СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мағжан Жұмабаев. Дюсупова Г.Б.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

10 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Мағжан Жұмабаев туралы.

Просмотр содержимого документа
«Мағжан Жұмабаев. Дюсупова Г.Б.»


КМЖ



Сабақ: қазақ тілі

Мектеп: «№14 орта мектебі» КММ

Тақырыбы: Өнегелі өмір. Мағжан Жұмабаев


Күні


Мұғалімнің аты-жөні: Дюсупова Г.Б.

Сынып: 10


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары


Т2

Бейнефильмнің үзіндісін тыңдайды, сөз тіркестері мен терминдердің мағынасын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Мағжан Жұмабаев туралы бейнефильмді тыңдайды, сөз тіркестері мен терминдердің мағынасын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Бейнефильмнің негізгі идеяны түсінеді және күрделі сұрақтарға жауап береді, өз көзқарастарын білдіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады: Бейнефильм мазмұны бойынша түйінді ой қорытады, басқалардың жауаптары мен көзқарастарына баға береді.

Мағжан өлеңдерінен теңеу мен эпитетті табады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Мағжан - суреткер ақын тақырыбы бойынша сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді, негізгі ақпаратты аңықтайды.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сыршыл, сезімтал, тағдыр, шебер, ұшқыр ой, бес арыс.

Тыңдалымға арналған пайдалы тіркестер: жарық жұлдыз, замана желі, озбыр саясат, асау арман

Талқылауға арналған сұрақтар:

Мағжан Жұмааев туралы не білеміз?

Не білдік?

Тағы не білгіміз келеді?

Алдыңғы оқу: 5 мин.

Қызығушылықты ояту


С.

1 тапсырма. «Ой шақыру»

Бүгін сабақ кім туралы болуы мүмкін?

«Қазына іздеу жолында» әдісі арқылы оқушылар жасырылған ақпаратты табады. Бейнежазбаны тыңдайды және сөз тіркестері мен терминдердің мағынасын түсінеді.

  • Негізгі ақпаратты анықтайды.(барлық оқушылар орындайды).



Алдыңғы оқу: С.

Қазақ әдебиетінің бес арысы


«Болжамдау» тәсілі

Осы суреттерді біріктіріп тұрған не?

«Бес арыс» тақырыбына кластер құрады.



Сабақ тақырыбын жариялайды.

Сабақ мақсатын анықтайды.

Бағалау дескрипторлары құрылады:

  1. Негізгі ақпаратты анықтайды.

  2. Таныс емес сөздердің мағынасын ашады.

  3. Стилін анықтайды және өзге ақпаратпен салыстырады.

  4. Мәтіннен қажетті ақпаратты табады.


Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Басы

25 мин.



С- Т.

2- тапсырма. Оқушылар бейнефильмнің үзіндісін тыңдайды. Бейнефильм бойынша топпен жіңішке және жуан сұрақтар құрастыру. Топпен сұрақтарды ауыстырады және жауап береді. «Үзбей оқу», «Теріс сұрақ» стратегияларын қолданады( барлығы орындайды).



3- тапсырма. Мәтінмен жұмыс. «ЖИГСО» әдісі. (Оқушылардың көпшілігі орындай алады)

Мағжан - суреткер ақын.

Халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдыз, әдебиетіміздің алып тұлғасы, Абай поэзиясынан - “ақындықтың әбілхаят суын” (М.Әуезов) қана ішіп, қазақ поэзиясына жарқын да нәзік, сыршыл да сұлу әуез әкелген сезімтал да сыршыл ақын - М.Жұмабаевтың бар туындысы халқына арналған.

Алдыңғы толқын ағалар - Ахмет, Міржақып секілді Мағжанға да замана желі жайлы тимеді. Сол кездегі озбыр саясаттың тақпаған кінәсі болмады. Бірақ, мұның бәрі ақынның елім, жерім, қазағым деп соққан жүрегіне, асау арманына тұсау бола алмады.

Өмірдің қанша теперішін басынан өткеріп, сан қилы соқпағына түссе де бар білгенін, бар түсінгенін сол жолдың қилы кезеңін ақырғы досы - жырымен өрнектеген суреткер. Бұған ақын шығармашылығымен тереңірек танысқан сайын көз жеткізіп, ақындық талантын еріксіз мойындайсың. Оның өмір ағыны, заман қабағы, халық тағдыры жайлы сан алуан ойлары, толғанысы мен тебіреністері жырларының өне бойынан айқын көрінеді.

Ақынның нағыз өзіндік бағыт – бағдары мен айырым қырлары поэзиясынан көрініс береді.

