СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мамандықтар әлемінде"

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

7-11 сыныптар арасында өткізілген әңгіме сабағында менің негізгі мақсатым: Оқушыларға мамандықтың түрлеріне анықтамалар беріп өту. Қазіргі таңдағы қажетті мамандықтардың қажеттілігін айтып өту. 

Просмотр содержимого документа
«"Мамандықтар әлемінде"»

«Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі»КММ

2018-2019 оқу жылы

ХАТТАМА №1

«Мамандықтар әлемінде»

Хатшы:Ержақып Б

Мерзімі : қараша 2018 жыл

Қатысуға тиіс:

Қатысқаны:



Күн тәртібінде:

  1. «Мамандықтар әлемінде сабағы».

Тыңдалды:

Мектеп психологы:Оразаева Н.К. Оқушылар мен ұстаздарға «Мамандықтар әлемінде» атты  өткізген әңгіме сабағымыз оқушыларға болашақта дұрыс жол таңдауға әсер етеді деген үміттемін. Әңгіме сабақты әріптесім Оразаева Н.К. екеуміз ұйымдастырып өткіздік. Біздің бұндағы негізгі мақсатымыз:Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру.Өзін өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру екенін айтып өтті.

Мектеп психологы: Оразаева Н.К–Мамандық дегеніміз не? «Мамандық» сөзіне анықтама беру.Профессия- латын сөзінен шыққан “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

    Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

      Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрі-гер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандық-тар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономика-ны басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет екенін айтып өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Зарипова Г.С: Жаңа заманаға сай мамандар тиімді жұмыс жасауға, демалуға,түрлі пікір таласқа көмектеседі. -Бүгінгі әңгіме сабақтан 7-10 сыныптың оқушылары жан-жақты мәліметтер алды деп ойлаймын. Себебі, мектебіміздің психологтары Мухамеджанова С.С. мен Оразаева Н.К. әңгіме сабақтарын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жан-жақты жоспарлап, жоғары дәрежеді өткізді. Бүгінгі сабақтан оқушылар дұрыс таңдалған мамандық, болашақ өмір жолы екенін түсінді деп ойлаймын.

Қаулы:

1. 7-10 сыныптарда алдағы уақыта кәсіптік бағдарға байланысты жұмыс түрлері жүргізілсін.







Мектеп психологтары: Оразаева Н.К.

Хатшысы: Ержақып Б