СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің алғашқы ойыным

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?

А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау

В) Компьютерді Power  батырмасын басу арқылы өшіру

С) Пернелерді ақырын басу

D) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу

2. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не істеу керек?

А)Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10-15 минут сайын жасап отыру

В)Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу

С)Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау

D) Арасында мониторды өшіріп отыру

3. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

А)Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру

В)Компьютерді ажырату батырмасын басу

С)Тұрып, кабинеттен шығу

D) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету

4. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?

А) Сезу және көрудің

В) Иіскеу мен естудің

С) Есту мен көрудің

D) Көру және дәмін тату арқылы

5. Ақпараттты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

А)Қағазды

В)Дискіні

С)Тасты

D) Суды

6. Адам үшін ұялы телефон – ол:

А)Ақпарат көзі

В)Ақпарат қабылдаушы

С)Ақпаратты өңдеу құралы

D) Байланыс құралы

7. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:

А)Бит

В)Байт

С)1

D) Әріп

8. Бір байт – ол:

А)10 бит

В)16 бит

С)8 бит

D) 4 бит

9. 1 Кбайт – ол:              

А)100 бит

В)1000 байт

С)1024 байт

D) 1500 байт

10. 1 Мбайт – ол:

А)100 Кбайт

В)1000 байт

С)1024 Кбайт

D) 1500 Гбайт

11. Мәтін тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады?

А)Бос орын (пробел)

В)Alt

С)Tab

D) Ctrl

12.  Enter пернесі не үшін керек?

А)Енгізу

В)Курсорды жылжыту

С)Қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыру

D) Бас әріптер режимін алмастыру

13. Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т.б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы:

А)Сканер

В)Принтер

С)Монитор

D) Пернетақта

14. Төменде көрсетілгендердің қайсысы компьютердің шығару құрылғысы?                                              

А)Сканер

В)Пернетақта

С)Тышқан

D) Принтер

15. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?

А)Монитор

В)Колонкалар

С)Сканер

D) Микрофон

16. Артығын көрсетіңдер:

А)Сканер

В)Тышқан

С)Пернетақта

D) Процессор

17. Операциялық жүйелер қандай программалық өнімдердің құрамына кіреді?

А) Қолданбалы программалық жабдықтаманың

В) Жүйелік программалық жабдықтаманың

С) Дерек қорларын басқару жүйесінің

D) Программалау жүйелерінің

 

-

18.         Мына батырма – қандай қызмет атқарады?

А) Программамен жұмысты аяқтайды

В) Терезенің мөлшерін азайтады

С) Терезені толық экранға жаяды

D)  Терезені жиырады

19. Мына батырма □ қандай қызмет атқарады?

А) Программамен жұмысты аяқтайды

В) Терезенің мөлшерін азайтады

С) Терезені толық экранға жаяды

D)  Терезені жиырады

20. Мына батырма х қандай қызмет атқарады?                       

А) Программамен жұмысты аяқтайды

В) Терезенің мөлшерін азайтады

С) Терезені толық экранға жаяды

D)  Терезені жиырады

Просмотр содержимого документа
«Менің алғашқы ойыным»

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).

Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға арналған оқығанын пайдалану бағаланады.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.









Оқу жоспары:

Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды.

Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің/бөлімшенің/тақырыптың аясына қажетті оқу мақсатын қамтиды.

Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:

- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;

- сабақ мақсаттарын анық тұжырымдау (S.M.A.R.T. қағидасы бойынша), яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;

- орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;

- мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.







Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

2-сыныпта –аптасына 4 сағат, оқу жылына 136сағат;

3, 4-сыныптарда – аптасына 5 сағат, оқу жылына 170 сағат.



Бастауыш білім беру мақсаты  — келесі негізгі кең ауқымды дағдыларға:

  • білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;

  • сыни ойлау;

  • зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану;

  • әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану;

  • топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;

проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауға ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру.

