шеңбер қолданылады. 6 - 7 жастағы балаға 8 бөлікті 4 шеңбер қолдануға болады.





















Луллия шеңберін қолданудағы мақсатым:

  1. Жалпыға бірдей білім стандартын ала отырып, әр баланы объективті түрде дайындау, нақты білім беру.

  2. Терең ойлау, өздігінен ізденіп, оқып-білу іс–әрекеттерін меңгерту.

  3. Жан-жақты дамыған, білімді жеке тұлға қалыптастыру.







Міндеттерім:

  1. Луллия шеңберін сабақтың түріне сай таңдап алу.

  2. Балалардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне көңіл бөлу.

  3. Топтағы бала санына қарай ойын түрін ұйымдастыру.

  4. Өтілген материалды ұдайы қайталап, тереңдетіп отыру.

  5. Сабаққа қатысу белсенділігін арттыруды қадағалау.







Луллия шеңберін қолданудың тиімділігі:

  1. Балалардың сабаққа деген қызығушылығы артады.

  2. Логикалық ойлауы және өз бетінше, топтық жұмыс істеу белсенділігі артады.

  3. Мақсатқа жетуге талпынады.

  4. Өз күшін, білімін байқауға, бақылап, бағалауға ынталанады. Білім беруде Луллия шеңберінің көмегі зор.











Ойын екі бөліктен тұрады:







Белгілі бір сұраққа жауап табудан; Қиялын дамытуға арналған жаттығудан;





Ойын жүргізу барысы:

  1. Барлық шеңберде сурет орналастырылады. Мысалы:

1) Ағаштың түрі;

2) Оның орналасқан жері (бақ, орман, дала т. б);

3) Жемісі, тұқымы (алма, жаңғақ т.б)

Мақсаты қойылады. Балаларға сәйкестігін табу қажет.

Шеңберді айналдырып түскен комбинация бойынша әңгіме құрастырып, оның пайдасын айтады.

Мысалы: Шеңбердегі әр-түрлі суреттер арқылы сөз тіркестерін, жай сөйлемдер құрап үйрену.

Шарты: Берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, суреттерді стрелкамен қосу.

Балық қайда жүзеді. (Балық суда жүзеді)

Дәрігердің көлігін не деп атаймыз? (Дәрігердің көлігін жедел жәрдем деп атаймыз)

Көбелек қайда қонады? (Көбелек гүлге қонады)

Мынау не? Бұл қайық. Қайық қай жерде жүреді? (Суда, қайық судың көлігі)

Мынау көкөністер. Көкөністер қай мезгілде піседі? (Күз мезгілінде піседі)

Сиырдың төлін не деп атайды? (Сиырдың төлін “бұзау” деп атайды)

Білім беру салаларындағы тиімділігі



Тіл дамыту бойынша:

Тақырыбы : «Жауабын тап»

Мақсаты: Білімдік мәні: Балаларды сурет – ойын арқылы қарама-қарсы мағынасын тауып, айтуға үйрету. Жұптасып жұмыс істеуге үйрету.

Дамытушылық мәні: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік мәні: Балаларды өжеттілікке, ептілікке, бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Міндеттері: Балаларды ойын шартымен таныстыру, қарама-қарсы сөздерді сөйлеу барысында қайталау. Заттардың, аңдардың суреттерін көлеміне қарай (бір – көп, жеңіл – ауыр) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан (бір – көп, ауыр – жеңіл, баяу – жылдам, үлкен – кішкентай) осы түсініктерді таба білуге дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

























Қоршаған ортамен таныстыру бойынша:

Тақырыбы: «Не қайда тұрады?»

Мақсаты:

Білімдік мәні: Балаларды ойын арқылы кейбір жануарлардың, құстардың, жәндіктердің тіршілігімен таныстырып, олардың маңыздылығы, пайдасы туралы білімдерге үйрету.

