Просмотр содержимого документа
«Мен анамның көмекшісімін»
Үйірме жұмысы бойынша
Сабақ №6
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Балаларға дөңгелек пішінді фигуралардан образ жасауды үйрету.
Міндеттері:
БМ: Балаларға аққала туралы мағлұмат бере отырып, аққала жапсыруды үйрету
ДМ:Шеңбер қию дағдыларын,сондай- ақ тіке және қиғаш сызықтар бойынша қию амалдары дағдыларын дамыту.
ТМ: Жұмысты шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.
Жабдықтар: Аққала суреті, дайындалған үлгі,түрлі түсті қағаз,
қайшы,мақта,желім.
Сөздік жұмыс: Аққала,шеңбер.
Көптілділік компонент: Аққала-снеговик-snow,шеңбер-круг-a circle,қар-снег-snow.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жұмбақ жасыру: Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы. Қыста қардан тұрады, Танып көрші сен оны.
(Балалардың жауабы: Аққала)
Сабақтың негізгі бөлігі
Суретпен жұмыс.
Тәрбиеші: - Балалар, енді орындарыңа отырып, мына суретке қараңдаршы, далада қандай өзгерістер бар екен?
Балалар: - Далада қар жауып тұр, айнала аппақ қар.
Тәрбиеші:- Қыста қандай ойындар көбірек ұнайтынын сұрайды.
Балалар:- Сырғанақ тепкен,қармен ойнаған,аққала жасаған ұнайды.
Тәрбиеші: Шығармашылық жұмыстың тақырыбын хабарлай отырып, балалардан аққаланы қалай елестететіндерін сұрайды.
Балалар: Аққаланың құрылысы және жұмысты орындаудың реті туралы өз беттерімен баяндайды.
Қайталайды: Аққала-снеговик-snow,шеңбер-круг-a circle,қар-снег-snow.
Дидактикалық ойын: «Қате тап» Мақсаты:Аққаланың құрылысын бекіту,қисынмен ойлауды ,олармен байланыстарды орнатуды үйрету.
Балалар, енді сергіту сәтін орындап, сергіп алайық та жұмысқа кірісейік. Сергіту сәті:
Саусақтарым тұрыңдар,
Сапты бірге құрыңдар.
Желмен бірге майысып,
Оңға, солға бұрыңдар.
Жұмысты орындау реті:
1.Фонға арналған парақты таңдау.
2.Негізгі бөлшектерді қию.
3.Дайын дөңгелек пішіндерді параққа дұрыс қиыстырып қою.
4.Қалған бөлшектермен толықтыру.
5.Параққа бүкіл бөлшектер орналастырылған соң, желіммен жұмысты бастау
Рефлексия:
Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, жақсы жұмыс жасаған балаларды мақтап - мадақтау.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін сұрақ - жауап арқылы қорытындылау.