СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектеп көшбасшылығы - оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру негізі

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп көшбасшылығы - оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру негізі

Просмотр содержимого документа
«Мектеп көшбасшылығы - оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру негізі»

Мектеп көшбасшылығы - оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру негізі



«Мектеп көшбасшылығы - оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру негізі».
Қазіргі уақытта Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жүргізіліп жатқан білім мазмұнын жаңартуға негізделген реформаның өзектілігіне келсек, Елбасы жолдауында көрсетілгендей «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс».
Осы орайда Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығында мектеп басшылары курстан өтіп жатыр, 9 айға жоспарланған 640 сағаттық бағдарлама 4 кезеңге жоспарланған. «Аудиториялық оқытудың бірінші кезеңінде» мектеп көшбасшылығының негізгі идеясы туралы теориялық білім беріледі, мектепті дамыту жоспары жасалып, жүйеге келтіріледі. Ал «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде осы теориялық білім іске асырылады, сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби біліктілігін анықтауға анықталған «TALIS» сауалнамасы алынады. «Аудиториялық оқытудың екінші кезеңіне» арналған бағдарламада 1-мектептегі тәжірибеде жүргізілген жұмыстарды сараптап, сауалнама қорытындысын шығара отырып, мектептегі өзекті проблемалар және оны шешу жолдары қарастырылып, мектептің 2- даму жоспары жасалады. Осы үш кезеңді аяқтап, қалған 6 айға жоспарланған «Екінші мектептегі тәжірибе» кезеңінде мектеп ұжымын жаңаша оқыту үдерісіне жұмылдырып, мектепке өзгеріс енгізуге келдім. Жаңа бағдарлама бойынша мектеп директоры - бүкіл мектепке өзгеріс енгізуді басқарудағы негізгі көшбасшы. Бағдарлама директорлардан мектептің дамуын басқарумен қатар, бақылауды да талап етеді. Біз көшбасшылықты қауіп пен жаңашылдықты қабылдай отырып, қуат беріп және басымдықты белгілеу арқылы ортақ көзқарас дамыту деп түсінеміз. Басқару белгісіздікті, сенімсіздікті шектеп, алауыздықты азайтатын, тұрақтылықты нығайтып, болашақты болжауға мүмкіндік беретін жүйе құру деген сөз екендігін ұқтым.
Өз ықпалын күшейту үшін директор оқыту мен оқу үдерісінде төмендегі тәсілдер арқылы белсенді роль атқарулары қажет:
- Мұғалім жұмысының тиімділігін бақылау және эвалюациялау(білім беруді ұйымдастыру, іс-әрекеттерді жүйелі зерттеу және бағалау);
- Тәлімгерлік пен коучинг үдерісін өзі өткізу және өткізуге жағдай жасау;
- Мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау;
- Ұжымдық жұмыс пен бірлескен оқуды көтермелеу;
Әлемдік тәжірибеде тиімділігі дәлелденген бұл жүйе қазіргі таңда Қазақстандық мектептер үшін өзекті болып отыр. «Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз» деп белгілі ұлы ойшыл Сенека Луций айтқандай, мектеп көшбасшысы курсында көшбасшы демократиялық стильді ұстана отырып өзін ғана дамытумен емес, ұжымына да ықпал ету керек, ол сыртқы ортаға әсер етуі, әріптестерін ашық болуға шақыруы керек, топтың әрбір мүшесінің өз тақырыптары, зерттеген мәселелерін ортаға салуға, ұжымның оны талқылауына мүмкіндік береді және оларды әрі қарай үнемі жетелеп, көмектесіп отырса жұмысы нәтижелі болады деп ой түйдім.