Дамытушылық мәні: Тірі табиғат туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік мәні: Қоршаған ортадағы табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Нәтижесінде:
1. Бала ойын барысында белсенділік танытады және тілі дамиды. Сөздік қоры

молайып, әңгімелеу және сөйлеу тілі қалыптасады;

  1. Ойын барысында ойынның өзі тілінің дамуы барысында күрделене түседі;

  2. Дыбыстарды дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту

біліктілігін қалыптасады;

  1. Сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сақтауға үйренеді және тілінің

морфологиялық қырын қалыптастырады;

  1. Әріптер таңбасымен танысады, буындап оқуға үйренеді;

  2. Ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін үйренеді (талдау, бекіту, жүйелеу, құрастыру);
    7. Қоршаған ортамен танысып, қамқорлықпен қарауға тәрбиеленеді;

  3. Танымдық процестері дамиды.











Балалардың  тіл дамытуында  Луллия  дөңгелектерін қолдану.

        Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру ұстанымында үлкен қайта қарастыру болып жатыр. Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру жүйесінде жаңа ойындар және ойын - сауықтар пайда болды. Балалар ақпараттық – қатынастық құралдарды оңай игереді, сондықтан оларды дәстүрлі көрнекілік құралдармен таңқалдыру қиын. Балалардың  тілін дамыту үдерісін түзетуде үшін қазіргі күнде өте көп әдістер, технологиялар бар. Мектепке дейінгі балалардың тіл қызметін жетілдіруде жақсы әсерлік ахуал, тілдік ортаны жасау маңызды жағдай болып саналады, өз тілін белсенді дамытуға мүдде пайда болуға себеп тудырады және тілдік байланысқа қатыстырады. Мектепке дейінгі балаларға ең жақын, құмарлы,

қолайлы қызмет – ойын. Ойын және тіл арасында екі жақты байланыс бар: бір жақтан баланың тілі ойында дамиды, белсендіріледі; екінші жақтан ойынның өзі тілдің ықпалы және толықтыруы арқылы жетілдіріледі. Қазіргі және қызықты оқыту әдістердің бірі ол ежелгі логикалық машина, оны БӨШҚД технология авторлары мектепке дейінгі білім беруде қолданып “ Луллия дөңгелектері” деп атады. XIII ғасырда француз монахы Раймонд Луллий қағаз дөңгелегі түрінде логикалық машинаны ойлап тапты. Оны мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда қолайлы құрал ретінде қолдануға болады екен. “Луллия дөңгелегі”  - ол компьютер тәрізді, тек қана сөздер үшін.   Құрылымының қарапайымдылығы үшін оны балабақшада қолдануға болады. Осы әдісті мен балалар жұмысында қолдана бастадым және оны нәтижелі деп ойлаймын.  Ол бір тетікке тізбектелген диаметрі әр түрлі дөңгелек ( пирамида тәрізді). Тетіктің үстіңгі жағына тілше орнатылады. Дөңгелектер жылжымалы. Олар саны бірдей секторларға бөлінеген. Дөңгелек еркін айналғанда, тілше астында белгілі сектор

орналасады. Луллий секторларға суреттерді орналастырған, сөздерді және тұтас нақылдарды жазған. Кез келген сұрақ қойып, қиыстыру арқылы қиялын қосып жауап таба алады.

  Қазіргі білім беру үдерісінде осы дөңгелектерде суреттер орналастырылған, олар оқылатын тақырыптар бойынша алынған ( “Жемістер”, “Көкөністер”, “Киім”, “Ағаштар” т. б.) және олар қиықша терезесі бар экранмен жабылған. Керек нәтижені іздеу мақсатында суреттерді алмастыра отырып, бала саусағымен дөңгелектерді бір – біріне қатысты айналдырады, мысалы келесі дидактикалық ойын: “Түсін тап” ( тақырыптар “ Көкөністер”, “ Жемістер”, “ Жидектер”), “ Керек құйрықты тап”, “ Кімнің бөбегі?”( “ Жануарлар” тақырыбында), “ Бөлшектерді біртұтасқа жина”        ( “Ыдыс-аяқ” тақырыбында, “ Аяқ киім”, “ Киім” т.б. )  Менің ой – пікірімше, осы шынайы, танымды нақты белгілерімен суреттер бойынша бала жан – жағындағы әлемді анықтайды. Дөңгелекте ерекше түрімен орналасқан суреттермен балаларға ойнауға қызықты. Әдеттен тыс тапсырмалар балалардың тек қана заттардың белгілерін танытып қоймай, олардың түстерді қабылдау, топтастыруды білу, салыстыру, талдау, қорытындылау, зейінді шоғырлау, ауызша тілді қалыптастыру қабілеттерін дамытады және көру қызметін белсендіруге себеп болады( бекіту, қадағалау, көру байланыс қабілеттері).  

