Просмотр содержимого документа
«Мен анамның көмекшісімін»
Үйірме жұмысы бойынша Сабақ №1
Тақырыбы: «Күзгі кілем»
Мақсаты: Балаларға парақты екі бүктеу арқылы симметриялық заттарды қиюды үйрету.
Міндеттері:
БМ: Балаларға елестету арқылы жапырақты сипаттық ерекшеліктерін бере білуге үйрету.
ДМ:Қол қимылын,байқағыштықты,аппликацияны орындауда түрлі техниканы дамыту.
ТМ: Эстетикалық талғамды,табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жабдықтар: Жапырақ түрлерінің үлгілері,ақ парақ, түрлі түсті қағаз,қайшы,бояу қарындаштар, желім.
Сөздік жұмыс: Қайшы,күзгі жапырақтар. Көптілділік компонент: жапырақтар- -листья-leaves,сары-желтый-yellow.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші: Алдын ала табиғаттағы мауысымдық өзгерістерге бақылау жүргізеді. Шығармашылық іс –әрекеттер жүргізу барысында тәрбиеші балаларға сұрақтар береді.
Тәрбиеші:-Жазда жапырақтар түсі қандай еді?
Балалар:-Жапырақтар жасыл түсті болды.
Тәрбиеші:-Күз келгенде жапырақтар қандай түске айналды?
Балалар:-Сары түске айналды.
Сабақтың негізгі бөлігі:
«Жапырақтар ....болады» дидактикалық ойыны.
Мақсаты:негізгі түстердің атауларын бекіту (үш тілде)
Балалар қайталайды: жапырақтар- -листья-leaves,сары-желтый-yellow.
Тәрбиеші: балаларға көздерін жұмуды және керемет күзгі кілемнің үстімен келе жатқандарын елестетуді ұсынады.Күзгі кілем қош айтысқан жаз бен жылылыққа соңғы құрмет көрсете отырып, жылы түстердің реңктерін бойына жинақтағандай.
Күзгі кілемнің үлгісін көрсете отырып, балаларға ерекше күзгі кілем жасауды ұсынады.Кілемді орналастыруда және жапсыруда жапырақтардың бір-бірімен қабатталуы мүмкін екендігіне назар аудартады.
Жұмысты орындаудың реті:
1.Қағаздың қажетті түсін іріктейтейді.
2.Түрлі пішінде жапырақтар қиямыз.Ол үшін түрлі түсті қағаз парағын екіге бүктейміз және теріс жағына жапырақтардың жарты сұлбасын қара қарындашпен ұсынылған схемаға сай сызамыз.
3.Балалар түсі,пішіні,көлемі жағынан әр түрлі жапырақтарды емін-еркінше орналастырады.
4.Жапырақтарды желімдейді.
5.Жапырақтардың жиегін бояу қарындаштармен жүргіземіз де, тамыршақтарын саламыз.
Рефлексия:
Тәрбиеші балалармен бірге күзгі кілемдерді қарап шығады. Ондағы табиғаттың сұлулығымен байлығына назар аудартады.
Барлық балалардың жұмыстары жақсы бағаланады.Тек жұмыс орындауда кеткен қателіктері болса ескертулер жасалады.