“Поэзия дегеніміз негізінен алғанда - өмір, өмірдің мәні, өмірдің мөп –мөлдір сәулесі, шып – шымыр құймасы, қоп - қою тұнбасы...” – дейді Белинский. осы пікірге Мағжан поэзиясы қалай жауап қайырады. Бұл үшін Мағжан өлеңдеріне кезек берейік. Қысқы жолда өлеңінде:

...Ызғарлы жел долданып,

Екі иінінен дем алып.

Іштен тартып осқырып,

Кейде қатты ысқырып.

Аңдай ұлып бір мезгіл

Біресе сақ - сақ күледі...- дейді.

Табиғат бүкіл әлем құбылысы ақынның жан- дүниесімен үндесіп, сырлы сұлу, кейде тіпті ақылға сыймас қиял ғажайып ертегілерінде суреттелген ерекше бейнелер санаңда тіріліп, еріксіз көз алдыңа келеді.

Аяздың ызғарлы болуы да, желдің аңдай ұлып, біресе ішін тартып осқырып, ысқыруы да Мағжан жаңалығы емес, бұрыннан бар нәрсе. Ал, оған жоғарыдағыдай мінездеме беріп кейіптеу, тірі жандай етіп, бүкіл әлемді жандандыра суреттеу, міне сол арқылы табиғаттың жұмбақ сырын көз алдына келтіру ақынның суреткерлік шеберлігінің дәлелі.

«Бағдаршам» арқылы топтық бағалау.



Kaz.tube.kz/ru/video


«Бағдаршам» әдісі бойынша формативті бағалайды


Жасыл- өте жақсы

Сары -жақсы

Қызыл- орташа




Топтар бір-бірін бағалайды.

Ортасы

10 мин.


ЖЖ (кейбір оқушылар)

4 тапсырма. Мағжан поэзиясындағы теңеу мен эпитеттің түрлерін табу

І. Көркемдегіш сөздердің бір түрі Теңеу деп аталады. Жазушы немесе ақын бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін оны екінші бір нәрсемен салыстыра суреттейді.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!

Айқындау (эпитет) деп адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөздерді айтады.


Қанды ор боп ақын жолы қалады да.

Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек ұқсайды Айға.

Торғын ет, шапақтай бет, тісі- меруерт.




Мұғалім бағалайды.

Соңы

5 мин.

Рефлексия.

«Бес саусақ» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Шынашақ саусақ - «Бүгін мен не үйрендім?»

Аты жоқ саусақ - «Маған не қызық болды?»

Орташа саусақ - «Сұрағым бар...»,

Сұқ саусақ - «Сыныптасыма не үйрете аламын?»

Үлкен саусақ- «Менің тілегім...»

Қосымша ақпарат






Саралау-оқушыға

мейілінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін

тексеру қалай

жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-

орыс тілімен,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

/тәрбие элементі/


Тақырып бойынша ой қорытады, басқалардың жауабына баға береді.




Өзара кері байланыс, топтар бір-бірінің жауабын дескрипторлар арқылы бағалайды



Орыс тілі, АКТ

Тәрбие элементі- білімге баулу


Рефлексия


Сабақтың мақсаты

мен оқу

міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

Қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған

саралау жақсы

іске асты ма?

/тапсырмалар

сәйкес болды ма?

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандай өзгеріс

еңгіздім және неге?









Өз сабағыңызды талдау үшін бос орын. Сол жақта берілген сұраққа жауап беріңіз


Қорытынды бағалау

1.Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

«Қазына іздеу жолында» әдісі арқылы оқушылар жасырылған ақпаратты табады. Бейнежазбаны тыңдайды және сөз тіркестері мен терминдердің мағынасын түсінеді.

Негізгі ақпаратты анықтады

Диалог құруда «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы өз нәтижесін берді.

2. Оқушылардың өз-өздерін бағалауы алдағы уақытта алға жылжуы үшін және сабақ барысында жауапкершілікті өзіне алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді.

2.Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты).

1. « ЖИГСО» тәсілін қолданғанда оқушылардың білімдерін толықтай жеткізуге көмектеседі.

2. Бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларының жетілген кезінде бір-бірімен пікір алмасып, ойларын еркін жеткізіп, ортақ шешімге келуге жағдай жасайды.

3.Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекеленген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? « Қазына іздеу жолында » әдісін пайдаланғанда оқушылардың топқа өз идеяларын ұсынуға мүмкіндік берілді,оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын, бағалауын қадағалаймын, бағыт бағдар беремін..













Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!