Педагогикалық әдіс-тәсілдер

  • құндылықты-бағдарланған;

  • әрекетті;

  • тұлғалық-бағдарланған;

  • кіріктірілмелі;

  • коммуникативті

әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.

Интербелсенді әдіс

Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.

Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.

Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу

  • өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi

  • шешендiк өнерiн жетiлдiредi

  • танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын)

  • сыни ойлау дағдыларын дамытады

  • өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады

Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.

Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

  • терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

  • — өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

  • — ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;

  • — өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

  • — пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

  • — шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:

  • бірлескен жұмыс;

  • — танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.

Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері:

  • — бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),

  • — рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,

  • — ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,

  • құжаттар, мұражай т.б.)

  • — презентациялар,

  • — тренингтер,

  • — интервью,

  • — сауалнама т.б.

Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді  есте сақтау қажет:

  • Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.

  • Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды  белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру.

  • Үшінші ереже.Кабинет  талапқа сай болуы қажет .

  • Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.

  • Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.

  • Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау .

Интерактивтік әдістеме өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістемелік амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі саналады. Оқу процесінің барысында мынадай  қарым – қатынасқа түседі:

  • Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап  берген кезде);

  • Өзге балалармен  (қосақталып жұмыс істеу барысында)

  • Шағын топтармен (3-5 баламен);

  • Балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);

  • Балалардың  тобымен және халықпен (топ  әлеуметтік  сауалнама жүргізеді);

  • Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютермен);





«Маршрут» ойыны.

Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.

Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз т.б.

«Екі әріп» ойыны.

Бірінші қатысушы бір сөз, зат есімді айтады. Келесі қатысушы сол сөздің соңғы екі әрпінен келетін сөзді ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз сөзімен түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын түсінеді де, сол сөздің соңғы екі әрпіне сөз ойлап табады. Бір қызығы балалар сөзді жасырушының не туралы айтып жатқанын біледі, бірақ ешкім оны дауыстап айтуына болмайды.

«Еске түсіру» ойыны.

Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер  қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.

«Екі ассоциация» ойыны. Екі баған сызады да, оған төрт сөзден жазады.  Бағанға кез келген адам, жануар, заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға мысық, екіншісіне жарық деп  жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа жылынған мысық», «лампочка спиралы мысық мұртына ұқсайды», «лампочка сияқты» мысық томпақ және жылы», «мысықтың басы лампочка сияқты» т.б. ерекше ұқсастықтар табады.  Орындауға 5 минут уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация таңдалады.

«Қара жәшік» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Стол үстіне екі жәшік қойып, ішіне көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш,  айна т.б. заттарды салады. Ойыншының міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ оларды жасырып отырған затын айтқан сөздеріне қарап табуы керек.

«Дұрыс-дұрыс емес» ойыны. Ойынға қатысушыларды екі топқа бөледі. Оларды бір-біріне қарама-қарсы отырғызған дұрыс.  Ортаға бос екі орындық қояды.  Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді  білдіреді. Мұғалім немесе бір оқушы қағазда жазылған ой-тұжырымды оқиды: Ы.Алтынсарин – алғаш мектеп ашушылардың бірі». Бұл тұжырымды дұрыс деп санаса, олар тез барып «дұрыс» орындығына отыруы тиіс.   «Дұрыс емес» деп санаса, соған сәйкес белгіленген орындыққа отырады. Қайсысы бірінші барып отырса және жауапты дұрыс тапса, сол жеңімпаз болады.

         «Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші  топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.

«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді.  Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады

         «Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер  қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.

Жаңартылған  білім бағдарламасының   мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді  жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді.

Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

“Автор орындығы”
оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

«Миға шабуыл» стратегиясы

(Мұғалімдермен жұмыс)

Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз.

Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”

3 таяқша” әдісі

(мұғалімдермен жұмыс)

Берілген тақырыпқа байланысты 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идеяны әр топ даярлап, көпшілікке салады.

Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”

«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен жұмыс)

Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 — сұрақ. Семинарға не үшін келдіңіз? Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.

«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?

Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.

«Он сұрақ!» әдісі.

(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру)
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

«Серпілген сауал» әдісі

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.

«Сұрақтар жаңбыры»

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы:  оқушылар  топтарға өз еркімен, қалауымен  бөлінеді.  Әр  топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне  лақтырады. Алған сұрақтарына  жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.

«Детектив» әдісі

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты:  оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы: Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Екі топқа да шытырман оқиғалы мәтін шағын бөліктерге бөлініп, қима қағаздарға жазылып  беріледі. Олар 15 минут  ішінде осы мәтіндегі шытырман оқиғаның шешімін табуы тиіс. Әр топ өз шешімдерін айтады. Қандай тәсілмен анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.

«Коллаж әңгіме» әдісі

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын  дамыту.

Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.

«Менің сөзім» әдісі

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін  бағалау.

Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң,  басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып,  сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен  қатысады.

«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Сипаттамасы: оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ  оқылған әңгімені немесе мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын)  айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.

«Суретті әңгімеле» әдісі

Ұйымдастыру: барлық сыныппен, жұппен жұмыс.

Мақсаты: бір бөлігі берілген сурет бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаның басын және соңын болжату арқылы тапқызу.

Қажетті материалдар: сериялы суреттер

Сипаттамасы: оқушыларға сурет көрсетіліп, әңгімелетіледі. Қажет болған жағдайда  әңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады.  Сурет әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады. Оқушылардың өз әңгімелері тыңдалғаннан  кейін әңгіменің толық нұсқасы оқып беріледі.

Оқушылар өздері құраған әңгіме  мен әңгіменің шынайы сюжетін салыстырады. Оқушыларға әңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады.

«Неге? Неге? Неге?» әдісі

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту.

Сипаттамасы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да  осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың  түйінді тұстарымен ой бөліседі.

«Әңгімеге негізделген жазу»

Ұйымдастыру: топпен/жұппен жұмыс

Мақсаты: әңгіме желісі бойынша орындалған жұмысты  топтарда немесе жұптарда талқылай отырып жазу; әңгіме туралы өз ойларын ортаға салу және пікір алмасу.

Қажетті материалдар: ақ парақтар, қалам

Сипаттамасы: берілген  әңгіме бойынша шақыру қағазын, хат, ашықхат, электрондық хат, күнделік жаздыру үшін оқушылар шағын топтарға немесе жұптарға бөлінеді. Оқушылар берілген жұмыс түрлерінің бірін  таңдайды немесе  жеребе арқылы анықталады. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады. Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікіралмасады. Жазып  біткеннен кейін олар өз жұмыстары төңірегінде ой  бөліседі.

  1. Шақыру қағазы

Оқушылар мазмұны кеш, туған күн  немесе басқа да мерекелер туралы айтылған әңгімені тыңдағаннан кейін шақыру қағазын жазады.

  1. Хат

Оқушылар әңгіме кейіпкерінің  атынан хат жазады.

  1. Ашықхат

Оқушылар әңгіменің кейіпкерінің атынан кейіпкердің ата-анасына хат жазады.

  1. e-mail

Оқушылар әңгіменің бір кейіпкеріне электрондық хат жазады.

«Қол белгісі»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын  және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды.

Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.

«Бағдаршам»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес  карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар  барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.











КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

Бағалау –одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ау­ызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жа­тады. (Александер, 2001)

Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.

Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.

