Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Қызығушылықты ояту 0-3 | Ынталандыру. Мұғалім оқушыларды достық туралы диалогке тартады. | | | |
4-6 | Өзектендіру. Оқулықтағы №1 тапсырмамен жұмыс жасау. Кесте қалай құрылғанынтүсіндір. Бұл 10-ға дейінгі сандарды қосу кестесі. Жасыл түспен қосылғыштары бірдей қосындылар берілген (2+2, 3+3, 4+4, 5+5). Сары түспен келесі санға өту белгіленген (1+1, 2+1, 3+1, 4+1, 5+1, 6+1, 7+1, т.c.c). Қызғылтсары түспен қосудың ауыстырымдылық заңы белгіленген (1+5, 1+6, 1+7, т.с.с) +2 – көгілдір түс +3 – күлгін түс +4 – қызғылт түс Осы белгілеулер арқылы берілген кестені есте сақтауға болады. | Кесте қалай құрылғанын түсіндіріп береді. Мысалдаржазылған бір түсті карточкаларды таңдайды. Жауабын айтады. 1+2=3 3+2=5 4+2=6 5+2=7 6+2=8 7+2=9 8+2=10 | | Оқулық, дәптер. |
7-10 | Мақсат қою (мәселелік жағдаят). Оқулықтағы №2 тапсырманы жұппен орындауды ұсынады. Оқушылар бірінші бала бірінші үйшікті, екінші бала екінші үйшікті алып бір-біріне мысалдар жасырады. Бірінші үйшікте қосындының мәні 10-ға тең болса, екінші үйшікте 9-ға тең болады. Оқушылар 10 және 9 сандарын үш қосылғыштың қосындысы түрінде жазуды үйренеді. | Мәселелік жағдаятты түсінеді. 5+2+3=10 4+2+4=10 3+3+4=10 5+1+3=9 4+4+1=9 3+3+3=9 | «Фигуралар» әдісі бойынша бағаланады. | Оқулық, дәптер. |
Мағынаны тану 10-15 | Өзіндік жұмыс. Өзіндік жұмыс оқушылардың түсінбей қалған тұстарын анықтауға көмектеседі. Мұғалім осы мақсатта №3 тапсырманы орындауды ұсынады. 1-ден 10-ға дейінгі сандардың құрамын есіңе түсір.Мысалдарды жазып, оларды есепте. Кесте бойынша тексер. Дәптерде жазу үлгісі берілгендіктен, торкөз дәптерге жазып орындауды ұсынады. | Тапсырманы дәптеріне өзбетімен орындайды. 3-2=1 9-2=7 8-5=3 8-7=1 7-1=6 2-2=0 9-3=6 7-3=4 6-5=1 5-1=4 Кесте бойынша тексеру жасайды. 1+2=3 7+2=9 3+5=8 1+7=8 | “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау | Оқулық, дәптер. |
15-20 | Қиындықтарды түзету. Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді. – Кімде қиындықтар туындады? – Сендер қай жерде қателік жібердіңдер? – Жіберілген қателіктің себебі неде? – Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар. (Қосымша тапсырмалар орындау). – Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай? (Қателіктерді түзету). – Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз. Қателікті түзету үшін келесі тапсырманы оқушыларға ұсынуға болады. Бос орындарға тиісті сандарды кестеге жаз. + | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 1 | 2 | | | | 6 | | | | 10 | 2 | | 4 | | | | | | 10 | | 3 | | | 6 | | | | 10 | | | 4 | | | | 8 | | 10 | | | | 5 | 6 | | | | 10 | | | | | 6 | | | | 10 | | | | | | 7 | | | 10 | | | | | | | 8 | | 10 | | | | | | | | 9 | 10 | | | | | | | | | Оқулықтан зерттеушілік тұрғыдағы 5-тапсырманы ұсынуға болады. Бос орындарға тиісті сандар мен таңбаларды қой.Егер нәтиже кіші сан болса, онда таңба «-» қойылады. Енді азайтуға кері амал қосу амалымен тексеру жасаймыз. 7 саны 4 саны мен қандай санның қосындысына тең болады? (3) 7-3=4 Егер нәтиже үлкен сан болса, онда таңба «+» қойылады. 6саны 2 саны мен қандай санның қосындысына тең болады? (4) 2+4=6 Зерттеу осылай жалғасады. | Қатемен жұмыс жасайды. Бос орындарға тиістісандарды кестеге жазады. Кестені толтырады. Оқушылар бос орындарға тиісті сандарды қалай таңдауғаболатынын түсіндіреді. 7-3=4 2+4=6 8+2=10 10-2=8 9-3=6 10-7=3 | | Оқулық, дәптер. |
20-25 | Осығандейінөтілгенматериалменжұмыс. Оқулықтағы зерттеушілік тұрғыдағы №4тапсырманы орындауды ұсынуға болады. Алдымен сызғышпен тақтайшаның ұзындығын өлшейді. Алынған ұзындықты 3 см, 8 см,6 см, 9 см-ге кемітіп, тақтайшаның ұзындығын табады.Алынған ұзындықты 2 см, 5 см, 6 см, 7 см-ге арттырып, тақтайшаның ұзындығын табады. | Сызғышпен тақтайшаның ұзындығын өлшейді. Алынған ұзындықты3 см, 8 см,6 см, 9 см-ге кемітеді, 2 см, 5 см, 6 см, 7 см-ге арттырады. | Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады. | Оқулық, дәптер. |
25-32 | Дәптермен жұмыс. Дәптердегі №2 тапсырманы орындауды ұсынады. «Кім жылдам» әдісі. | Оқушылар тапсырманы уақытқа орындайды. | Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды. | Баспа негіздегі жұмыс дәптері |
Рефлексия 32-35 | «Бес саусақ» әдісі. Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету. «Бас бармақ» – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды? 2. «Балалы үйрек» – бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым? 3. «Ортан терек» – ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым? 4. «Шылдыр шүмек» – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? 5 «Кішкентай бөбек» – көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? | Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады. | | «Бес саусақ» әдісі. |