СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математикалық бәйге

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Математикалық бәйге»

Абай облысы білім басқармасы

«Политехникалық колледжі»КМҚК





Бекітемін

Колледж әдіскері

__________Олжабаева Б.О.

«____»__________2022ж.


ПЦК отырысында қаралды

Хаттама №_­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__ _______2022 ж.

ПЦК төрайымы

_____________ Замятина Т.П.






Математика пәнінен сыныптан тыс іс - шараның әдістемелік

әзірлемесі


«МАТЕМАТИКАЛЫҚ БӘЙГЕ»









Дайындағандар:

Байгулакова А.Б.

Адильханова А.М.







Семей қаласы, 2022

Мақсаты: 
• Колледж көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше колледждің І топ студенттерін белсенді қатыстыру; 
• Студенттердің ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру; 
• Математикаға деген қызығушылығын арттыру.


Армысыздар, ақ жүректі ұстаздар мен ізденімпаз студенттер, және де білімпаз сайыскерлер!

Бүгінгі күнге ұйымдастырылып отырған «Математикалық рингке» қош келдіңіздер!

Дана халқымыздың дара тұлғаларының бірі – Карл Гаусс «Математика ғылымдардың патшасы» демекші, расында да біз математикасыз өмір сүре алмаймыз.

Мұнын дәлелін топ студенттері бүгінгі додада көрсетпекші.


Ендеше бүгінгі додаға қатысушы, топтарды қол соғып қошеметтей отырайық.


Жүректен өлең төгіп қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.

Қошеметтеп баршаңыз қол соғыңдар,

Сайысқа қатысушы тұлғаларға.

дей келе, сайысқа қатысушы студенттерге жігер беріп отырайық!!!

Бұл сайыста 10 ШП, 10 ЭГС, 17 МКА, 18 МКА топтары жарысады.


Ендеше бүгінгі додаға қатысушы командаларымызбен таныс болыңыздар. Олар:


Ассалаумағалейкум сөздің басы,

Сіздерге бұл сөзіміз әділ қазы.

Сайысқа студенттер келіп отыр,

Жөн көрдік өздеріңіз саралауды.


Олай болса сайысымыздың әділ қазы алқаларымен таныс болыңыздар.


1) Орынбаев Нұрлыбек Жолбекович

2) Олжабаева Баян Оразбековна

3) Замятина Татьяна Петровна

4) Нургазы Дария Акатаевна


  1. Таныстыру

  2. «Қарсыластан қалыспа»

  3. «Ойланып көр»

  4. «Кім жылдам»

  5. «Математикалық термин»

  6. «Көкпар»

  7. Тәжірибе жасау

  8. Қорытынды

1-тур «Тансытыру» – әр топ өздерін таныстырып, топтың ұранын айтады.

2-тур «Қарсыластан қалыспа» деп аталатын бірінші турымызды бастаймыз.

Ол үшін алғашқы турымыздың шарттарымен танысып алайық.

Бұл турда барша қатысушыларға ортақ бірнеше сұрақтар қойылады, жауап ауызша түрде.

Сіздерге сұрақтар кезекпе – кезек оқылады, қай топ бірінші қол көтерсе сол топ жауап береді. Барлығы 30 сұрақ оқылады, әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай.

Ендеше экранға назар аударайық. «Қарсыластан қалыспа»


  1. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір рет атап өтеді. Бұл қай күн? (29 ақпан)

  2. Әртүрлі үш санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең. Осы сандарды анықтаңыз? (1,2,3)

  3. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолы)

  4. Көзіңмен көресін бірақ ұстай алмайсың? (көлеңке)

  5. Бөлмеде 7 май шам жанып тұр. Сен жаныңдағы біреуін өшірдің. Қаншасы қалды? (1)

  6. Егер түнгі сағат 12 де күн жауып тұрса, онда 24 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма? (жоқ, себебі, түнде күн шықпайды)

