СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен - Патриотпын!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өз елін сүюге тәрбиелеу

Просмотр содержимого документа
«Мен - Патриотпын!»

1-қыркүйек Білім күніне арналған тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мен – Патриотпын!»

Мақсаты:

– Оқушыларды Ұлы дала елін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз  елінің  тарихын білуге , бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған  еліне,  жеріне   деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
– Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап,  мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
– Оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Елбасы суреті, білім күніне плакаттар, шарлар, қанатты сөздер

Барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлім

  – Cәлеметсізер ме, оқушылар! 1- Қыркүйек Білім күні құтты болсын!

Аспаны ашық еліміздің,

Көркі сұлу жеріміздің,

Біз-бақытты баламыз!

Ақпыз,қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

  1. Негізгі бөлім

Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Ажар: Отаным менің - Қазақстан,

Ыстық қой сенің топырағың.

Орманың, көлің, бау-бағың,

Қастерлеген қазағым.


Әсет: Отаным менің Қазақстан

Қарызбын саған әрқашан

Азаматтық борышты

Өтеуге мәңгі талпынам.

Бексұлтан: Отаным менің Қазақстан

Атыңнан сенің айналам

Бас иіп саған өтемін

Жасай бер жаса Қазақстан.

Биыл 2018 жылы елімізде айтулы оқиғалар болып өтті. Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы, Бұқар жырау бабамыздың 350 жылдық мерейтойларын атап өттік.
Әділет: Әрбір қазақ батыры,

Желбіреткен көк туын.

Аман болсын ел - жұртым,

Тыныш болсын Отаным.


Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Жыл басындағы елбасымыздың халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.

Ернұр: Кең жазық Отан мекенім,

Сен де өсіп көктедім

Сені қорғау парызым,

Мұны біліп өтемін.


Дильназ: Желбіреген аспан түсті байрағы,

Батыр елмін барыс сынды айбары.

Мен қазақпын деп айтуға мақтанам,

Ынтымақты бұзылмаған қаймағы.

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.

1 топ «Отаншыл»

2 топ «Намысшыл»

3 топ «Білімді»

  1. Ой шақыру:

  • Отан дегеніміз не? Әр топ өз пікірлерін білдіреді.

  • Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?



  1. Мағынаны таңдау:

Үш топқа шар беріледі. Оқушылар берілген шарға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.

Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

  1. Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары:

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен

  5. Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

  6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

  7. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

  8. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

  9. Конституция күні? – (30 тамыз)

  10. Облысымыздан шығатын газет? –(Орталық Қазақстан)

  11. ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?

  12. Биыл Елордамыз Астанаға неше жыл толды?



Аспандияр: Отаным менің Қазақстан

Мәңгілік сенімен мақтанам

Саяңда жүрсем әрдайым

Күлімдеп жүрем бақ табам.


Айназ: Отан! Отан!

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.


Ақниет: Жайдарлы жазира жерім бар

Көгілдір толқын көлім бар

Патриоттыққа баулитын

Егемен Тәуелсіз елім бар!

  1. Постер қорғау «Патриот деген ол ….»

Үш топ «Патриот» деген сөзге анықтама беру керек.

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру
    Айғаным: Туған елім – гүл елім,
    Қасиетіңді білемін.
    Өзіңе деп жүремін –
    Лүпілдеген жүрегім!


  1. Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

Ағаш – адамның күн көрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

– Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.   Мысалы: әдемі үй салу…).

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)



  1. Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті ұстап тілек айтып, келесі балаға беру керек.   (Жіп мұғалімге келеді.)

– Бізбен жіп не істеді?

– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.