СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен анамның көмекшісімін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Мен анамның көмекшісімін»

КОНСПЕКТ №1


Өткізген:Жусамбаева Қ.М.

Өткізу мерзімі: 22.09.2017ж

Топтың жас ерекшелігі: №12 ортаңғы топ.

Тақырыбы:«Қауіпті заттар әлемінде»

Мақсаты: Балалардың өмірде кездесетін қауіпті заттар туралы қарапайым білімдерін дамыту.

Міндеттері:

БМ:Балаларға өмірлеріне қауіпті үшкір, өткір заттардан, электр тоғынан,

тұрмыстық химиялық заттардан, дәрілік заттардан сақтану жолдары туралы мағлұмат беру.
ДМ:Белсенді сөздік қорларын дамыту.

ТМ: Қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар:дәрілік заттар, кір жуатын заттар, ұшы өткір заттар суреттері.

Сөздік жұмыс:қауіпті,өткір,дәрілік заттар.

Қостілділік компонент: балта-топор-ax,балға-молоток-a hammer,шеге-гвоздь-nail,сіріңке-спичка-match, дәрі-лекарство-medicine,қауіпті-опасный-dangerous,өткір-острый-acute.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі. Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрады, допты бір балаға лақтырып, жылы тілегін білдіреді.Балалар осылай кезекпен бір-біріне допты лақтырып жылы тілектерін білдіріеді.

Сабақтың негізгі бөлігі.

Тосын сәт.

Қонаққа «Сақтаныш» келеді.

- Салеметсіңдер ме, балалар! Менің атым – Сақтаныш.

Тәрбиеші: Сақтаныш жүгіріп жүріп аяғын ауыртып алыпты.Балалар, біз Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік.

Балалар,сендер әр уақытта әртүрлі жағдайларға тап болуларың мүмкін.Бүгін біз, егер сондай жағдайларға ұшырасаңдар, одан қалай шығуға болатын жағдайларды қарастырамыз.

Өмірде қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін?

Әртүрлі жағдаяттарды шеш.

Тәрбиеші: Көз алдарыңа елестетіңдер, сендер үйде жалғыз отырсыңдар. Танымайтын бір адам есікті қағып, ашуды өтінді. -Сендер не айтасыңдар?

Сақтаныш: Апай, мен айтайыншы,төсектің астына тығылып қаламын.

Тәрбиеші: Балалар, Сақтаныштың жауабы дұрыс па?

Балалар: Жоқ,дұрыс емес Балалар: Анам үйде жоқ, қазір келеді,Үндемей отырамын.

Тәрбиеші: Сендер үйде отырғанда, кенет өрт шықты, іс – әрекеттерің қандай болады?

Балалар:Телефонмен 101нөміріне хабарласып, үйдің мекенжайын, нөмірін толық хабарлау керек.Балалар ойыншық телефоннан 101 нөмірін қалай теру керек екенін көрсетеді

Суретпен жұмыс.

Тәрбиеші:Суреттерде тұрғандарындай, барлық жерде әртүрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін.

Балалар: суреттердегі жағдайларды әңгімелейді.

-Оттан өрт шығуы мүмкін.

-Қатты жүгірсең, құлайсын.

-Сынған әйнекке аяғыңды жаралап аласың.

Тәрбиеші: Үстел үстіне құрал –саймандарды: балта, балға, шеге, қайшы, сіріңке т.б. қояды және олардың атауларын үш тілде қайталатады: -балта-топор-ax,балға-молоток-a hammer,шеге-гвоздь-nail,сіріңке-спичка-match, дәрі-лекарство-medicine,қауіпті-опасный-dangerous,өткір-острый-acute.

Балалар: Қайталайды

Ойын: «Жақсы -жаман»

Ойын шарты: құрал –саймандардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айту

Тәрбиеші: Құрал –саймандардың не үшін, қалай пайдаланылатынын түсіндіреді.Құрал –саймандардың пайдалы жағын және қауіпті жағын айтады.

-Балға жақсы,онымен шеге қағады. Қолды ұрып алғанда жаман.

-Балта жақсы,онымен отын жарады. Балта жаман, оқысқа қолынды шауып алуың мұмкін.

Шеге жақсы, онымен екі затты біріктіреді, шеге жаман, абай болмасаң, денені жарақаттайды.

-Қайшы жақсы, керек бұйымды қияды, қайшы жаман дұрыс қолданбасан , қолыңды, көзіңді жарақаттауың мұмкін.

-Сіріңке жақсы, онымен от тұтатамыз, жаман – өрт шығуы мүмкін.

Құрал – саймандарды ұқыпты пайдалану керек.

Тәрбиеші:Балалар, бұл ережелерді тек балабақшада сақтау керек пе?

Балалар:Барлық жерлерде.

Сақтаныш: балаларға рахмет айтып, қоштасады.

Рефлексия:

Тәрбиеші:Балалар,біз бүгін не туралы әңгімеледік?

Балалар:Қауіпті заттар туралы.

Тәрбиеші:Сендер қандай заттардан аулақ болуларың керек?

Балалар:Шырпы, үшкір заттар,дәрілік заттардан.

Тәрбиеші:Жақсы,осыны әрқашан ойдан шығармаңдар.