  7. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (нөлге)

  8. Дүние жүзінде ең үлкен шляпаны кім киген? (басы үлкен адам)

  9. Бір стаканға толық қанша жүгері сияды? ( бір стакан)

  10. 6 терек өсіп тұр, ал әр теректе 6 бұтақ бар, ал әр бұтақта 6 кіші бұтақ бар, ал әр кішкене бұтақта 6 алма өсіп тұр? Барлығы қанша алма? (теректе алма өспейді)

  11. Мектепке келе жатқан бес балаға қарсы жолда тағы төрт бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (бес бала)

  12. Столдың төрт бұрышы бар, егер бір бұрышын кесіп тастаса қанша бұрыш қалады? (бес бұрыш)

  13. 0,01 секундқа тең өлшем бірлігі (момент)

  14. Πи санының халықаралық күні? (14 наурыз)

  15. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Неше торғай қалды? (қалған жоқ)

  16. Жеті туыстың бір-бірден қарындасы бар. Барлығы неше туыс? (8)

  17. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда салмағы 6 кг болса, ал бір аяғымен тұрғанда салмағы неше кг болады? (6 кг)

  18. Торда үш қоян бар еді. Үш бала бір-бір қояннан алғанда, торда бір қоян қалады. Ол қалай? (біреуі тормен алады)

  19. Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды. (сабақ)

  20. Жерден көтеруге оңай, бірақ алысқа лақтыруға қиын. (мамық)

  21. 2 қолда 10 саусақ. Он қолда неше саусақ бар? (100)

  22. Ұшақ Ақтаудан Алматыға дейін 1 сағат 40 минут ұшады. Кері қайтқанда 100 минут ұшады. Айырмашылығын түсіндір. (1 саг 40 минутта 100 минут бар)

  23. Тәуліктің 24-тен 1-і?  (1 сағат)

  24. Қайсы үлкен 2 метр ме, әлде 198 см ме?    (2 м)

  25. 16 нешенің квадраты? (4 санының)

  26. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге?  (100 теңге)

  27. 8 саны нешенің кубы?   (2-нің)

  28. Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қояды. Үстелде неше стақан бар? (3 стақан)

  29. 1 тонна темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма?  (бірдей)

  30. 4-тің кубы неге тең?   (64 саны)

  31. Ең үлкен уақыт  өлшемі?   (Ғасыр)

  32. Бір шоколадты 100теңгеге сатып алып, ал 1,5 шоколадты неше теңгеге аламыз? (200 т)

  33. Қай сөз әрдайым дұрыс болып естіледі? (дұрыс)

  34. Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады? (сіздің есіміңіз)

  35. 1 бұқа 5 литр сүт беретін болса, 5 бұқа қанша литр сүт береді? (бұқа сүт бермейді)

  36. Жабық көзбен нені көруге болады? (түсті)

  37. Тауық өзін құспын деп айта ала ма? (жоқ, ол сөйлей алмайды)

  38. Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды? (6)

  39. Студент колледжге 15 минутта жетеді. Ал 3 студент бұл жолды қанша уақытта өтеді? (15)

  40. Термометр 15 градусты көрсетіп тұр. Дәл осындай екі термометр нешен градусты көрсетеді? (150)

  41. Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды? (тақырбас адамның)

    3-тур «Ойланып көр» деп аталады. Ішінде математикаға байланысты сөздері бар мақал – мәтелдерді жалғастыру керек.

    1. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
    2. Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.
    3. Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.
    4. Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.
    5. Жігітке жеті өнер де аз.
    6. Айла алтау, ақыл жетеу.
    7.  Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.        
    8. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»
    9.  Бірінші байлық – денсаулық,
    Екінші байлық – ақ жаулық,
    Үшінші байлық – он саулық.
    10. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.
    11. Отыз тістен шыққан сөз,
    Отыз руға тарайды.
    12. Мыңның жүзін білгенше,
    Бірдің атын біл.