Критерийлік бағалаудың міндеттері:

  • Оқу үдерісінің әр кезеңінде әр оқушының дайындығы деңгейін анықтау;

  • оқу бағдарламаларына сәйкес оқушылармен қысқа мерзімді мақсаттар мен оқыту нәтижелеріне жетуін талдаңдар;

  • оқушының дамуының жеке траекториясын түзету мен жеке озуының мониторингі;

  • оқу бағдарламаларын меңгеруде, оқушылардың бар кедергілерді жоюына себепші;

  • іс-әрекеттің әр түрін орындау үшін алынған бағаның мәнін дифференциациялау;

  • оқу бағдарламалары тиімділігінің мониторингі;

  • оқу үдерісі мен оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.

Бағалаудың мәні

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды.

Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:

• қадағалау;

• алынған мәліметтердің интерпретациясы;

• бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.

Мұғалімнің бағалаудағы ролі:

Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;


Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;

Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;

Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.

Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары:

1. Оқыту мақсатымен бөлісу.

2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.

3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.

4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.

5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.

6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.



КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР


Аталған құжатта төмендегідей терминдер қолданылады:

Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.

Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.

Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.

Білім алушы портфолиосы – пән бойынша оқу жылына білім алушының оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл.

Білім алушының оқу жетістігінің деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.

Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама.

Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.

Жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар жұмысы.

Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.

Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.

Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.

Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.

Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.

Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.

Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.

Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.

Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.

Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.

Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)


Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сәйкес жүзеге асырылады:

Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.

Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.

Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.

Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.


Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау

Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияны өткізу үшін параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің ішінен комиссия құрылады. Олар белгілі бір пән бойынша балл қою кестесіне қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету үшін алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады.

Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.







ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕХНИКАЛАРЫ



«Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау» деген ұғымынан туындайды. Джон Дьюи рефлексиялық ойлауды былай сипаттайды: «Қандай да болмасын бір пікірді не білімнің ықтимал көрінісін олардың негіздерін ескере отырып белсенді түрде, толассыз және мұқият қарастыру, осының салдарынан туындаған қорытындаларды талдау» (Дж.Дьюи, 1997, 15). 

Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды.

Жалпылама алғанда, рефлексияның қадамдары мынандай болуы ықтимал:

1) Аялдама жасау (тоқтау);

2) Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау;

3) Өзгерістер енгізу;

4) Болашақты жоспарлау.

Рефлексия сыни ойлау арқылы жүзеге асырылады, өйткені мұнда дайын жауап жоқ, оны іздеу керек, іздену қажет, жобалау мен жоспарлау керек, болжам жасап, жаңалық ашу қажет. Рефлексия күмәндану мен терең ойлануды қажет етеді, мұнда өз әрекеттеріңді, ойларыңды, ұстанымдарыңды жан-жақты қарастыру керек, өзіңе өзің толассыз түрде сұрақтар қойып, оларға жауап табуға ұмтылу. Бұл туралы Дж.Дьюи «Егер пайла болған ой лезде қабылданатын болса, онда алдымызда сыни ойлау емес, мұнда рефлексия minimum түрінде болады» деп айтқан да, әрі қарай рефлексияны «затты жан-жақты зерделеу, ойлану, ойды дамытатын және оны не құптайтын, не жоққа шығаратын қосымша деректер мен жаңа жәйттерді іздестіру» (Дж.Дьюи, 1997, 22) деп атайды.

