СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Маша мен аю" туралы

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Маша мен аю" туралы ертегі

Просмотр содержимого документа
«"Маша мен аю" туралы»

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Қарлығаш» балабақшасы» КМҚК

Ортаңғы «Жұлдыз» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: 13.12.2021ж.

Педагог-психолог: Брянова Арузат Шарипжановна

Тақырыбы: «Маша мен аю»

Мақсаты: Өзін-өзі басқарушы және зейінің дамыту,есте сақтау қабілетін,қолдың ұсақ моторикасын дамыту.Бұлшық ет тонусын белсендіру,көру арқылы қабылдауын жақсарту,ағзаның белсенділігін нығайту.Дене,аяқ,қол бұлшық еттерін ерікті түрде босаңсытуға үйрету.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Маша мен аю ертегісінің кейіпкерлері, музыка.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар,сендер бүгін қандай әдемісіңдер!

Қане,балалар,бір-бірімізбен сәлемдесіп алайықшы.

2.Негізгі бөлім:

  1. «Созылу» жаттығуы

Ең бірінші демді мұрын арқылы терең алып шығару 3 рет.Содан кейін оң қолды,сол қолды,мойынды,арқаны жиырамыз және босаңсытамыз.

2.Тыныс жаттығуы:

Балалар бүгін бізге қонаққа біздің досымыз Ақтөс келді.

Ол бізге жай келмей «Маша мен аю» ертегісін алып келді.Қазір бәріміз сол ертегіні тындайық.

Ертегіні айтып көрсету.

Сергіту сәті:

Бұл көз (міне-міне),

Бұл құлақ (міне-міне)

Бұл мұрын,бұл ауыз,

Артымызда арқамыз.

Алдымызда ішіміз,

Мынау біздің қолымыз (хлоп-хлоп)

Мынау біздің аяғымыз (топ-топ)

Балалар Ақтөс бізге бірнеше тапсырма әкеліпті,тапсырмаларды орындаймыз ба.

1-тапсырма:

Релаксация жаттығуы.

Сен өзінді алаңда келе жатырмын деп елестет.Алыстан орман көрінеді.Орманға жол апарады.Алаң алтындай,жәй жел соғады да,жұмсақ шөптерді қимылдатады.Орман өмірге толы.Олардың барлық ағаштары сені қарсы алғандай шулап жатыр.Енді бірнеше адым...Қазір сен орманға кіресің.Кәне тоқтайық.Тоқта.Осы үзілісті есіне сақта.

2-тапсырма:

Артикуляциялық жаттығу: «Тәтті тосап» .

Ақтөс: балалар сендер барлықтарын ұоқ жақсы қатыстыңдар.

Жарайсыңдар.

3. Қорытынды.

-Біз қандай жаттығулар орындадық?

Жарайсыңдар балалар.

Келесі кездескенше!