СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математика "Сопақша"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: "Таным"-Қарапайым математикалық ұғымдарды түсіндіру

Тақырыбы:Сопақша

Просмотр содержимого документа
«Математика "Сопақша"»

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы

(естиярлар тобы)


Білім беру саласы: Таным.

Білім бөлімі: Математика.

Тақырыбы: Сопақша.

Мақсаты: Тіктөртбұрышпен және дөңгелекпен салыстыра отырып сипап сезу қимылы мен көру арқылы сопақшамен таныстыру. 5-ке дейін реттік санау және реттік санды атап «Қайсысы?», «Нешінші?» деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту.

Сөздік жұмыс: пішіндер:сопақша, дөңгелек, тіктөртбұрыш.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет

Қайырлы таң, балалар!

Тату болып, дос болып,

көңілді бүгін тараңдар.

- Бір-бірімізге қарап, күлімдеп, жақсы көңілмен сабақты бастайық.

Есік қағып қонжық кіреді.

-Сәлеметсің бе, қонжық. Сен қайдан жүрсің?

Қонжық: Мен ұйықтап жатыр едім, көзімді ашып қалсам, қасымда анам жоқ. Оны іздеймін деп адасып қалдым. Маған үйімді табуға көмектесесіңдер ме?

- Балалар, қонжыққа көмектесеміз бе?

-Ендеше орманға барып, қонжықтың анасын іздестірейік.


Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне күлімдеп қарайды.





Балалар қызығушылық білдіреді.

Қонжықпен амандасады.









Иә.



Ұйымдастыру-ізденушілік

Тиін балаларға тапсырма береді: -Менің жаңғақтарымды санап берсеңдер, мен сендерге жол көрсетемін.

Тапсырма: «Адасқан сандар».



Қоянның тапсырмасы: "Қанша сәбіз, сондай санды тап".


Түлкі тапсырма береді:

-Менің жұмбағымды шешсеңдер айтамын. «Мынау пішіндерден қандай бір пішін құрастыруға болады?»

- Балалар, мынау қандай пішіндер? Қай пішін домалайды: дөңгелек пе әлде тіктөртбұрыш па? Неліктен тіктөртбұрыш домаламайды?

Егер де дөңгелек шарды алып қысса, ол қай пішінге ұқсайды?


Балалар, қалай ойлайсыңдар, тіктөртбұрышты қандай пішінге айналдыруға болады?


Тәрбиеші сопақшаны көрсетеді.



Торғайдың тапсырмасы: «Қай пішінге ұқсайды?»





Торғай аюдың үйін көрсетеді. Аю шығып, балаларға алғысын білдіреді.

Балалар орманда келе жатып тиінге тап болады.




Балалар сандарды рет-ретімен қойып шығады.

Тура және кері санайды.


Балалар қоянды кездестіреді.

Балалар сәбіздерді санап, санын көрсетеді.

Балалар түлкіге тап болады.






Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.





Балалар шарды үрлеп, ортасынан қолмен қысады. Сонда ол сопақшаға ұқсайтынын айтады.

-Тіктөртбұрыштың бұрыштарын қиып алса, ол сопақшаға ұқсап кетеді.

Балалар тәрбиешімен бірге тіктөртбұрышты сопақшаға айналдырады.

Балалар сопақшаны зерттейді, оны қолымен ұстап, бұрыштары жоқ екенін айтады.

Балалар ағашта отырған құсты кездестіреді.

Балалар дөңгелекке, сопақшаға, тіктөртбұрышқа ұқсас заттарды топтастырып алады.

Балалар қуанады.

Жетекші-жөндеуші

Сабақты қорытындылау.

Тәрбиеші балалардан жасаған іс-әрекеттерін сұрайды.

Балалар өздерінің жасаған істерін, берген көмектерін айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі қажет: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау, пішіндерді айыра білу.

Қалыптасқан түсініктер: пішіндер бір-бірінен немен ерекшеленетіні туралы түсінік болу.

Орындаушылық қабілеті: сұрақтарға жауап беру, өз ойын ашып айту, тапсырмаларды дұрыс орындау.