Рефлексия – өзіндік тәжірибе, өзін-өзі тану мен өздігімен үйрену туралы ойлану. Ол білім алушыларға өзінің үйрену әрекеттері мен амалдарын айқындау мен нақтылау, үйренудің мақсат-міндеттерін тұжырымдау, үйрену нәтижелерін сараптап, ой елегінен өткізу мүмкіндіктерін береді.
Сонымен рефлексияда адам әрекеттерін бір мезетке тоқтатып, жан-жағына байыппен қарап, өзіне мынандай сұрақтар қояды: «Мен кіммін? Қандаймын? Не істеп жатырмын? Осы әрекеттерімнің мақсаты қандай? Мен қалай әрекеттенудемін? Бұл маған не береді? Мен мұны қалай қолданамын? Маған мұны қалайша өзгертуге болады? Енді не істеймін?» Бұл сауалдарға ол өз алдында бүкпесіз шындық тұрғысынан адал түрде жауап береді, басқа да сұрақтарды туындатып, оларға да жауап іздейді. Адамның өзімен өзі жасаған диалогы осылайша жалғаса береді, тіпті үздіксіз сипат алады.
Осыған байланысты үйрену адамның өзінің жасаған әрекеттерін есіне түсіріп, оларды нақты айқындағанда ғана іске асырылады (мән-мағынасы, қиындықтары мен оларды шешу жолдары, түрлері, құралдары, нәтижесі, т.б.), яғни рефлексия арқылы әрекеттердің реті мен мазмұны қарастырылып (адам әр қадамын өлшеп-пішіп алады), проблема шешіледі де адам осындай тұжырымдау арқылы өзіндік пікір мен ұғым қалыптастырады. Үйрену – рефлексияның нәтижесі.



Өзін-өзі бағалау тәсілдері:

    1. Түсті жолақтар:



Мен оны жасай аламын және әрі қарай қадам жасаймын. Сабақтағы тапсырмаларды орындадым, тақырыпты түсіндім.

Мен бұл жұмыс түрін әлі меңгерген жоқпын, әрі қарай орындай алмаймын. Маған барлығы түсінікті емес, өз жұмысымда қателіктер бар, маған көмек қажет.

Жеке өзім жұмыс орындай алмаймын. Мен тақырыпты түсінген жоқпын, тапсырманы орындай алмаймын, маған жедел көмек қажет!

    1. Табыс жолы

    1. «Табыс баспалдағы»

Оқу материалын игеру барысында білім алушы өзінің қай баспалдақта екендігін өзі анықтайды



    1. Бағдаршам оқушыларда үш түсті карточка болады. (қызыл,сары жасыл) Мұғалім қойған сұраққа жауап беруде, тапсырманы орындауда, оқушылар өз жұмысын бағалайды. Олар қызыл, жасыл, сары карточкаларды көрсету арқылы, берілген тапсырманы қандай деңгейде орындағанын хабарлайды.



    1. « Рефлексиялық нысана» техникасы

Т ақтаға нысананың суреті салынады, ол екі секторға бөлінеді. Сектордың әрқайсысына параметрлер-қалыптасқан әрекеттің рефлексия мәселелері жазылады. Мысалы, мазмұнын бағалау, сабақты өткізу нысандары мен әдістерін бағалау, педагогтің қызметін бағалау, өз әрекетін бағалау. Қатысушы нәтижені бағалауға сәйкес секторларға белгі қояды: нысана орталығына жақын болса, баға ондыққа жақын, нысана шеттерінде баға нөлге тең. Кейін оған қысқаша талдау жүргізеді

    1. Табыс ағашы - оқушы, ағаштың түрлі түсті жапырақтары арқылы, өтілген тақырып бойынша өз білім деңгейін анықтайды.







    1. «Аралдар» әдісі

Үлкен қағаз парағына эмоциялық «аралдардың» бейнесі бар карта салынады: Қуаныш а., Мұң а., Түсінбестік а., Үрей а., Күту а., Сергектік а., Шабыттану а., Сүйсіну а., Ляззат а., Бермуд үшбұрышы және т.б.

Аралдар картасы тақтаға (қабырғаға) ілінеді және оқушылар картаға шығып, картаның тиісті ауданына сабақтан кейін немесе күннің соңында және апта соңында ішкі, эмоциялық-сезімдік жай-күйін көрсететін өз қайығын маркермен (фломастермен) салады немесе бекітеді.



