Мотивация-лық кезең
Ізденіс ұйымдастыру кезеңі
Рефлексия
|
1.Шаттық шеңбері:
Балалар жылулық шеңберін құрап бір-бірлеріне жылы сөздер айтады.
2.Кіріспе:жұмбақ жасыру
Бір керуен жүреді екен қатар түйе
Аузынан жалын шығар будақ күйе. (Поезд)
Сымға асылып,
Жүр асығып. (трамвай,троллейбус)
Құстан аумайды,
Көкте зулайды. (ұшақ)
3.Сұрақ-жауап:
-Поезд,троллейбус,ұшақ олар нелер?
-Тағы қандай көлік түрлерін білесіңдер?
-Көліктер не үшін керек?
4.Жаңа тақырып:
Дидактикалық ойын: «Мамандықты ата»
Шарты:сурет бойынша мамандықтарды атау керек.
-Сендердің аналарың,әкелерің қандай маман иелері?
-Сенднр өскенде қандай мамандықты таңдайсыңдар? Неліктен?
-Сендер қалай маман иелеріне құрметтеріңді көрсете аласыңдар?
5.Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біз бақытты баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
6.Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»
Шарты:құралдарға байланысты маман иелерін анықтау.
7.Қортындылау:
-Бүгін нелер туралы әңгімелестік?
-Қандай мамандықтарды білесіңдер?
-Адамдар ауырып қалса кім көмекке келеді?
-Егер адамдар білім алғылары келсе кімге барады?
-Өз ойларымен «Өскенде мен кім боламын?»атты тақырыпқа сурет салу.
|
-жылы сөздер айтады.
-жұмбақтың шешуін табады.
-сұрақтарға жауап береді.
-сұрақтарға жауап береді.
-өлең жолдарына қимыл жасайды.
-зейін қойып ойнайды.
-Сұрақтарға жауап береді.
-сурет салады.
|