     Ал енді келесі турымызға көшейік.

4- тур «Кім жылдам» деп аталады.

Ойлай білу керек әрбір адамға,

Санау қажет данаға да наданға.

Білу үшін сенің терең сырыңды,

Кереметтей төзім керек адамға.


Бұл турда жауап жазбаша түрде беріледі. Дұрыс жауапқа 20 ұпай.

Дайын болсаңыздар экранға назар аударып, сұрақпен таныс болыңыздар.


«Бұл күн дүйсенбіден кейін емес, және бейсенбінің алдында емес, ал ертең жексенбі емес, және кешегі күн де жексенбі болған жоқ, ал арғы күні сенбі болмайды, және алдыңғы күні сәрсенбі болған жоқ. Сонда бұл қай күн?» (жексенбі)


5 –тур «Математикалық термин» деп аталады

Шын сөйлеуге, адалдыққа үйреттің,

Жалған ойды дәлелде деп күйреттің,

Қызық пәнсің, қиын пәнсің өмірде,

Қарамайтын ешқандай да көңіл – күйге.

Бұл турда математикаға қатысты терминдерді 2 – минуттың ішінде жазып үлгерулеріңіз керек. Және де болған соң сол жазған терминдеріңізді бір команда мүшесі оқып береді.

Әр термин 5 ұпай. Дайын болсақ бастаймыз.

6 – тур «Көкпар».

Бұл да қазақтың ұлттық ойыны. Мұнда топпен жұмыс істеу анықталады, береке-бірлік бақыланады.

Тапсырма:

А. «Математикасыз өмір жоқ!»

В. «Математикасыз-ақ өмір сүруге болады.»

Өз бағытын дұрыс қорғаған команданың әрбір мүшесіне 20 балл қосылады.


7-тур Практикалық тапсырма: Қаламды қағаздан көтермей шеңбердің центрімен бірге салуға бола ма? Дәлелдеп көрсетіңіз.

Көрермендермен ойын:

1. Өзі төрт қанатты және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (инелік)
2. Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде
Бірін - бірі көрмейді. (көз)


3. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (қолғап)


4. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр бес ешкі
Екі қоян, үш түлкі
Таба алмасаң бос күлкі. (28)

5. Бір - бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан,
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (8)



6. Түйе, бота аң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой. (15)

7. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан - жағына қарамай. (натурал сан)



8. Бүтін, бөлшек бөліктерден,
Барлығыда бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда. (ондық бөлшек)


Осымен соңғы турымыз бітті.

Ендігі әділ қазылар алқасы ақылдасып бір шешім шығарғанынша көрермендер, және де бүгінгі сайысқа қатысушыларымызбен бірге «Математикалық фокус» көріңіздер. Ол үшін бәріңіз соткаларыңыздан калькуляторларыңызды ашыңыздар.

Енді экранға

  • туған айлаларыңызды енгізіңіздер

  • осы санды 4-ке көбейтіңіздер

  • оған 13 – ті қосыңыздар

  • оны 25 – ке көбейтіңіздер

  • одан 200 – ді алып тастаңыздар

  • енді туған айларыңыздың күнін қосыңыздар

  • оны 2 – ге көбейтіңіздер

  • бұдан 40 – ты алып тастаңыздар

  • мұны 50 – ге көбейтіңіздер

  • өз туған жылдарыңыздың соңғы екі санын қосыңыздар

  • 10500 – ді алып тастаңыздар.

Шыққан санның бірінші немесе алғашқы сандар туған айын, онан кейінгі екі цифр туған күнін,соңғы цифрлар туған жылын көрсетеді.


Әділ қазылар алқасының шешімі дайын болса, сөз кезегін әділ қазыларға берейік.


Жеңімпаз команданы бүгінгі жеңісімен құттықтаймыз.

Қатысқандарыңызға көп көп рахмет.

Сау саламатта болыңыздар.