    1. «Шынығу» әдісі



Белгілі қозғалыстарды орындау арқылы рефлексиялық баға беруді ұсынамыз. Келесі қозғалыстар ұсынылуы мүмкін:

- Жүресінен отыру – өте төмен баға, келеңсіз көзқарас;

- Аяғын тізесіне біршама бүгіп отыру, - жоғары емес баға, немқұрайлы көзқарас;

- Әдеттегі тұрған бағыты, жым болып тұру – қанағаттанарлық баға, қалыпты көзқарас;

- Қолын шынтағымен көтеру – жақсы баға, оң көзқарас;

- Қолын жоғары көтеріп, алақанын соғып, аяқтың ұшымен тұру – өте жоғары баға, масаттанған көзқарас.

9. «Қосу-алу-қызықты» әдісі

Осы жаттығуды уақыттың болуына байланысты ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Қ» бағанына – «қосу» - сабақта ұнағанның барлығы жазылады, жағымды эмоция тудырған немесе оқушының пікірі бойынша оған қандай да бір мақсатқа жету үшін пайдалы болған ақпарат және жұмыс нысандары. «А» бағанына – «алу» – сабақта ұнамағанның барлығы, жалықтырғыш көрінген, жақтырмаған, түсініксіз болған немесе оқушының пікірі бойынша оған қажетсіз, пайдасыз болып көрінген ақпарат жазылады. «Қыз» бағанына – «қызықты» – оқушылар сабақта солар туралы білген барлық қызықты фактілерді, осы проблема бойынша тағы нені білгісі келетінін, мұғалімге қоятын сұрақтарын жазады.

Қосу

Алу

Қызықты




10.«Сауалнама» әдісі

Мектеп оқушыларына шағын сауалнама ұсынылады, оны сабақтың қандай элементтеріне ерекше назар аударылуына байланысты өзгертуге, толықтыруға болады. Білім алушылардан өз жауабын дәлелдеуді сұрауға болады.

1. Сабақта мен … жұмыс істедім

2. Мен сабақта өз жұмысыма…

3. Сабақ маған …көрінді

4. Сабақта мен…

5. Менің көңіл-күйім…

6. Сабақ материалы маған…

7. Үй тапсырмасы маған … көрінеді

Белсенді/енжар

Ризамын/риза емеспін

Қысқа/ұзақ

Шаршаған жоқпын/шаршадым

Жақсы болды/нашарлады

Түсінікті/түсініксіз

Пайдалы/пайдасыз

Қызықты/зеріктіретін

Жеңіл/қиын

Қызықты/қызықсыз

11. «Өзін-өзі бағалау парағы»

12. Парталас көршіңе 1 пікір таңдаңыз:

  • Жарайсың!

  • Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын.

  • Сен одан да жақсырақ жұмыс істей алар едің.

    1. «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»  

Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалады.

    1. «Көңіл-күй таразысы»



Сол жақта суретте - бұлыңғыр күн, бұлт, жаңбыр.

Оң жақта күннің көзі, бұлтсыз аспан. Көңіл-күйдің «күнді» немесе «жауынды» болуына байланысты, таразы аяқтары күннің соңында солға немесе оңға ауытқиды. Бұл ретте, төменде, олар соған дейін ауытқыған секторда маятник, саны мен себебі белгіленеді.



    1. «Чемодан, еттартқыш, себет»



Өзара бағалау дегеніміз не?

Өзара бағалау - бұл бірлескен жұмыс, ұжымдық шығармашылық, жұппен жұмыс істеуі және бірлесе проблеманы шеше отырып, бір шешімге келу. Ынтымақтастық барысында, оқушылардың бойында қарым-қатынас жасау, проблеманы шешу және талдау дағдылары дамиды.

1сынып оқушылары үшін өзара бағалау бір-біріне тиімді кері байланыс бере отырып:

  • Бір-бірін қолдауға ;

  • Бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, талдауға, түсіндіруге, сұрақ қоюға;

  • жеке жұмыс жасау мүмкіндігінен тыс шыққан кезде қолдануға;

  • Өзара бағалау дағдысының дамуы, оқушылардың бір-бірін көмектесуіне, жауапкершілікке, өз дамуына жауапты болуына мүмкіндік береді.