СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен анамның көмекшісімін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Мен анамның көмекшісімін»

Үйірме жұмысы бойынша

Сабақ №7


Тақырыбы: «Анама мен не сыйлаймын»

Мақсаты: Балаларды тыңдауға, өз әсерлерін аппликация арқылы бейнелеуге үйрету. Гүл пішінін жасауға қатысты тәсілдерді меңгерту. Міндеттері:

БМ: Ашықхатты гүлмен әшекейлеп,безендіруді үйрету.
ДМ: Әдемілікті сезіне білулерін,көркемдік талғамдарын дамыту. ТМ: Балаларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамын қалыптастыру. Жабдықтар: Құтыдағы гүл шоғы, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаздар, желім, ашықхаттың дайын үлгісі.

Сөздік жұмыс: Ашық хат, мереке.

Көптілділік компонент: Ашық хат-открытка-card, мереке-праздник-celebration.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші: Гүлдер туралы өлең жолдарын оқып, балалардың назарын гүлдердің әдемілігіне аудартады.

Алғаш рет күркіреп,

Ағыл-тегіл жауса күн.

Қырға шығар дүркіреп,

Көктем басы-жауқазын.

Балалар: Өлең жолдарын мұқият тыңдайды.

Тәрбиеші:-Балалар,сендер қандай гүлдерді білесіңдер?

Гүлдердің аттарын атаңдаршы.

Балалар:Түймедақ,қызқалдақ,раушан,бәйшешек.

Сабақтың негізгі бөлігі:

Әңгімелеу.

Тәрбиеші: Балаларға көктем мезгілі шыға, күн жылына жер бетіне әдемі

гүлдер өсіп шығатынын айтады.

Бірақ гүлдерді үзіп алғаннан кейін олар өте ұзақ тұрмайтынын, сонда да

осы сұлулықты сақтауға, аналарымен жақындарына сыйлауға болатынын түсіндіреді. Гүлдерді қағаздан жасап, онымен ашық хатты безендіруге болатынын айтады.


Тәрбиеші:Балалар көктем мезгілінде қандай мерекелер болады?

Балалар:Аналар мерекесі болады. Тәрбиеші:Барлық ашық хаттар – мереке белгілері,олар арқылы мерекелік құттық- таулар жолданатынын түсіндіреді. Ашық хат алған адамның көңіл-күйі көтеріледі.Сондықтан бәріміз аналарымыздың,

әжелеріміздің, әпкелеріміздің мерекесіне арнап ашық хат жасайық.

Сөздік жұмыс: ашық хат, мереке.

Көптілділік компонент: ашық хат-открытка, мереке-праздник.

Балалар: Қайталайды.

Жұмыс барысы:

1.Түрлі түсті қағазға басып, қиылып алынған гүл күлтесін,сабағын қатыр-мақағазға ұқыптап орналастырады.

2.Бөліктерді ретімен жапсырады.

3.Ашық хатты шетіне жолақшалар жапсыру арқылы безендіреді.

Балалардың жұмыстарын қадағалап,бағыт-бағдар беріп отырады.



Рефлексия:

Тәрбиеші:-Балалардан ашық хатты кім үшін дайындағандарын сұрайды.

Балалар:- Анама, әжеме, әпкеме.

Тәрбиеші:- Жасалған апликацияларды талдап, баға береді.