СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен анамның көмекшісімін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Мен анамның көмекшісімін»

КОНСПЕКТ №5

Өткізген: Жакуова Б.Ж.

Өткізу мерзімі:12.01.2018ж.

Топтың жас ерекшелігі: №12 ортаңғы топ

Тақырыбы: Әңгіме «Абайлаңдар, тайғақ»

Мақсаты: Көктайғақ кезде жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері:

БМ:Қыс мезгілінде болатын қауіпті жағдайларды ескере отырып,қауіпсіздік мінез-құлық дағдысын қалыптастыру.

ДМ: Көшеде, балабақша ауласында сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту;

ТМ: Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу

Құрал-жабдықтар:

Сөздік жұмыс: қауіпсіздік,көктайғақ.

Қостілділік компонент: қауіпсіздік ережелері-правила безопастности,көктайғақ-гололед.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тәрбиеші:Допты бір балаға лақтырып, жылы лебізін білдіреді.

Балалар:Допты бір-біріне лақтырып жылы сөздерін арнайды.. Осылай кезекпен ойын жалғаса береді.

Сабақтың негізгі бөлігі:

Тосын сәт.

Қонаққа «Сақтаныш» келеді. Қолын таңып алған.

Сақтаныш: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым – Сақтаныш.Мен далада жүгіріп, қолымды жарақаттап алдым.

Тәрбиеші:Балалар,біз Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік. Ал сендер білесіңдер ме, қауіпсіздік деген не?

Балалар:Өз ойларын айтады.

Тәрбиеші: Иә, балалар,сендер әр уақытта әртүрлі жағдайларға тап болуларың мүмкін. Өмірде әр-түрлі қауіпті жағдайлар болып жатады.

Асығу қауіпті. Біз баратын жерімізге жүгірмей, жай жүрсек те жетеміз.

Сақтаныш та тайғақ жерде жүгіріп ойнап, қолын жарақаттап алыпты.

Сендер балабақшадағы қауіпсіздік ережелерін білесіңдер.

Сендермен үнемі қайталап, әр бір уақытта естеріңе салып отырамыз. Сол ережелерді Сақтанышқа айтып беріңдер, ол да біліп жүрсін.

Балалар: Ережелерді естеріне түсіріп, Сақтанышқа айтып береді:

-Көктайғақта асықпай жүру керек.

-Жолдан өткенде ұқыпты болу керек.

-Табаны бедерлі,жұмсақ аяқ киім кию керек.

-Құлап қалсаңыз қолыңызды зақымдап алмауға тырысыңыз.

Тәрбиеші: сөздіктерді оқиды: қауіпсіздік ережелері-правила безопастности,көктайғақ-гололед. Балалар: қайталайды:

Қимылды ойын: «Өз түсіңді тап»

Ойын шарты:Балалар үш-төрт жалаушалар алады.Біріншісі -жасыл,екіншісі-көк,үшіншісі-сары жалауша алады да 4-5 адамнан бөлменің бюұрыштарына топтасады.Әр бұрыштағы тұғырдың үстіне тәрбиеші әр түрлі жалауша қояды Тәрбиешінің: «Қыдыруға барыңдар»,-деген сигналы бойынша балалар топталып алаңды аралап кетеді.Өз түсіңді тап деген сигнал бойынша балалар өздеріне лайықты түстегі жалаушаға қарай жүгіреді.

Сақтаныш:Балалар, сендерге рақмет, мен бұл жерден көп нәрсені үйрендім, енді апайды, үлкендерді тыңдап, жақсы бала боламын деп уәде беремін. Сау болыңдар!

Рефлексия: Тәрбиеші: Сақтаныш қолын қалай жарақаттап алды?

Балалар: Ол далада жүгірді.

Тәрбиеші:Көктайғақ кезінде өзіңді қалай ұстай білу керек?

Балалар:Қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.