Сабақ №2
Гендерлік тәрбие бойынша
Өткізген: Жусамбаева Қ.М
Өткізі мерзімі: 03.10.2018ж.
Топтың жас ерекшелігі: №12 ересек топ
Тақырыбы: Әңгіме «Аяқ киімді күтуге үйренеміз»
Мақсаты: Балаларды аяқ киімді күтудің гигиеналық талаптарымен, ережелерімен таныстыру.
Міндеттері:
БМ: Балаларды аяқ киімді күтудің гигиеналық талаптарымен, ережелерімен таныстыру.
ДМ: Әсемділік, тазалық, ұқыптылық сезімдерін дамыту.
ТМ: Еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа, өзара қөмек көрсетуге тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: Аяқ киім, аяқ киім щеткасы бейнеленген суреттер, қуыршақтың аяқ киімдері, мата, аяқ киім щеткасы, ылғалды майлықтар.
Сөздік жұмыс: Аяқ киім, аяқ киім майы, аяқ щеткасы.
Көптілділік компонет: Аяқ киім- обувь.
Сабақтың барысы:
Жылулық шеңбері:
Әкел, досым, қолыңды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, қане, соныңды.
Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Мейірімділік белгісі-
Кел,қосылып күлейік.
Сабақтың негізгі бөлігі
Д/ойын «Аяқ киімді ата».
Шарты: суретте бейнеленген аяқ киімдарді атау.
-Аяқ киім түрлеріолардың жаслған материалына, адамдардың жасы мен жынысына байланысты жасалады. Аяқ киімің қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлері болады.
-Сатып алған аяқ киімге бірнеше гигиеналық талаптар қойылады:
1. Аяқ киімде аяқты қыспайтындай, бас бармақ тірелмейтіндей кеңістік болуы керек.
2. Аяқ киім жеңіл, иілгіш, жұмсақ болғаны дұрыс.
-Бүгін біз сендермен аяқ киімді қалай күту керек екені жайлы әңгімелейміз.
Қане, мүмкін біреу маған айтып береді, аяқ киімді қалай күту керек? ( балалрдың жауптары)
-Иә, аяқ киімді көшеден кейін жуу керек немесе шанын сүртіп қою керек.
Жуылған аяқ киімді кепкеннен кейін майлап қою керке. Ол үшін аяқ киімге араналған майы мен аяқ киім щеькасы болуы керек ( Суреттерді көрсету).
-Майланғаннан кейін щеткамен немесе барқыт матамен тазатау керек. Май аяқ киім түсіне қарай таңдалуы тиіс. Немесе барлығына жарайтындай түссіз болу керек.
-Су аяқ киімді міндетті түрде кептіру керек. -Резеңке етік пен бәтіңкеге ұлтарақты міндетті түрде салу керек. Ұлтарақтың былғарыдан немесе қалың матадан жасалғаны абзал. Шытынап кетуі мүмкін болғандықтан, отқа жақын қоймау керек.
-Пимадағы қарды бірден тазарту керек,
-Пима мен жұқа киіз бәтіңкелерді қатты щеткамен тазалау керек.
Сергіту сәті.
Еркін ұста денеңді,
Тарсылдатпай еденді,
Орнымыздан тұрып алып.
Жүгірейік бір уакыт ,
Бір, екі, үш, бір, екі, үш. Аяқты алға созайық.
Тік көтеріп, қозғайық,
Тым сылбыр да болмайық.
Алға қарай озбайық,
Бір, екі, үш, бір, екі, үш.
Ойынды жаттығу: «Аяқ киімді күту»
Шарты: газет немесе клеенка төселген үстелдің үстіне шан, кір болған қуыршақтын аяқ киімдері, аяқ киім щеткасы, мата, аяқ киім майы, ылғалды майлықтар жатады. Балаларды кезекпен шакырып, оларға аяқ киімнің күтуін көрсетуге ұсыныс беріледі.
Рефлексия:
-Балалар, бүгін біз не туралы әңгімеледік?
-Аяқ киімді қалай күту керек екен?
-Аяқ киімді күтіп ұстамасақ не болады? (Балалардың жауаптары)