СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Маған сәт сапар тілеңіз

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Маған сәт сапар тілеңіз 

Бүгін мен үшін ерекше күн жаттығуы

Просмотр содержимого документа
«Маған сәт сапар тілеңіз»

«Маған сәт-сапар тілеңіз»


«Бүгін мен үшін алғашқы күн» жаттығуы.

Нұсқау: Өткен уақыт тек адам есінде ғана қалады. Оны адам қайта жасап, қалауынша өзгерте алмайды. Әр жаңа күн бұл сіздің қалған өміріңіздің бірінші күні. Қалған күндеріңді қалай өткізгілерің келеді? Алдағы өміріңе жоспар құрып, оған жету үшін қандай міндеттер алатыныңды ойланып, қағаз бетіне түсіру.

Талқылау: Әр оқушы қалауы бойынша өз жоспары және міндетімен, ойымен бөліседі.


«Қаһарман түсі» медитациясы.

Қажетті құралдар: Жайлы әуенді таспа, магнитофон.

Нұсқау: Жайланып отырып, көзді жұму. Үш рет тереңнен тыныс алу.

Қол тізенің үстінде жатыр. Табан еденді толығымен сезінуде, босаңсуда. Қол, аяқ тынышталып, ауырлай түсуде. Бойдағы кернеу азаюда, сіздің тәніңіз демалуда.

Енді сіз үлкен, әдемі, жапырақты ағаштың түбіне жатып, жайланып ұйқыға кетудесіз. Сіз түс көрудесіз. Әркім өзін 5 жылдан кейін көруде...

  • Өзіңізге назар аударыңызшы, бейнеңіз қалай өзгерген?

  • Қайда тұрасыз?

  • Немен айналысасыз?

  • Көз алдыңызға өзіңізді өмірге көңілі толған адам ретінде елестетіңіз. Немен айналысасыз? Жаныңызда кім бар?

  • Түсіңіздегі әр бейнеге нақтылап көңіл аудару. Олар қандай? Сізге менің достық қалыпта даусым естілуде: «Сен өте керемет жансың..., біз сені жақсы көреміз..., сенің қолыңнан барлығы келеді...». енді сіз жаймен осы уақытқа қайта оралудасыз.

Қазір мен үшке дейін санаймын. Сіз сергек, сенімді болып оянасыз. Көрген түсті түгелдей есте сақтауға талпыну. Бір-екі-үш.

Енді ақ қағазды алып көрген түсті салуға немесе жазуға болады. 5 жылдан кейін қандай қалыпта боласыз? Қайда тұрасыз? Жаныңызда кімдер болады?

Талдау:

  • Көрген түсіңіз өзіңізге ұнады ма?

  • Ең қатты ұнағаны не болды?

  • Болашағыңызды өзгерткіңіз келеді ме?

  • Ол үшін қандай қадам жасау керек?