СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мен - патриотпын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Мен - патриотпын».                                           

Мақсаты:     

1) Білімділік: Оқушыларды Отанды сүюге құрметтеп қастерлеуге , өз елін,тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.                      

 2) Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.                                                                      

   3) Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық, эстетикалық адамгершілік тәрбие беру, өз ой пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

 

Просмотр содержимого документа
«"Мен - патриотпын"»

Каденова А.А

бастауыш сынып муғалімі

Астана қаласы №56мектеп-лицейі


Тақырыбы: «Мен - патриотпын».

Мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларды Отанды сүюге құрметтеп қастерлеуге , өз елін,тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

2) Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық, эстетикалық адамгершілік тәрбие беру, өз ой пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Қазақ елінің рәміздері, Қазақстан картасы, глобус, сөзжұмбақ, сұрақтар, шарлар.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:Сәлеметсіңдерме балалар!

-Рухани жаңғыру дегеніміз не?

-Рухани жаңғыру дегеніміз өз тіліңді құрметтей отырып,өзге тілді меңгеру

-Рухани жаңғыру – ол ұлттық мәдениетмізді сақтай отырып жаңаша бағытқа бет бұру.

- Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі , одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Сондықтан еліміз мықты, жауапкершілігі жоғары ұлт болу үшін өз көзқарасымды ортаға салуды жөн көрдік. Біз дамыған алдыңғы қатары ел олу үшін тілімізді ,дінімізді, руани дәстүрімізді, мәдениетімізді дамыту керек. Ол үшін біз өз еліміздің патриоты болуымыз керек.

- Олай болса, «Мен патриотпын» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

- Жыр ғұмыр, жан азығым, Әнұраным,Мен сені естімесем сағынамын.Алтынға айырбастамас ата-анамдай,Туғалы сенсің менің танығаным

(әнұран айтылады)

  • Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан- сенің туған елің, туған жерің, дос-жараңдарың, туған туысқаның.

  • Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.

  • Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендердің анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.

  • Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз Қазақстанның патриотымыз! Патриот деген грек сөзінің «патрис» - Отан , Атамекен сөздерінен алынған.

  • Патриот болу үшін адам өз елінің тарихын жақсы білу керек. Менің сұрақтарыма кім жауап береді екен?

Сұрақтар:

  • Тәуелсіздігімізге неше жыл? (26 жыл)

  • Тәуелсіздігімізді қай жылы қабылдады? (1991 жылы 16 желтоқсанда)

  • ҚР рәміздерге нелер жатады? Авторлары кім? (ту,әнұран, елтаңба), Ш.Ниязбеков, Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов)

  • Ең алғаш қазақ мектебін ашқан кім?

  • Ассамблея туралы не білеміз?

  • 1995 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті жанынан консултативті-кеңестік орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

  • Неше жыл болған екен Ассамблеяның құрылғанына?

  • 22 жыл.

  • Патриот болу үшін елінің спорт қырандарын жақсы білу керек.

  • Суда жүзгіш

  • Ольга Рыпакова қай спорт түріне қатысады?

  • Танымал боксшыларымыз.

  • Балалар, сендер Қазақстанның қандай жетістіктерін айтып мақтана алар едіңдер?

  • ЭКСПО туралы не айта аласыңдар?

Өзіміздің әнұранымыз, Туымыз, Елтаңбамыз, ұлттық валютамыз бар. Міне, біздің тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл. Осы азғантай уақыттың ішінде елімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Биыл ЭКСПО көрмесі де өтіп жатыр. Біздің сыныбымыздан да барған балалар бар екен. (слайд көрсету)

Өлең оқиды: Үш бақытым

Ең бірінші бақытым - Халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің


Ал екінші бақытым – Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім


Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен

Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Ұнаса, несімен ұнады? Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер? Қандай жаңа сабақ алдыңдар өздеріңе? Сен өз елінің патриоты болу үшін қандай үлес қоса алар едің? Ақ күмбез үйлері зәулім дейді, Қазақстан көркейіп дәуірлейді. Елімнің сәулеті, сәні осында, Арманым, үмітім бәрі осында – деп

Б – білімімді арнайтын

О – отанымды қорғайтын

Л – лаңкестікті даттайтын

А – адалдықты жақтайтын

Ш – шуағымды шашатын

А – асулардан асатын

Ғ – ғарыш сырын меңгерген

Ы – ынтымақты тең көрген

М – менмендікті жек көрген


Қ – Қазақстанға қызмет ететін

А – арманына жететін

З – заңды жақсы білетін

А – алға қарай жүретін

Қ – қайырымды елімнің

С – салтанатты жерімнің

Т – толықтырам сенімін

А – абыройын,жігерін

Н – намысын қолдан бермейтін

Бәрі: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің!

Ән: «Атамекен»


Қорытынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж.Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, -деген екен. Сондықтан халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай ғана сақтап қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол.

- Балалар біз де алдыңғы буын ағаларымыз сияқты өскенде Қазақстан еліне аянбай қызмет ете аламыз ба?

- Біз сендер өз елдеріңнің нағыз патриоттары болатындарыңызға сенеміз!

- Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!