   Ең маңыздысы - өзін жаратушы болып сезіну, түсіндіруді білу, ойлап табулы, әзірше ертегі түрінде болса да мәселелерді шешу және өз жетістіктеріне сенімдікпен қарау үшін олар балаға жағдай жасайды. Өзім Луллия дөңгелектерін тіл дамытуда сабақтарда да (қоршаған ортаны тану, тіл дамыту, математика, т.б.), жекеше жұмыста да қолданам, оларды балаларға ғажайып шеңбер, жұмбақты дөңгелектер  түрінде ұсынамы   Осы әдісті қолдану үшін әдістемелік ұсыныстар: - Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу үшін төрт дөңгелек қолданған жөн, әр түрлі диаметрмен төрт – сегіз секторға бөлінген.

- Төрт жастағы балалармен жұмыс істеу үшін екі дөңгелек қолданған жөн, диаметрі әр түрлі әрқайсысы төрт секторға бөлінген.

- Бес жастағы балалармен жұмыста екі – үш дөңгелек қолдану, әрқайсысында төрт – алты сектордан.

-Дөңгелектерді пластиктан немесе жуан қатырма қағаздан дайындаған жөн.

- Сабақтың тақырыбы бойынша дөңгелектерге скотч арқылы ( ауыстыруға жеңіл болу үшін) суреттер жабыстырылады. Өткізу технологиялық тізбегі үш дөңгелекті қолдану мысалында:

Мысалы: бірінші ең үлкен дөңгелектің секторларына ағаштардың ( алма ағашы, қарағай) суреттері жапсырылады; екіншіге – олардың өсетін жері ( бау – бақша, орман, батпақ т.б.); үшіншіге – жемістері немесе тұқымдары ( апельсин, алма т.б.). Балалар дөңгелектердегі сәйкестікті табу керек. Мысалы, тәрбиешінің сұранысы бойынша төменгі дөңгелектен алма ағашты суретін табады, содан кейін ортаңғы дөңгелектен бақшаның суретін тауып, алма ағаштың үстіне орналастырады, ең кішкентай дөңгелектен алманы тауып орналастырады. Не болғанын түсіндіреді.

Міндет:түсіндіру, қалай зат осы жерде өседі және осындай жеміс береді. Жеткілікті дәрежеде осы таң ғажайып өзгерістің заңдылығын түсіндіру.

Мысалы, мұңды батпақ жерде тамаша ақ қайынның өскені жақсы ма және орманның мекендеушілеріне онда апельсиннің өскені ұнай ма.

Күтілетін нәтижелер:

Секторларға орналастыру үшін заттардың бейнесімен карточкаларды балалардың  іріктеуі, мысалы: “ Үй жануарлардың бейнесімен карточкаларды ірікте”.

  Мектеп жасына дейінгі балалардың қалай шынайы, солай таң ғажайып тапсырмаларды өз бетімен ойлап табу. Ерекше белгілері  бар заттың практикалық маңыздылығы туралы әңгіме құрастыру.





Қолданылған әдебиеттер:

  1. Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана. – 2016 жыл.

  2. Мектепке дейінгі ұйымда оқу-тәрбиелік процесте ойын технологиясын қолдану. Әдістемелік құрал. Астана. – 2014 жыл

  3. Ғаламтор көздерінен. Инновациялық технологияларды іс-тәжірибеде қолдану. 2014 жыл

  4. Отбасы және балабақша. №6 Луллия шеңберінің ерекшеліктері. 2014 жыл.