Просмотр содержимого документа
«Мен анамның көмекшісімін»
Үйірме жұмысы бойынша
Сабақ №8
Тақырыбы: Көлемді аппликация «Балапан»
Мақсаты: Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету.
Міндеттері:
БМ: «Балапан» жапсырып үйрету, жырту әдісін қолдана білуге үйрету.
ДМ: Балалардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық ойлауын дамыту балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту.
ТМ: Балаларды зерделікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Жабдықтар: Желім, қыл қалам, желім қоюға арналған ыдыс, таза шүберек, баспа қағаздары,балапанның суреті.
Сөздік жұмыс: Көгал, балапан, сары, мамық.
Көптілділік компонент: Көгалдағы балапан- цыпленок на лужайке.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жұмбақ жасыру:
Өзі сара, өзі мамық.
(Тауықтың баласы)
Сабақтың негізгі бөлігі:
Тәрбиеші: Балалар, бізге қонаққа балапан келді. Бәріміз балапанмен танысып, бір жылы сөз айтайық.
Балалар:Әркім өз аттарын айтып,балапанға сен қандай мамықсың т.б. жылы сөздер айтады.
Тәрбиеші:Біз көгалдағы балапандарға қонаққа барайық. Балапандар
көгалда, шөп, жем, жеп жүр. Олар қандай әдемі, мамық, оларды әрқашанда аялауымыз керек.
Көптілділік компонент: Көгалдағы балапан- цыпленок на лужайке.
Балалар:Қайталайды.
Тәрбиеші:Енді біз, қағаздың бетіне көгалдағы балапанды жапсырайық.
Жұмыс барысы:
1. Бірінші біз көк түсті қағазды кішкентай бөлшектерге бөлеміз. Ол бізде бұлт болады
2. Жасыл түсті қағазды кішкентай бөлшектерге бөлеміз Ол бізде шөп болады.
3. Сары түсті қағазды, кішкентай бөлшектерге бөлеміз балапанын денесін жасаймыз.
4. Бояу қарындаштармен көзін, және аяғын саламыз.
Рефлексия:
Тәрбиеші:Балалар бүгін бізге қонаққа не келді?
Балалар:Балапан келді. Тәрбиеші: Балапанның түсі қандай?
Балалар:Балапан сары түсті.
Тәрбиеші:Қайда саяхат жасадық?
Балалар:Көгалдағы балапандарға.
Тәрбиеші:Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Балалар:Алған әсерлерімен бөліседі.