- Тапсырма Жыр арқауы-Тәуелсіздік
Әр топ оқушылары өздері дайындап келген өлең-тақпақтарын айтады.
- Топ
1-оқушы Нұрай
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Жасай берсін ұлы күн
Үміті боп елінің
2-оқушы Жандос
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Асау аттай өз тізгінін бермеді
Қазағымның алтын басын иілтіп
Талай дұшпан төрімізге төрледі
3-оқушы Исатай Нұрай
Келді осылай аңсаған күніміз де
Көптен күткен тәуелсіздік келді бізге
Қайта оралды сан ғасырлық қиындықпен
Қасиетті тіліміз бен дініміз де
4-оқушы Ерасыл
Көп ұлтпыз бірлігі зор,бір туысқан
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен
Тәуелсіз егеменді Қазақстан
5-оқушы Саламат
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні бұл
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні бұл
6-оқушы Мадина
Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні бұл
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні бұл
7-оқущы Даниал
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл күні!
8-оқушы Нұрлан
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О тәңірім бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр
9-оқушы Архат
Елім барда еңсем биік менің де
Өйткені мен жүрмін туған жерімде
Тілім,дінім досым,барлық бауырым
Бәрі менің жүрегімнің төрінде
|