Мектеп көшбасшылығы оқытуға байланысты, кәсіби дамудың тиімді тәсілі болып табылады. Мектептің тиімді көшбасшылығы ынтымақтастық, мектеп пен ұжымда, сыныпта өзгеріс енгізуге оң ықпал етеді.
Педагогикалық шеберлік орталығында алған теориялық білімімді практика кезінде өзгерістің бастамасы ретінде жүзеге асыра бастадым. Әлемдік тәжірибенің тиімді тұстары көп екендігіне көз жеткізе бастадық. Атап айтсақ, сындарлы оқыту теориясын мектеп тәжірибесіне енгізудің бастамасы ретінде құрылған «Серпін» желілік қоғамдастығын құру, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау, яғни орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспардың жасалуы, коучинг, тәлімгерлік, Lesson Study үдерісі, кері байланыс, бағалаудың жаңа формалары, іс-әрекетті зерттеу, мониторинг жасау сияқты жұмыстың жаңа формалары мектеп өмірі үшін үлкен жаңалық. Нәтижесінде мұғалімдер 7 модулді ықпалдастыру арқылы орта мерзімді жоспарлауды үйренеді, қысқа мерзімді жоспарлауды сабақта қолдана алатын болады, сабақ жоспары SMART теориясы бойынша шынайы жасалады. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер бұл жоспарлардың тиімді жақтарын әріптестеріне таныстырып, сол жерде топтық жұмыс жасай отырып, жаңа сабақ жоспарын жасауға мұғалімдерге көмек береді, мұғалімдер арасында ынтымақтастық, бірлескен жұмыс оң нәтижесін береді. Соңында мұғалімдермен кері байланыс жасалады, онда олар бұл жаңалыққа өз көзқарастарын, ұсыныстарын білдіреді, оқу үдерісін жетілдіру мақсатында мұғалімдерге арналған бірнеше коучинг сабақтары өткізіледі. Осы теориялық білімді тәжірибеде ұштастырып, ынталы топ мүшелері сабақтарын өткізуде. Сабақтарға қатысушы мұғалімдер көбейді, себебі, бұрын сабақ талдағанда тек мұғалімнің кемшілігі ғана айтылатын, бірлескен жұмыс өз нәтижесін беретіндей мүмкіндік туды, проблеманы бірге шешу арқылы әріптестердің арасында кәсіби ынтымақтастықтың орныға бастағандығы көріне бастады. Ал оқушыларға келсек, олардың сабаққа деген көзқарастары, сындарлы ойлау дағдылары, оқу үлгірімі оң нәтижесін бере бастады, кері байланыстың өзі оларға өз ойларын ашық білдіруге мүмкіндік беретінін көрсетті, критериалды бағалау арқылы өзара бағалауды үйренді.Осы практика барысында мектепте біраз қозғалыс болып жатыр, жаңалықтың лебі сезілуде, көшбасшы ретінде мұғалімдерді үйрете жүріп, өзім де біраз нәрсені үйреніп, ой елегінен өткіздім. Сонымен қатар, TALIS сауалнамасы арқылы мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған семинар, конференция, қысқа мерзімді курстардың мұғалімдер үшін сапасының қаншалықты екендігін анықтауға болады, мектептегі шешуге тиісті қандай проблемаларға назар аударуға болатындығын және оны шешудің жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтсақ, оқушы, мұғалім, ата-ана қажеттілігі басты назарға алынады. Мұның өзі сындарлы оқытудың тиімділігі деп есептеймін. Аз уақыттың ішінде мектепте үлкен өзгерістерге бастама жасалды, Президент жолдауын талқылау барысында мен жолдауда көрсетілген мәселелер бойынша мұғалімдерге қазіргі уақыттағы білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптарды деңгейлік курс тұрғысынан түсіндірдім. Алдағы уақытта жұмысымды одан әрі жетілдіре түсемін, ауқымын кеңейтемін, желілік қауымдастықтың жұмысын одан әрі жетілдіруге ықпал етсем деймін.Осындай жұмыстың жаңа формаларын жүргізу арқылы мектептің оқу-тәрбие үдерісіне оң өзгеріс енгізуге болады деп ойлаймын.