СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен анамның көмекшісімін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Мен анамның көмекшісімін»

КОНСПЕКТ №4

Өткізген: Жусамбаева Қ.М

Өткізу мерзімі: 15.12.2017ж.

Топтың жас ерекшелігі: №12 ортаңғы топ

Тақырыбы: «Көшеде,үйде бейтаныс адамдармен байланыс»

«Бөтен адамдарға есікті ашпа»

Мақсаты: Балаларды бейтаныс адамдарға есікті ашпау керек екенін үйрету.

Міндеттері:

БМ: Балаларды бейтаныс адамдарға есікті ашпау керек екенін үйрету, таныс дауыстарды ажыратуға үйрету. «Қасқыр мен жеті лақ» орыс ертегісін оқу.

ДМ: Байқағыштықтарын дамыту, сақтық әдеттерін қалыптастыру.

ТМ: Өзін-өзі сақтау сезімін тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар:

Сөздік жұмысы: бөтен адамдар

Қостілділік компонент: бөтен адамдар-чужие люди-strangers.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері:

Қол алысып, кәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрындар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарынмен бір жүру.

Қандай жақсы дос болу!

Балалар шеңбер жасап тұрып, өлең жолдарын қайталайды.

Сабақтың негізгі бөлігі:

Тәрбиеші: Балалар, біз сендермен «Қауіпсіздік мектебі» деген аялдамаға тоқтайық. Мен сендерге «Қауіпсіздік мектебінде» оқитын бала Салауат туралы қысқаша әңгімелеп берейін. Ол сендерге үйде және көшеде жалғыз қалған кезінде өзінді қалай ұстау керек жайлы үйретеді. Таңертең анасы дәріханаға жиналып жатып оған: сен уйде өзің жалғыз қала тұр, есікті ешкімге ашпа, далаға шықпа,деп тапсырады.Кішкентай Салауат төсек орнын жинап,шай ішкісі келеді. Ол ас бөлмесіне барып, газ плитаға келіп, оны жағуға тырысады. Осы кезде бала Салауат «Қауіпсіздік мектебінің» ережелерін есіне түсіреді: Қолына сірінке алма, өрт шығуы мүмкін. Бала Салауат сірінкені орнына қойып, шәйдің орнына сүт ішеді. Осы кезде біреу келіп есіктің қоңырауын соғады, бала Салауат есікті ашуға жүгіріп бара жатып, есіне анасының айтқан сөздерін түсіреді де, ақырын өз бөлмесіне кетеді.

-Салауат дұрыс жасады ма, сендер қалай ойлайсыңдар?

Балалар:Дұрыс жасады.

Тәрбиеші:Сендер үйде жалғыз болсаңдар,бөтен адамдар есік қақса ашасыңдар ма?

Балалар:Жоқ,ашпаймыз

Тәрбиеші:Көшеде бөтен,танымайтын адамдармен үлкендерсіз араласуға бола ма?

Балалар:Жоқ, болмайды.

Тәрбиеші:сөздікті үш тілде оқиды -бөтен адамдар-чужие люди-strangers.

Балалар:қайталайды.

Ертегі оқу. Балаларға «Қасқыр мен жеті лақ» орыс ертегісін оқып беру.

Рефлексия:

Тәрбиеші: Балалар,біз бүгін кімдер туралы әңгімелестік?

Балалар: Бөтен адамдар туралы.

Тәрбиеші: Сендер үйде жалғыз отырғанда, есікті біреу қақса ашасыңдар ма?

Балалар: Жоқ, ашпаймыз.

Тәрбиеші: Көшеде бейтаныс адамдармен жалғыз өзің араласуға болама?

Балалар: Болмайды .