Сабақ №1
Гендерлік тәрбие бойынша
Тақырыбы: Н.Серғалиевтің «Мейірімді қыз» әңгімесін оқу.
Мақсаты: Балалардың «мейрімділік» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндетттері:
БМ: Балалардың «мейрімділік» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Мейірімді істер атқаруға ынталандыру. ДМ: Бойларындағы жақсы қасиеттерді дамыту.
ТМ: Кішіпейілдікке, аяушылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: қуыршақтар.
Сөздік жұмыс: мейірімді, мейірімділік.
Сабақтың барысы: Жылулық шеңбері
Әкел, досым, қолынды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, кане, соныңды
Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Мейірімділік белгісі –
Кел, қосылып күлейік
Сабақтын негізгі бөлігі:
Тәрбиеші:-Қыздар, сендер немен ойнағанды ұнатасындар?
Қыздар:Қуыршақпен,ыдыстармен т.б.
Тәрбиеші:-Сендердің қуыршақтарында есімдері бар ма? Тамирис, сенің қуыршағынның есімі қалай? Қыздар:Айгүл, Қаламқас,Айша т.б. Тәрбиеші: -Жақсы. Айтындаршы, сендер қуыршақтармен қалай ойнайсындар?
Қыздар: Киіндіреміз,ұйықтатамыз, тамақ береміз, т.б. Тәрбиеші: Сендер, өз қуыршақтарынды бала қылып ойнайсыңдар, солай ма? Қазір «Мейірімді қыз» деген әңгімені оқып беремін. Мұқият тыңдандар.
Бірде кеңсеге келе жатып, көшеден ойыншық тауып алдым. Қуыршақтың басына көк тақия, үстіне ақ көйлек кигізіп, күнтитіп қойыпты.
«Бір балақай ойнап жүріп ұмытып кетті-ау», - деп жан-жағыма жаутаңдай қарадым.
Көшенің оң қапталында қызыл қақпадан төрт-бестер шамасындағы қыз бала жүгіріп шыға келді.
«Е, қуыршақ осы баланыкі болды...». Мен солайқарай жүгірдім.
Дөңгелете қиған қара шашы желбіреп, топ-томпақ қара қыз алдымнан шықты.
-Жөндеп көтермейсіз бе? – деді қарсы келген бетте бұртия тіл қатып.
-Не дедің?
-Бөпенің қолы сынады, - деп ол менің қолымдағы қуыршаққа жармасты. Сонда барып байқадым... қуыршақты қолынан салбырата ұстап келеді екенмін.
Тәрбиеші:-Балалар, мейірімді адам ол қандай?
Қыздар:-Ешкімге жамандық ойламайтын
Тәрбиеші:-Дұрыс,мейірімді адам жылы сезімдерін білдіреді, айналасындағыларға тек жақсылық ойлайды. Мейірімді адам сыпайы, әдепті, қамқоршы, кешірімді болады.Әрдайым көмекке келеді, қолдағысымен бөліседі, ешкімді ренжітпейді. Ешкіммен ұрыспайды.
Ойын «Қуыршақты сипаттап бер және мақтап бер»
Шарты: тәрбиеші қыздарға бірнеше қуыршақты кезекпен көрсетіп, оны сипаттап беруге және оның қуыршағы қандай екенін айтуға ұсынады.
Мысалы, «Менің қуыршағым ең әдемі, сүйкімді, тілалғыш, мейірімді» т.б.
Рефлексия:
Тәрбиеші:-Балалар, бүгін біз не туралы әңгімеледік?
Қыздар: Мейірімділік туралы .
Тәрбиеші: -Әңгімедегі қызды неге «мейірімді қыз» деп санайды?
Қыздар :-Ол қуыршаққа жаны ашып,мейіріммен қарады.
Тәрбиеші:-Енді менімен бірге мына сөздерді қайталап айтындар:
-Күлімдеген күн мейірімді!
-Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
-Аяулы анам мейірімді!
-Қадірлі әкем мейірімды!
-Әлпештеген әжем мейірімді!
-Еркелеткен атам мейірімді!
-Тату- тәтті достарым мейірімді!
Қыздар:Бірге қайталайды.