СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен анамның көмекшісімін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Мен анамның көмекшісімін»

Үйірме жұмысы бойынша

Сабақ №5


Тақырыбы: «Шырша шамдарын жағамыз».

Мақсаты: Жаңа Жыл мерексі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту.

Міндеттері:

БМ: Мереке ерекшелігін сезіне білуді, шыршаны безендіре білуді үйрету.

ДМ: Ой –қиялды және шығармашылық амалдарын көрсету ниетін дамыту.

ТМ: Тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу

Жабдықтар:Түрлі түсті қағаздар,үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері,желім,сүрткіш.

Сөздік жұмыс: Шырша, шам. Көптілділік компонент: Жаңа жыл - новый год-new Year,шырша – ёлка-christmas tree.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші: - Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді білесіңер?

Балалар: -Қыс мезгілі.

-Жаңа жыл мерекесі.

Тәрбиеші: - Жаңа жыл мерекесінде не істейміз?

Балалар:- Шырша құрамыз

Сөздік жұмыс: шырша, шам.

Тәрбиеші: - Шыршаның түсі қандай болады?

Балалар: - Жасыл болады.

Көптілділік компонент: Жаңа жыл - новый год-new Year,шырша – ёлка-christmas tree.


Сабақтың негізгі бөлігі
Тәрбиеші: Олай болса, шыршамызды безендірейік.

Шыршаны немен безендірсек болады? Әрине, түрлі түсті дөңгелектермен.


Жұмысты орындаудың реті:

1.Фонға арналған парақты таңдау.

2.Параққа дайындап алынған шыршаны жапсыру.

3.Шыршаның ең жоғарғы жағына жұлдызша,төмендеу қызыл,сары, көк т.б. кішкене дөңгелектерді жапсырамыз.









Рефлексия:

Тәрбиеші:-Балалар, бүгін сендермен нені безендірдік?

-Сендерге жаңа жылдық шырша безендірген ұнады ма?

Балалар:-Шыршаны безендірдік,ұнады.

Балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырып мақтап, мадақтайды.
Балалар жұмыстарын тәрбиешімен бірге талдайды.